Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет429/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

258


Үйдің  қабырғасында  тырс-тырс  соққан  үлкен  қабырға  сағаттың  дыбысы  анық  естіліп  тұр 

(Ғ.Мұстафин)  сөйлеміндегі  тырс-тырс  соққан  сағат  –  деген  күрделі  сөз  тіркесін  талдап  көрелік. 

Негізінде осында соққан сағат болып -ған, -ген тұлғалы есімше мен зат есімнің тіркесі болуы керек. 

Бұл есімшелі тіркестің негізгі бір қызметі. Осы сөйлемдегі тырс-тырс еліктеуіш сөзінің қай сөзбен 

сөз тіркесін құрауы ойланарлық жағдай. Еліктеуіш сөздер етістікті сөз тіркестерінде бағыныңқы 

қызметте жұмсалуы тиіс. Ал бұл жерде ол қалайда сөйлемнің соңындағы естіліп тұр етістігімен 

ғана сөз тіркесін құрап тырс-тырс естіліп тұр болып пысықтауыштық қатынаста жұмсалуға тиіс еді, 

бірақ бұл жерде ол қаншалықты естіліп тұр баяндауыштарымен мағыналық жағынан бір келгенімен, 

сөйлемде  өзі  қатысты  сөзі  жағынан  ол  естіліп  тұр  күрделі  етістігімен  тіркесуге  тиісті  емес,  тек 

соққан  есімшесіне  ғана  қатысты  жұмсалған.  Осыдан  барып,  біріншіден,  тырс-тырс  еліктеуіш 

сөзінің сөз тіркесіне қатысуы, екіншіден, сөйлем мүшесі болуы, үшіншіден, байланысу формасы, 

төртіншіден, оған қойылатын сұрау мәселесі жағынан ойлануды қажет етеді. Енді есімшеге тек бір 

ғана сөз қатысты болмай бірнеше сөз қатар тіркесетін ерекшеліктеріне де тоқтала кетейік:

Шығыстан Барлыбайға карай асатын Бөкенші асуының маңына да созылып барған. Екі аңшы 

келе жатқан бөктер бетегелі төскей болатын (М.Әуезов). Бұл сөйлемдерде де: Шығыстан Барлыбайға 

қарай асатын Бәкенші. Екі аңшы келе жатқан бөктер -сияқты топтар да алдыңғы сөйлем іспетті. 

Алдыңғы сөйлемде тек бір ғана сөз есімшеге қатысты жұмсалса, ал мына сөйлемдердегі сондай 

сөздер, бірінші сөйлемде шығыс жалғаулы зат есім мен барыс жалғаулы зат есімге түйдектелген 

шылау  арқылы  асатын  етістігіне  қатысты  жұмсалса,  екінші  сөйлемде  тіпті  әртүрлі  сөз  таптары, 

яғни екі есептік сан есімі мен аңшы зат есімі келе жатқан көсемше мен есімшеге қатысты. Қолдағы 

бар  материалдарға  қарағанда,  сөйлемнің  ішінде  есімшеге  қатысты  мұндай  топтардың  сөз  саны 

жағынан да, сөз табы жағынан да және олардың тұлғалық ерекшеліктері жағынан да әртүрлі екеніне 

көз жеткізуге болады. Осы сияқты сөйлемдердің ішінде есімше алдында келетін бүкіл етістікті сөз 

тіркесінде бағыныңқы қызметте жұмсалатын мына сөз таптарының бәрі де

зат есім, 

сын есім, 

сан есім, 

есімдік, 

үстеу,

еліктеуіш  сөз  т.б.  сияқты  қабыса  байланысқан  жалғаусыз  сөз  таптары  өздерінің  әдеттегі 



қызметтерінен  айрылып,  енді  есімдердің  тобына  ілесіп,  есімшелі  оралым  жасайтынына  көз 

жеткіземіз.



ӘДЕБИЕТТЕР

Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1992.



 – 294 б. 

Болатов Ж. Синтаксические функции причастия в казахском языке. Автореф. канд.филол.наук. - 



Алма-Ата, 1955. – 36 б.

3 Иманалиева Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі. Филология ғылымдарының 

кандидаты атағын алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1994. –41 б. 

4 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1971. –351 б.



REFERENСES

Balakaev M. Kazyrgy kazakh tyly. – Almaty, 1992.



 – 294  

b.

2 Bolatov Zh. Syntaksysheskye funksyi prychastya v kazakhskom yazyke. Avtoref. kand.filol. nauk. - Almaty, 



1955. – 36 b. 

3 Ymanalyeva G. Kazyrgy kazakh tylyndegy shylaulardyn syntaksysy. Avtoref. kand.filol. nauk. - Almaty, 1994. 

– 41 b.

4 Balakaev M., Kordabaev T. Kazyrgy kazakh tyly. Syntaksys. - Almaty, 1971. – 351 b.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет