Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет213/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Түйін сөздер:  сөздер, сөз тіркестері,  синтаксистік құрылымдар,  тілдік - стильдік ерекшеліктер, 

публицистикалық  стиль,  қоғамдық  лексика,  стилистика,  қос  сөз,    синонимдік  қатарлар,  терминдер, 

архаизмдер т.б.

Публицистиканың  қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт -насихаттық сипат береді. 

Сондықтан, публицистикалық шығарманың тақырыбына, мазмұнына  сай сөздер мен сөз тіркестерін 

сұрыптап  қолдана  білудің  және  қажетті  синтаксистік  құрылымдарды    пайдалана  алудың  өзіндік 

үлкен мәні бар. Стильдің бұл түрі қоғамдық саясат негізінде жазылған шығармаларға байланысты 

болып отыр. Басқа сөзбен айтқанда, бұл қоғам өмірі үшін маңызды  мәселелерді  талқылау деген  

ұғымда жұмсалады.

Бүгінгі публицистикаға қойылатын талап – шығарма қандай тақырыпқа  жазылса да, логикалық 

жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы шарт. Ал ол тілдік құралдарды қолдана білуден  байқалады.

Жалпы, публицистикалық стильде  қоғамдық саяси мәселе  әр сипатта қарастырылады. Осы 

тұрғыдан  алғанда  Әбіш  Кекілбай  шығармашылығы  қазіргі  қазақ  публицистикасындағы  тілдік 

категориялар мен нормалардың  қолданыс табуын нақтылай зерттеп, қарастыратын нысан бола алады 

деп  ойлаймыз.  Өйткені  қазіргі  қазақ  публицистері  шоғырында  Ә.Кекілбайдың  дара  қолтаңбасы, 

тілдік-стильдік ерекшеліктері айрықша байқалады. 

Жазушының  шығармаларын мазмұны мен мақсаты жағынан екі түрге топтауға болады: бірі – 

көркем әдебиет үлгісінде жазылған өлеңдері, тарихи роман, повестері; екіншісі – публицистикасы 

(қоғамды жаңартудың саяси-мәдени мәселелері жайында сөйлеген сөздер, әртүрлі басылымдарда 

жарияланған  мақалалары,  халықтың  рухани  мұрасына  құрмет  сезімін  қалыптастыратын  көркем 

публицистикалық шығармалары).

Қайсыбір әдеби  көркем немесе  пубилцистикалық шығарма  болсын, ол әрбір автордың табиғи 

тілдік, стильдік ерекшелігін айқындайды. Бұл жерде «тілдік, стильдік» деп  қатар атауымыздың 

өзіндік мәні бар. Егер тіл мен сөз әрқашанда даилектикалық бірлікте дамитын болса, сөз саптап 

сөйлеу тілді орнымен қолдана білу – стилистиканы  жетік  меңгеруден келіп туады. Ә.Кекілбай 

пулицистикасындағы тілдік ерекшеліктерге назар аудара отырып, оны зерттеу нысаны етіп бөліп 

қарыстырғанда, міне, осы айнымас қағиданы  басшылыққа алуға тырыстық.

Әбіш Кекілбай тілі  –  аса көркем,  пубицистикалық жанрлар стилі аясына сыймай, газет тілі 

заңдылықтары  шеңберінен  шығып,  кейбір  ресми    қасаңдықты  сырып  тастайтын  тіл.  Ақпа  тіл, 

окказионал  сөздермен  ойды  кестелеп    жеткізу  ерекшелігі  арқылы  жазушы  әлі  күнге    дейін  өз  






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет