«Smart Astana», яғни «Ақылды Астана» тіркесі қаланың ақылдылығын, жаңа бойкөтерген
әсем Астананың ақылды қалаға айналатынын, техникалық тұрғыда жетіліп, дамитындығын,
соның негізінде жаңа технологиялардың мекеніне айналатынын алға тартады. Сондай-ақ жаңа
технологиялардың соңғы үлгілерін пайдалана келе қалада техникалық жетістіктердің барлығын
іске қосатындығын меңзейді. Сол себепті қаланы ақылды қалаға айналып келетінін сөз етеді. Бұл
бәлкім көптеген қалалармен салыстыра қарағанда мүмкіндігі молдығын ұсынса керек-ті.
Smart сөзі ағылшын тіліндегі өзін-өзі бақылап, сараптап, есеп беретін технология
мағынасындағы тіркестің қысқартылған үлгісі. S.M.A.R.T. – self-monitoring, analysis and reporting
technology – технология самоконтроля, анализа и отчётности – есеп беру мен сараптаудың және
өзін-өзі бақылаудың технологиясы. Бұл техникалық күй табақ өзін-өзі саралай алатын құралмен
жабдықталып, оның істен шыққандығынан да өзі мәлімет беретін құрал.
Баспасөз бетінде пайдаланылған smart сөзі бүгінде тілімізде кеңірек қолданыс тауып келетін
смарт-карт тіркесін қалыптастырды. Бұл ретте бүгінгі заманға сай технологияның жетістігі
нәтижесінде қол жеткізген еңбек жалақыны, оған қоса түрлі үлгідегі қызмет көрсету төлемдерін
жүргізетін, есеп айырысатын карточка – смарт-картты атауға болады. Смарт-карт – кіріктірмелі
микро-процессоры бар пластикалық есеп айырысу карточкасы [5,804].
Технологияның мұндай дамуы, жетістігі, нәтижесі тек қана қызмет көрсетуді ғана жеңілдетіп
қоймай, сонымен бірге жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің қалыптасуына да септігін тигізіп келеді.
Осының салдарынан ақылды сөзі сабақтаса келе мынадай тіркестерді де ұсынады. «Егемен
Қазақстан» газетінде «ақылды технология» деген тіркес қолданысқа енген: «АSTEX – ақылды
технологиялар алаңы». Әлемдегі озық ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа алаңы
болған АSTEX жылда ұйымдастырылатын дәстүрімізге айналуы ықтимал» («Егемен Қазақстан»
газеті. 22 мамыр №131, 2013. 3-б.).
АSTEX – Astana Smart Technologies Exhibition – «Астана ақылды технологиялар көрмесі»
атауының қысқарған түрі. Еске салатын жайт бұл ісшара екінші рет өткізіліп отыр. Бірақ осы
шараның жаңалығы мен қаралатын ауқымы кең болғандықтан ерекше көңіл бөлінген болуы керек.
|