№ 3 (106) 2015
181
материалдағы сөздің қолданысы осы мағынадан ауытқып кеткен бе әлде басқа ұстанымды негізге
алды ма, түсініксіз.
Жарайды, «какофония» әуендік (музыкалық әуен) мағынасында қолданылатын сөз делік. Бірақ
бұл ретте де сәйкес келмейтін сияқты. Себебі мұндай қолданыста да оның ұғымы жағымсыз болмаса
да әуендегі кездейсоқтық, әуендегі сәйкессіздік нәтижесінде пайда болады деп түсіндіріледі.
Мысалы, какофония грек тіліндегі kakos - жаман және ponn - дыбыс, дыбыстың тіркестері, астаң-
кестең болған және аса жек көрінішті шым-шытырық ұғымында тыңдаушыға әсер ететін мағынасыз
үн.
Мүмкін автор өзге ұғымдарын негізге алмай, бәлкім тек қана әуендік мағынада қолдануды
ұстанып, осы түсінік бойынша әуендік сарынды балалардың шуылының әуенімен сәйкестендірген
болуы мүмкін. Себебі мақалада «какофония» сөзінің қолданыстағы мағынасы түпкі әуенді
ұғымынан жалпылама естілу мағынасын негізге алғандығын аңғарамыз. Бұл ұғымды берілген
материалдағы мынадай сөйлемдер де растайтындай: «Жақсылықтың иісі сезілетін бұл киелі
шаңырақтың какофониясы ашық-жарқын шығатыны да сондықтан. Басым дауыстары қазақша
естілді». Әрі қарай: «Болашақтың үні ана тілінде сайрауда. Бұның бәрі – бал балалықтың бақытты
какофониясы» («Астана ақшамы» газеті. 30 қазан №123, 2014. 10-11-б.).
«Какофония» сөзі көп ретте музыкаға байланысты қолданылады дедік жоғарыда. Алайда
онда да мұның осы біз сөз еткен жағымсыз үн деген мағынасы басым. Кейде тыңдаушының да
қабылдауын негізге алатындығын көреміз. Оның дыбысталуындағы эстетикалық талғамы, кері
әсер беретін хаостық үндер, әуендердің қосындысының мағынасыз бірдеңелерді беретіндей хәлі.
Айталық кездейсоқ әуендердің қосындысы немесе әртүрлі музыкалық үндердің үзінділерінің
қосындысының нәтижесінде қалыптасқан әуендер.
Бұл сараланған жайттар «какофония» сөзіне музыкалық тұрғыдан берілген анықтама болса
керек. Ал біздің тілдік қолданыстағы ұғымымыз әуендік болса, онда ол да мағыналық тұрғыда
қолданысқа сәйкес болғаны абзал демекпіз.
Жалпы алғанда, баспасөз тілі қазақ әдеби тілін байытуда маңызды рөл атқарады. Алайда
баспасөз тілі осындай екен деп кез келген сөзді жаңалық не жаңаша термин ретінде қолданыла
беретін орын еместігін ескерген жөн. Ондағы келеңсіздіктер жайы ескеріліп, түзетулер енгізілуі
де талап етіледі. Олай етпегенде тілдің шұбарлануы мен бөгде сөздердің қаптап орын алуы әбден
мүмкін.
Сөзімізді түйіндей келе, бүгінде баспасөз беттерінде осындай заманға сай технологияға
тиесілі шет елдік сөздердің сыртқы тұлғасын сақтап қолданылуының жиілеп кеткендігін көреміз.
Жаһандану талабына орай пайдаланылуы жиілеген мұндай сөздер мен сөз тіркестері тіліміздің
сөздік қорын бөгде сөздермен толығуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде әдеби тілдің қатарында
бөгде сөздерден құралған жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің орын алуына жол береді деп білеміз.
Мұндай жайттар тілдің шұбарлануының бірі сипаты екенінің дәлелі.
Сондықтан кез келген терминнің қазақша баламасын пайдалану мейлі ол жазушы, тілші не
журналист болсын мұқият болуын талап ететін мәселе. Себебі тіл тазалығы баспасөз тілінің де
тазалығымен тікелей баланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |