Тірек сөздер: ым-ишара, омонимдік бейвербалды элементтер, ым тілі, бас қимылдары.
Қарым-қатынаста тілмен қоса жүретін тілдік емес амалдар әрбір айтылған ойды толықтырып,
оған қосымша мағына үстеп тұрады. Коммуникациядағы ым-ишара, дене қалыбы, интонация
вербалды құралдармен, яғни тілмен, сөйлеумен жеткізілген хабарларға қарағанда, маңыздырақ әрі
сөйленістегі мағынасы үстемірек болып саналады. Сонымен қатар вербалды амалдармен жеткізілген
хабарда сөйлеушінің эмоциясын, оның қандай жағдайда және нені меңзеп тұрғанын толықтай білу
жеткіліксіз сияқты болады. Бейвербалды амалдар сол тілдік амалдарға қосымша мағына беріп,
сөйлеушінің қарым-қатынас барысында қолданған ым-ишарасы оның көңіл-күйінен хабардар
етіп, шынайы бет-бейнесін ақпарат береді. Бұл сөйлеушінің сөйлеген сөзі мен ым-ишарасының
қаншалықты сәйкесетіндігінен көрсете алады.
Тілші ғалым Т. Қордабаев: «Ым тілі жасанды емес, ол ұрпақтан ұрпаққа ауысып, мұра ретінде
беріліп отыратын табиғи құбылыс. Шарттылық ым тілінде тым елеусіз, сондықтан ол негізінде
|