«Дәстүрлі мәдениеттегі бейвербалды этикеттік амалдардың тәрбиелік-танымдық семантикасы»



Дата08.06.2023
өлшемі43 Kb.
#99726
түріҚұрамы

Құрамында ф.ғ.д., профессор Қ.Есенова, ф.ғ.к., доцент Е. Молдасанов, ф.ғ.к., PhD доктор Г. Дюсембина бар эксперттік комиссия 7М017 – «Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау» мамандығы бoйыншa педагогика ғылымдapының мaгиcтpi академиялық дәpeжeciн aлy үшiн орындаған Әбдірәсілова Индира Сержанқызының «Дәстүрлі мәдениеттегі бейвербалды этикеттік амалдардың тәрбиелік-танымдық семантикасы» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын қарай отырып, төмендегідей қорытындыға келді:




Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы


1. Жұмыстың мамандыққа және ғылым саласына сәйкестігі. Диссертацияның атауы, мазмұны, мақсаты, ғылымилығы мамандыққа тікелей қатысы бар. Зерттеу жұмысында тілдік қатынас кезіндегі тілдік емес бейвербалды этикеттік амалдардың коммуникациядағы қызметі мен тәрбиелік-танымдық семантикасын, олардың эмоционалдық мағыналарын талдап, таза тілдік жүйеге тілдік емес жүйенің қатар жүруінің мәнін ашып, орта білім беретін мектептің оқушыларына арналған «Тіл мәдениеті» факультатив сабағында бейвербалды амалды оқытудың әдістері мен жолдарын ұсынуы жұмыстың толығымен мамандыққа қатысын көрсетеді.
2.Тақырыптың өзектілігі және оның жалпы ғылыми, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы. Дәстүрлі мәдениетте бейвербалды компоненттерсіз тілдік коммуникацияны адресаттың толық түсінуі мүмкін емес. Сөздің дәл, нәзік жеткізе алмай жатқан семантикасын «көз тілі» жеткізеді. Сондықтан, бүгінгі таңда тіл білімі саласында қарым-қатынас барысында қолданылатын бейвербалды этикеттік амалдардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, оның дәстүрлі мәдениеттегі мәні мен мазмұнын ғылыми және тәрбиелік-танымдық тұрғыдан меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бейвербалды коммуникацияның ұлттық мәдени өрісте ерекше код екені және кодқа салынған ақпараттарды ашудың дәстүрлі мәдениетпен байланысы сараланып талданады. Коммуникацияның түрлері бірін-бірі толықтырып тұратын вербалды және бейвербалды компоненттерден тұратыны айқындалады.
3. Магистранттың диссертациясындағы сілтеме көздері және авторына сілтеме жасалуы. Диссертация Қобланова А.Ж. «Этноэтикеттегі гендерлік айырмашылықтың бейвербалды амалдар арқылы берілуі», Нұрсұлтанқызы Ж. Бейвербалды амалдар - қарым-қатынастың маңызды», Момынова Б. Бейвербалды элементте мен олардың семиотикасы», Қобланова А.Ж. «Қазақ сөз этикеті», Камешева Г.Қ. «Тілдесімнің бейвербалды амалдарының ұлттық-мәдени ерекшелігі», Абдулла Е.А. «Бейвербал амалдардың мәдениетаралық қарым-қатынас жасаудағы рөлі», Мағжан Ж. «Бейвербалды семиотика: негізгі бірліктері» және т.б. ғылыми зерттеу еңбектері негізінде жазылды.
4. Эксперттік комиссияның шешімі. Эксперттік комиссияның шешімімен диссертация қорғауға ұсынылсын. Әбдірәсілова Индира Сержанқызының «Дәстүрлі мәдениеттегі бейвербалды этикеттік амалдардың тәрбиелік-танымдық семантикасы» тақырыбында 7М017 – «Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау» мамандығы бoйыншa педагогика ғылымдapының мaгиcтpi aкaдeмиялық дәpeжeciн aлy үшiн орындаған магистрлік диссертациялық жұмысы қорғауға ұсынылсын.


Эксперттік комиссия мүшелері:

Ф.ғ.д., профессор Қ.Есенова


Ф.ғ.к., доцент Е.Молдасанов
PhD доктор Г.Дюсембина

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет