Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет426/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   963
№ 3 (106) 2015

255


мол тиетіні анық. Басқа сөз таптарына қарағанда етістікті сөз тіркесі сөйлем мүшелері жағынан да 

едәуір көп айтылып келе жатқан сөз табы. Осыған байланысты бұл жерде етістіктің сөз тіркесі мен 

сөйлем мүшесінде баяндауыш қызметінде жұмсалуының өзіндік ерекшеліктерін айқындау ең қажет 

факт.


Күрделі етістіктер:

Сүйіндік, Сүгірбай осындай сылтауды күтіп, қос қанатын қомдап отыр екен. Алдымен көшкен 

солар болды да, өзге Бөкеншілер де еріксіз тартып кетті (М.Әуезов).

Салт, сабақты етістіктер:

Бала жігіт бұйрықты орындамады. Үн-түнсіз бұрылды да,өз үйіне қарай жүре берді (Х.Ерғалиев).

Етістер:

Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат биіктің арасында жатқан жіңішке өзен кейде тарауланып 

көп салаға бөлініп, кейде иін тіркескен биіктік жартастардың арасынан жалғыз аяқ жолдай болып 

жіңішкеріп, жыланша иіріледі. Отағасы қозғала отырып сөйледі (М.Әуезов).Сіз қазір пәтеріңізге 

барып жуынып, тамақтанып, ұйықтап алыңыз (X.Ерғалиев).

Болымды, болымсыз етістіктер:

Нанарын  да,  нанбасын  да  білмей  аңырып  қалды  бәрі  (Ғ.Мүстафин).  Астыңғы  үйдегі  бапты 

аспазшы пісірген ыстық самсаны да жеген жоқ (Парасат).

Етістіктің райлары:

Көп  кешікпе,  еркем,  тамақ  піскен  кезде  кел  (С.Мұқанов).  Менімен  сөйлесіп,  осында  алып 

келіңіздер (М.Әуезов). Тағы бір соның лебізін естісек екен. Бірақ алыс жүрсе де, сол Абайда ақыл 

мен қайрат, тіл мен тәлімнің мол екенін әкесі танитын (М.Әуезов). Осында етістіктердің құрамы 

жағынан  дара,  күрделі  түрлері,  ал  етістіктердің  морфологиялық  құрамы  жағынан  салт,  сабақты 

етістіктер,  етістер,  болымды,  болымсыз,  рай  түрлері  т.б.  жай  сөйлемнің  баяндауышы  немесе 

құрмалас  сөйлемдердің  бағыныңқы  сыңарлары  қызметінде  жұмсалған.  Осындағы:  отыр  екен, 

тартып кетті, бұрылды, жүре берді, бөлініп, иіріледі, ұйықтап алыңыз, білмей, жеген жоқ, естісек 

екен  т.б.  етістіктері  тек  сөйлемнің    соңында  ғана  жұмсалуға  бейім.  Сонда  олар  сөйлем  мүшесі 

жағынан  баяндауыш,  ал  сөз  тіркесінде  тек  етістікті  сөз  тіркесінің  басыңқы  сыңары  қызметінде 

жұмсала алады. Осы жағынан келгенде, бұл топтағы етістіктер тек етістіктік мағынасын әрі сөйлем 

мүшесі, әрі сөз тіркесінің басыңқы сыңары жағынан да нақтылай түседі. Етістіктің баяндауыш болу 

қызметі мен сөз тіркесіндегі басыңқы сыңары сөйлемнің соңында ғана жұмсала ма? деген мәселеге 

тоқталатын болсақ, мұның өзі етістіктердің әрбір түрінің ішкі ерекшеліктеріне байланысты демекпіз. 

Жоғарыда аталған етістіктердің сөйлемнің соңында ғана жұмсалуы етістіктердің негізгі қасиеті. 

Сол  сияқты  кейбір  етістіктер  сөйлемнің  соңында  баяндауыш  бола  отырып,  енді  сөйлемнің  тек 

соңында қолданылып қоймай, сөйлемнің ішінде де жұмсалуы көбінесе барлық етістіктердің ішінде 

тек есімше түріне қатысты. Сондықтан да есімшелерде бірде етістік, бірде есімше де түрленетін 

деп, олардың өзін осындай ерекшеліктеріне қарай екі жақтан қарастыру үнемі айтылып келеді. 

Әрине, есімшелердің әрі сөйлемнің соңында, әрі сөйлемнің ішінде қолданылуының: 

а) сөйлем мүшесі жағынан, ә) морфологиялық өзгерісі жағынан, б) тіркесу қабілеті жағынан в) 

құрамы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. 

Егер  есімше  сөйлемнің  соңында  келсе,  ол  үнемі  баяндауыш  қызметінде  жұмсалады  да,  сөз 

тіркесінде  сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сыңарын  құрайды.  Енді  есімшелердің  қандай  тұлғаларда 

басыңқы сыңарда жұмсалатынын қарастыралық. 

-ған,  -ген,  -қан,  -кен  жұрнақты  есімшелер  арқылы:  Кейбіреу  жайдары  ашық  боламын  деп, 

орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай). Осы сәлемді ести сала Базаралы атқа мінген (М.Әуезов). 

Тарының шықпай қалғанын Айранбай талай айтқан (М.Әуезов). Сорақы ұзын да емес, қысқа да 

емес, нәзік бел тал шыбықтай бұраңдаған (Абай).

-атын, -етін жұрнақты есімше арқылы: Мағаш пен Кәкітай бұл күндерде орташа кітаптарды, 

әсіресе  жеңіл  тілмен  жазылған  романдарды  көп  оқитын  (М.Әуезов).  Осы  еңбекті  жазуда  көп 

оқығанын, көп  ізденгенін айтатын (Жұлдыз). 

-ар,  -ер,  -р  жұрнақты  есімшелер  арқылы:  «Білімдіден  ақыл  шығар,  ақылды  қарттан  нақыл 

шығар (мақал). Бүгінгі күресте көрсеткен күшіңді өлеңге шығар (С.Мұқанов). Аудан өкілдері қазір 

ел ішінде болар (Ғ.Мүстафин).

Кейде есімшеге қатысты басыңқы сыңардағы есімше, көсемше тұлғалы етістіктермен күрделі 

түрде жұмсалуы арқылы: Ел жата Олжабек көше жөнелген (Ғ.Мұстафин). Бұл екі ауылдың арасында 

мұндай қақтығыс ұдайы болып тұратын (Ғ.Мүсірепов).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет