С.Ш. МҰСАТАЕВ
1
, И.А. ҚАЛИЕВ
2
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қ.
1
,
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Павлодар қ., Қазақстан Республикасы
2
ЭТНОСАЯСАТ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫНЫҢ «НҰРЛЫ ЖОЛЫ»
Мақалада зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып ұлт, этнос, халық, этникалық топ, диаспора,
ұлыс сияқты ұғымдарға, сондай-ақ, этносаяси қауымдастық, ұлттық мүдде туралы тұжырымдамалар
саясаттанулық тұрғыда талданады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың
«Нұрлы Жол –
болашаққа бастар жол
»
атты жаңа жолдауында көтеріліп отырған мақсат-міндеттерді жүзеге асырудағы ұлттық бірліктің
маңызы сараланады
. Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық дамудың басты шарттары
ретінде қарастырылады. Жұмыста стратегиялық маңызы бар жоспарларды жүзеге асыру мен ұлттық
мүддені қорғау үшін жалпы ұлттық іс-әрекеттің қажеттігі, ел халқының этносаяси қауымдастық ретінде
бірлестікке айналуы маңызды екендігі көрсетіледі.
Түйін сөздер: этносаясат, мемлекеттілік, ұлттық мүдде, ұлт, диаспора, «Нұрлы жол», Елбасы, демо-
кратия, қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, ұлт тағдыры.
Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық мерейтойын Қазақстан егеменді ел ретінде,
тәуелсіз, құқықты, демократиялық мемлекет түрінде қарсы алып отыр. Нарықтық қатынастардың
|