Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
176
«Ханнама» мен «Тарихнама» сияқты тарихи кітаптарда жазылып қалған ішінара ғұн мен үйсін
сөздерін тіл мамандары қызыға зерттеп, ғұндардың өз кезегіндегі тілі ертедегі түрік тілі деген
жорамалдар жасап жүр [1,57].
Шыңжаң жерінен табылған көне жазуларға келер болсақ: «қазірге дейін байқалғаны неше түрлі,
олар: санскрит жазуы, каросты жазуы, хотан жазуы, янжи-кушар жазуы, соғдиана жазуы, түркі
жазуы, хуйғу жазуы, ескі тибет жазуы, багсба жазуы және шағатай жазуы қатарлылар бар». Соның
ішінде өз тарихымызға тоқталсақ, олар: соғдиана жазуы, түркі жазуы және шағатай жазулары.
XII ғасырдың алғашқы мезгілінде Қытайдың батыс өңірлерінде және Орта Азия өңірлерінде
жасаған түріктер алғашында соғдиана жазуын қолданған. Сондықтан соғдиана жазуы көне түрік
жазуы деп аталады. Соғдиана жазуы көне парсы жазуына негізделіп жасалған жазу болып, ең
алғашында Соғдиана хандығы қолданған жазу. Соғдиана хандығы Қытайдың Таң патшалығы
мезгілінде Бұхара мен Самарханды орталық етіп, Аму өзенінің бойын қарасты еткен хандық. Кейін
Қарахан хандығы билеген.
Қытайдың Сүй, Таң патшалығы мезгіліндегі түріктер түркі жазуын қолданған. Түркі жазуы
40 әріптен құралған. Оңнан солға қарай жазылады. Бұл жазу солтүстік Еуропадағы германдықтар
қолданған көне каросты жазуына ұқсап қалады. Сондықтан бұрын түрікше каросты жазуы деп те
аталған[1,58].
Тарихта жасаған түрік тілдес тайпалар алғашында соғдиана, түркі жазуын қолданғаннан кейін,
соғдиана жазуына негізделіп хұйгу жазуын жаратып қолданған. Хұйгу жазуы аллафонды жазу
болып 19-20 әріп белгісінен құралады. Ең алғашында оңнан солға қарай тік жазылған. Бұл қытай
жазуының үлгісіне еліктеген болуы мүмкін.
Бір бөлім ғалымдар қытай, парсы, грек тарихи кітаптарындағы сақтардың ұлыстарының,
жерінің, адамдарының атына қатысты деректерді зерттеген соң біздің заманымыздан бұрынғы
IV-VI ғасырларда Қазақстан жерінің солтүстігінде жасаған сақтар түркі тілінде, ал оңтүстігінде
жасаған иран тілінде сөйлеген. Егер екі ру-тайпаның тілі мүлде ұқсамаса, олардың өзара сіңісуіне
кемінде ондаған жылдар кетеді. Тіл жуық немесе ұқсас болғанда ғана сіңісуі тез болады [1,59].
Қытайдағы қазақтар, Қытайға қараған кезден бастап 1920 жылдарға дейін де, өздерінің ана
тілі – қазақ тілін қолданып келеді. Ал олардың 1920 жылдарға дейінгі қолданған жазуы –«шағатай
жазуы» болған еді. Демек, олар соған дейін өздерінің қазақ тілінде сөйлеп, шағатай жазуымен
жазу жазып келген. Шағатай жазуы – Шағатай қағандығы (1225-1370жж.) кезінде кең қолданылған
жазу болғандықтан оны «Шағатай жазуы» деп атаған. Іс жүзінде ол жазу Орталық Азиядағы түркі
халықтары ислам дінін қабылдаған соң, яғни X-XI ғасырларда араб графикасы бойынша көне түркі
жазуы негізінде жасап қалыптастырған кітаби тіл-жазу. Бұл жазуды Орталық Азиядағы халықтар да
кең қолданған. Темір империясы (1370-1500жж.) тұсында Орталық Азия халықтарында шағатайша
жазумен жазылған әдебиеттер мол болды. Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кезде, «қазақ хандары
өздерінің хат қатынасын, орда естеліктерін, хан шежірелерін араб жазуымен шағатай тілінде
жазды». Анықтап айтқанда, ол кезде қазақтардың қолданған жазуы – шағатай әрібіндегі қазақша
жазу болғандығының нақтылы үлгілері сақталған. Сондай-ақ ол жазуды қазақтар XX ғасырдың
20 жылдарына дейін, яғни Ахмет Байтұрсын алфавиті жасалғанға дейін үздіксіз қолданып келетін
болатын.
Тарихи деректерден мәлім болғанындай, қазақ хандары өз кезінде шетелдерге шағатай
жазуында хат жазып, хабар алып байланыс жасаумен қатар, ойраттардың төте жазуын да қолдану
арқылы шығыстағы елдермен байланыс жасағандығы дәлелденген.
Қазақ хандығы XYIII ғасырдың орта шенінде қытайдың Чиң империясымен байланыс жасады.
Сонымен екі ел билеушілері бір-бірлеріне үздіксіз хаттар жазып, ақпараттар алмастырып отырған.
Сонда тіл-жазулары мүлдем ұқсамайтын екі ұлт ‒ манжүрлер (шүршүттер) мен қазақтар бір-
бірлеріне қандай тілде сөйлесіп, қандай формадағы жазумен хат-хабарлар алысқан екен десек, олар
екі жақта бірдей білетін ойраттардың Төте жазуын бір уақытта пайдаланған болатын [2, 259].
Қазақтар мен Қытай Чиң патшалығы XIX ғасырдың 20-жылдарына дейін бір-бірлеріне ойраттың
төте жазуымен хат жазысып отырған. Одан кейінгі кезде олар шағатай жазуында хат жазатын болған.
Себебі, соған дейін Чиң патшалығы ордасы шағатай жазуында жазылған қазақшаны меңгерген.
Қытайдың Қоғамдық ғылым академиясы ұлттар зерттеу институтының профессоры, қазақ тілі
және тарихының маманы Хы Чиңлияң мырза 1983 жылы маусым айында өзінің Шыңжаң Алтай
аймақтық архив мұражайынан тапқан бес нұсқа құжатты жариялаған. Ол бес нұсқа құжаттың
бір нұсқасы қытайша жазылған, екі нұсқасы қазақша жазылған, бір нұсқасы қытайша жазылған,
|