Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет194/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

116


бірі  еді.  Жазушының  шығармалары  бұрынғы  таптаурын  болған  тақырыпты  қайталай  бермей, 

балалардың іс-әрекетін өмір шындығына орайластыра беруімен ерекшеленеді.

Ақан  бейнесі  –  әрі  романтикалық,  әрі  геройлық  образ.  Өйткені  повестегі  шынайы  өмір 

көріністері  де,  қиялдаудан  туған  оқиғалар  да  ұшырасады.  Ақан  образы,  көркем  бейнелеудің 

романтикалық үлгісімен жасалған. Себебі, ол Америкаға үлкен романтикалық әсермен қарайды. 

Бейтаныс ел, жаңа туыстар, қала толған ғажайып көріністер, осының барлығы бала сезіміне әсер 

етіп, жан дүниесіне қиял қанатын бітіреді [4, 396].

Әлем  әдебиетінде  де,  қазақ  әдебиетінде  де  табиғатты  ашу,  тамылжыған  қалпында  да,  алай-

дүлей күйде де, түрлі қалпында айнытпай ашып суреттеген жазушылар аз емес. Солардың ішінде 

Марат  Қабанбайдың  да  табиғатты  суреттеудегі  өзіндік  ерекшелігі  қалыптасқан  жазушының 

«Туған жердің төрт мезгілі» повесін атауға болады. Мұнда да пейзаждың көркем көрінісі арқылы 

табиғаттың төл үнін, дыбысын, туған даланың сырлы әуенін естіртеді, тірі табиғатты көз алдына 

әкеледі. Жазушы бұл шығармада да жинақы, шымыр, суретті тілмен төгілтіп жазу тәсілін шыңдай 

түскен. Повесть «Астарлы көк сәтенмен тысталған аспан астында қалқыған шағын ауыл мойнын 

ішіне салып, бейжай бұйығы жатыр» [5, 192], – деп, ауылда өскен қазақ баласының барлығына 

етене таныс суретпен басталады.

«Сурет салғым келмейді» повесінің бас кейіпкері – Ержан атты оқушы бала. Оқу жылының 

соңғы  сурет  сабағында  Мұғалім  Салауат  ағай  оқушыларға  қазақтың  біртуар  ұлы  суретшісі 

Орал Таңсықбаевты таныстырып, «Алай жазығы», «Күзгі таң», «Аңсаулы әнім», «Таудағы жол» 

шығармаларын  талдатады.  Міне  осы  суреттер  Ержанға  ерекше  әсер  етіп,  жан  дүниесінде  сурет 

салуға деген бір құмарлық, ұшқын оянады. Мұғалім ағайдың сурет өнері туралы айтқан әңгімеде 

ғажайып суретшілер өмірінен келтірілген мысалдар да Ержанға ерекше бір әсер етеді. Салауат ағай 

оқушыларға жазғы демалыста орындайтын шығармаларын беріп, сабақты аяқтайды [6].

Ержан  ала  жаздай  үй  жұмысынан  босана  алмай,  жұмыс  істейді.  Кірпіш  құяды,  су  тасиды. 

Мектеп бригадасымен арамшөп жұлуға көкесі рұқсат бермейді. Ержан іштей көкесіне наразы. Бар 

қызықтан, өзінің достарынан бөліп алып қалып, үйдің ауыр жұмысына салып қойды. Бала жанына 

ауыр  әсер  ететін  құбылыстың  бірі  –  осы  жалғыздық.  Әскердегі  ағасы  Әскеннің  ертерек  келіп, 

өзіне  көмектесуін  іштей  күтеді.  Оның  өздеріне  хатты  сирек  жазып,  есесіне  көрші  Қабдолланың 

қызына күн сайын хат жазғанына өкпелейді. Тете ағасы Сейсеннің өзіне көмектеспей, шөпшілер 

бригадасына  жұмысқа  кетіп  қалғанына  да  ренішті.  Жалғыз  өзі  жұмыс  істеп  жатқан  Ержанға 

әртүрлі ой үйір, әр нәрсені бір ойлайды. Бала қиялы шартарапты шарлап бір тыным табар емес. 

Үй жұмысынан әбден жалығып бітті. Жалғыздық. Қыл аяғы Алыпсоқ та алысып ойнауға зауықсыз. 

Бәрін тастап бригададағы оқушыларға кетіп қалайын десе, Ержан анасын аяйды. Өйткені анасының 

жүрегі ауырады. Жиі-жиі сырқаттанып қала береді. Сондықтан да сезімтал бала анасын күйзелткісі 

келмейді. Ал көкесі қатал, айтқан жұмысын орындай қоймасаң, жазалап жіберуі мүмкін. өткенде 

күні  бойы  құйған  кірпішті  тауық  шашып  тастағанда  көкесі  қатты  ашуланған.  Кінәсіз  Ержан  не 

істерін білмей, екі ортада аңтарылып қалады. Жазықсыз жазалағанын іштей қабылдай алар емес. 

Бәріне  кек  сақтап,  өзінің  артықшылығын  білдіріп,  басқа  жаққа  кеткісі  келеді.  шатырда  отырған 

ақтамақ қарлығаштың суретін салып, сурет сабағынан алатын жақсы бағалары ойына түсіп, серги 

бастайды.

  Ызалы  ойының  әсерімен  ешкімге  көрінбей  шатырға  шығып,  тығылып  жатып  алу  себебі: 

Ержанның  балалық  ойы,  өзінің  бағасын  арттырып,  қалайда  айналасына  өзінің  қадірін  арттыру 

болатын. Үш күннен кейін аудандық милицияның араласуымен Ержан табылады. Оны ұстап берген 

– тығылар алдында өзінің салып кеткен суреті. Жоғалып кеткен үш күн ішінде біраз өзгеріс болған. 

Анасының  жүрегі ауырып, аудандағы емханаға түседі. Оқиға көкесіне де жеңіл тимейді.

Оқу жылының алғашқы сурет сабағы. Орал Таңсықбаевтың «Ана атты туындысы талқылануда. 

Мұғалім  Ана  құдіреті  туралы  ақтарылып  айтуда.  Ержанға  бұл  жағдай  ауыр  әсер  етеді.  Өйткені 

Ержанның анасы жаздағы оқиғаны көтере алмай, ақыры қайтыс болған. Ержанның жан-дүниесіне 

осы оқиға әсер еткен. Сабақ үстінде оның «Сурет салғым келмейді, менен суретші шықпайды» деп 

шығып  кететіні  сондықтан.  Повесть  аяқталады.  Жазушы  шығармасында  күрделі  психологиялық 

оқиға суреттелген. Сурет өнерінің бала жанына әсері, өз ортасынан бөлініп қалған Ержанның жан 

жабырқауы, анасынан айырылуы, міне, осының бәрі повестегі бала жанының мұңынан сыр шертіп 

тұрғандай еді.

Жазушының  идеясының  даму  динамикасының  бастау  алар  тұсы,  дағдарысы,  әлсіреуі, 

шарықтау шегі болатыны да шартты құбылыс. Адамзат өміріндегі болмыс пен табиғат арасында, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет