Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет911/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   907   908   909   910   911   912   913   914   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

575


нақты өмірге ену үшін газға баға белгілеу, тасымалдау мәселелері және басқа да проблемаларды 

шешу үшін тиімді шараларды жүзеге асыру қажет деп санайды [9, 29].

Жалпы ресей саясаткерлерінің инерттілігі, баяулығы, монополияға ыңғайланып, тартып тұруы, 

жаңа  жағдайға  шапшаң  бағдар  жасай  алмаушылығы  көп  жағдайда  Ресей  позициясын  әлсіретті. 

Ресейлік «Газпром» газ саласында неғұрлық икемді қимылдағанда және бірқатар талаптарға келісіп 

ырық бергенде өз позициясын жоғалтпаған болар еді. Бірақ, олай болмады. Сондықтан да болар, 

Ресей 30 млрд куб.м. өткізуге мүмкіндігі бар, Орталық Азия мен Оңтүстік Азияны байланыстыратын 

стратегиялық магистраль «ғасыр жобасы» атанған ТАПИ газ құбырынан (Түрікменстан – Ауғанстан 

–  Пәкістан  –  Үндістан)  тысқары  қалды.  Түркіменстан  жобаны  қаржыландыруда  «Газпром» 

қызметінен бас тартты [10, 26]. Мәскеу Орталық Азия елдерінің сыртқы және ішкі саяси жағдайына 

ықпал етуге тырысқанымен көп жағдайда діттегені жүзеге аспауда. 

Құрама  Штаттар  барлық  аймақ  масштабында  іскерлік  климатты  жақсарту  және  сауда  легін 

ынталандыру  мақсатында  техникалық  көмек  көрсетуге  мүдделі.  АҚШ  Орталық  Азия  елдерімен 

әріптестік қатынастар жүйесін кеңейту бағытын ұстануда [11].

АҚШ  Орталық  Азия  елдеріне  әр  сала  бойынша  ықпал  ету  бағытын  дамыта  отырып,  оның 

ішінде,  білім  беру,  мәдени,  ағартушылық  бағдарламалар  арқылы  «жұмсақ  күшпен»  де  әсер 

етуді  көздейді.  Олардың  ішінде:  -  ағылшын  тілін  үйренетін  орталықтар  ашу;  -  білім  алушылар, 

студенттер алмастыру бағдарламасы; - орта мектептерде білім беруді жетілдіру бағдарламалары; 

- ЖОО оқытушылар біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша; - түлектермен қарым қатынасты 

(байланысты)  қолдау  бағдарламасы;  -  АҚШ  -  дағы  білім  беру  мәселесіне  қатысты  кеңес  алу 

бағдарламасы [12, 51-52] «жұмсақ күш» ықпал ету құралы ретінде кеңінен қолданылуда.

Келешекте АҚШ, Ресей және Орталық Азия үшбұрышындағы қарым қатынас әлі де ішкі және 

сыртқы жағдайдағы ахуалға сәйкес өзгеріске түсетіні анық. Бірақ, Орталық Азия АҚШ және Ресей 

үшін де ықпал ету аймағы ретінде мүдделер тоғысатын және шиеленіс көзі болуы мүмкін екендігін 

де теріске шығармаймыз. Әрине, Орталық Азияға аймақтық көршілес мемлекеттер Қытай, Иранмен 

қатар, Еуроодақ, Парсы шығанағы елдері де назар аударады. Бұл аймақтық бәсекелесті күшейтетіні 

айқын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   907   908   909   910   911   912   913   914   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет