Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет46/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   963
Түйін сөздер: бата, тұрмыс-салт жырларындағы бата, фольклор, ақ тілек, сөз өнегесі.

Бата  сөздер  ауыз  әдебиетінің  басқа  жанрлары  құрамында  молынан  кездеседі.  Осыған  орай, 

тұрмыс-салт  жырларындағы  бата  сөздерді  жеке-жеке  қарастыруға  болады.  Бірінші  тоқталатын 

мәселе – үйлену салтына байланысты жырларда кездесетін бата өлеңдер. Басқа халықтар сияқты 

қазақ халқының да ерте заманнан келе жатқан әдет-ғұрпы, салты бар. Соның бірі – қыз ұзату, келін 

түсіру. Жанұя мен қоғамның, әсіресе, жастардың өмірінде айрықша орны бар оқиға ретінде үйлену 

салтын халық ойын-сауық, қуаныш тойы етіп өткізуге тырысқан. Оның бәрін ол өзінің ән-күйімен, 

өлең-жырымен есте қалдырған. Осы негізде ауыз әдебиетінде үйлену салтын халықтың тұрмыс-

салтына байланысты өлеңнің «Той бастар», «Сыңсу», «Беташар» сияқты бірнеше түрлері туған.

1.Той  бастар.  Бұл  ұзатылған  қыздың  тойында  айтылатын  өлең.  Оны  әдетте  жеке  ақындар 

шығарып,айтатын  болған.  Той  бастаушының  негізгі  міндеті  –  ұзатылған  қызының  тойын  жасап 

отырған үй иелеріне құтты болсынқ айту, жақсы тілек білдіру. Екінші міндеті - өлеңмен жыршылық 

қызметін атқару. Пікіріміз дәлелді болу үшін тойбастар батасынанмысалға келтірейік:



«Пысымылда» деп бастайды тойдың басын,

«Әумин» деп көтеремін қойдың басын,


№ 3 (106) 2015

23

Көпті жиып қарағым той жасапсыз,



Ұзақ болсын жастарың, қарақтарым.

Есік алды топ шеңгел түпті болсын,

Қалың берген боз биең сүтті болсын,

Өмірге аттап бүгін қадам бастың,

Отауларың, қарағым, құтты болсын.

Еккенің есік алды өрік болсын

Басқаны ұсталардың көрік болсын,

Тату-тәтті болыңдар өмір бақи,

Отауларың, қарағым берік болсын.

Арыс, бадам ендеше, арыс бадам,

Жаңбыр жауса гүлдейді тауда бадам,

Екеуің тату-тәтті боп жүріңдер,

Бәрекелді, деп кетсін көрген адам» [1;19].

Қыз өсіріп, қыз берген,

Айналайын, сіздерден.

Мейірімге қандық біз,

Күлдімдеген жүздерден.

Сондықтан да мың сәлем, 

Той иесі біздерден.

Бүтін болып жартымыз,

Қуанды жас пен қартымыз.

«Құда болар мың жылдық» 

Деген екен халқымыз.

Баянды болсын құдалар,

Сол бір ата салтыңыз [1;21]. 

Міне, осы екі батаның өзінен-ақ қаншама тәлім-тәрбие, үлгі-өсиет алуға болады. Берілген 

батаның әр жолына, шумағына зер салсақ, бас қосқан екі жасқа өмірдің өзі үлкен мектеп екенін 

аңғартады. Қай батаны алып қарасақ та, өзінің қарапайым тәрбиелік, тағылымдық мәнінің орасан 

зор екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет