Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет909/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   905   906   907   908   909   910   911   912   ...   963
№ 3 (106) 2015

573


айналып өтіп, «Жаңа Жібек жолы» арқылы, яғни «Еуропа-Кавказ-Азия» (TRASEKA) транспорттық  

дәлізімен Батысқа тасымалдау басталды.

Геоэкономика көзқарасынан алғанда, ОА мұнайын және оны қытайлық бағыттан Нью-Йорк, 

Лондон, Токио және Сингапур биржаларымен бақыланатын нарыққа қарай «алып кету», сонымен 

бірге Каспийлік ресурстардың Парсы шығанағы жағалауына шығу бағыты экономикалық жағынан 

тиімді екендігіне қарамастан, Иран территориясына соқпайтындай тасымал жолын табу Вашингтон 

үшін  маңызды.  Сол  себепті  қазақстандық  мұнай  да  тасымалданатын  «Баку-Тбилиси-Джейхан» 

құбыр жолдары іске қосылды.

Аталған  үдерістерге  геосаяси  қорытынды  жасай  отырып,  АҚШ  мемлекеттік  хатшысы 

К.Райс  Ауғанстан,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Пәкістан  және  Тәжікстан  президенттерімен  АҚШ-

қа  бағытталған  және  ШЫҰ-мен  қарама-қарсы  «Үлкен  Орталық  Азия»  аймақтық  ұйымын  құру 

мүмкіндігі туралы талқыласты. Осы жоба шеңберінде АҚШ аймақ елдеріне «кедендік шараларды 

жеңілдету»  мақсатында  1,4  млн  доллар  қаржы  бөлді  [6].  Бұдан  басқа  Қазақстан,  Қырғызстан 

және  Өзбекстан  НАТО-ның  әскери  жаттығуларына  қатысу  құқығын  беретін  «Бейбітшілік  үшін 

серіктестік» бағдарламасына АҚШ атынан арнайы шақырылды.

Сондай-ақ, Вашингтон АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен әскери салада ынтымақтастығын 

қаржыландыруды жыл сайын өсіріп отыру жолын ұстануда. АҚШ Қазақстанмен әскери серіктестік 

шеңберінде  Астанаға  әскери-көлік  ұшақтарын  және  қазақстандық  «Казбат»  бітімгершілік 

батальонына арнайы жабдықтар мен мүліктер, жол талғамайтын «Хаммер» автокөліктерін берді. 

АҚШ-тың  жетекші  әскери  оқу  орындарында  білім  алушы  қазақстандық  әскерилер  саны  артты. 

Тараптар  кезекті  бес  жылдық  әскери  ынтымақтастық  жоспарына  (2008-2012  жж.)  қол  қойды. 

«Каспийлік күзет» бағдарламасы аясында Каспийдегі әскери ынтымақтастықтың жетекші саласы 

анықталды. Каспийдің қазақстандық бөлігін жақсартуға көмектесу арқылы Вашингтон Қазақстанға 

жағалау күзеті мен теңіз айдынын қорғау флотын құруға және есірткі мен контрабанда тасымалын 

тоқтатуға қаржы бөлді. 

2008  жылдың  соңында  Қазақстан  парламенті  Ауғанстандағы  «Бұзылмайтын  бостандық» 

американдық операциясын қолдау туралы Астана мен Вашингтон қол қойған екі меморандумды 

бекітті. Құжаттар Алма-Ата әуежайын Ауғанстанда әскери әрекеттер жүргізіп жатқан әскери-әуе 

күші  коалициясы  ұшақтарын  төтенше  қондыру  жағдайында  қосалқы  аэродром  ретінде  әскери 

бөлімге беру тәртібі мен шарттарын белгіледі. Сенатпен бекітілген құжаттарға сәйкес Қазақстан 

АҚШ  ұшақтарына  алым  төлетпей,  аэронавигациялық  қызмет  көрсетеді.  Геосаяси  мәселелер 

Академиясы Президенті генерал-полковник Л.Г.Ивашов америка-қазақстандық әскери қатынастар 

белсенділігі американдықтардың Алматыдағы әскери ұшақ базасын аэродром ретінде ғана емес, 

әртүрлі барлау мақсатында, әсіресе Батыс Қытайдағы ядролық Орталықты барлауға бағытталған 

нысанда қолдана алатындығын айтты.

Экономикалық мүдде және қауіпсіздікпен қатар, Орталық Азиядағы геосаяси мәселелерінде – 

АҚШ өзі үшін басты стратегиялық қарсыластар саналатын Ресей мен Қытайдың үдемелі ықпалын 

бейтараптандыруға тырысады [7].

Жекелеген бағыттарда Вашингтон Мәскеу және оның ҰҚКҰ мен ШЫҰ бойынша серіктестеріне 

ұқсас мүдделерді көздейді. Солардың ішінде ең маңыздысы – аймақтың экстремизм, халықаралық 

терроризм  және  есірткі  саудасы  болмауы  үшін  «исламдық-радикализацияланудың»  алдын  алу. 

Алайда бұл миссия жетістігін жағдайды берік әскери-стратегиялық бақылауымен байланыстырады. 

Сондықтан  аймақта  өзінің  әскери  орналасуын  сақтап  қалу  үшін  барынша  күш  салуда.  Осылай 

Қырғызстандағы 2010 жылғы сәуірдегі төңкерістен кейінгі ауыр экономикалық жағдайды ескере 

отырып, Вашингтон Бішкекке «Ганси-Манси» базасы үшін жалгерлік төлемді екі есеге көбейтуге 

уәде берді және осында өз әскери орналасуын сақтап қалды.

Орталық Азияда әскери орналасу американдықтарға аймақтағы Қытай мен Ресей белсенділігін 

бақылау  мен  онда  «әскери  бекініс  пунктін»  сақтау  мүмкіндігін  береді.  Сол  себепті,  олар 

Өзбекстандағы  базаларды  қайта  қалпына  келтіру  және  Ауғанстандағы  коалициялық  күштердің 

әскери операцияларын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның аэродром жүйесін қолдану мүмкіндігін 

кеңейту мақсатын ұстануда. 

Ресей мен Қытай ғана емес, Мәскеумен бірге антиталибтік күштерге үлкен көмек көрсеткен 

және АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастың тұрақталуын күткен Иран да АҚШ позициясына сын 

көзімен қарайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   905   906   907   908   909   910   911   912   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет