Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет463/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Түйін сөздер: ислам, діни мәселе, діни сауаттылық, мұсылман әлемі, исламның таптық мәні, тарихи 

дерек. 

Н. Төреқұлов қандай да ж

оғары лауазымды қызметтерді атқарып жүргенде, тек саяси шешімдер 

ғана қабылдап қоймай, ғылыми мұрасында мәдениетке, дінге қатысты мәселелер бойынша да талай 

еңбек атқарды. Жалпы адамзаттық құндылықтарды өз халқының салт-дәстүрімен ұштастыра білді. 

Нәзір  Төреқұловтың  ислам  дініне  байланысты  жазылған  еңбектерін  әр  қырынан  талдайтын 

болсақ, ол ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдардағы ғылыми білімдердің өзіндік айқындалуымен қазіргі 

зерттеушілер  үшін  тарихи  деректік  маңыздылығы  зор.  Н.  Төреқұловтың  бай  шығармашылық 

мұрасында ислам діні тарихы мәселесін қарастыруымен ерекшеленеді. 

Нәзір Төреқұловтың анасы діндар әйел болған. Анасының ықпалымен ол бала күнінде ислам 

жайлы  алғашқы  діни  сауаттылығын  ашты.  Бұл  алған  білімі  Қоқандағы  жаңа  үлгіде  дінге  ден 

қойған жадиттік мектепте оқып жүргенде өрісі кеңейіп, араб алфавитінен басқа, Құранды оқу және 

үзінділерін жаттаумен шұғылданды. 

Нәзір  Төреқұлов  мұсылман  әлемінің,  арабтық  Шығыстың  ерекшеліктерін  жақсы  білді.  Ол 

бірнеше  рет  үлкен  және  кіші  қажылыққа  барып,  ислам  шарттары  мен  дәстүрлерін  ұстануға 

тырысты [1, 22 б. ]. Жергілікті элитамен қарым қатынас жасағанда оларға әртүрлі кәдесыйлар мен 

сыйлықтарды сыйлағанда ерекше ілтипаттылықты сақтай білді. Сыртқы істер Наркоматына жазған 

ұсыныстарында ол басқа европалықтар сияқты револьверлер мен спирттік ішімдіктер сыйлағаннан 

көрі сыйлықтар қорын ұштайтын пышақтар, сағаттар, балаларға арналған жейде тігетін маталармен 

қамтамасыз етуді сұрайды. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет