Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет465/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   963
№ 3 (106) 2015

277


дарады. Осы кезеңде әр түрлі саяси партиялар пайда болып, жария түрде әрекет жасай бастады [4, 

11 б.].


Нәзір Төреқұлов күншығыс мемлекеттерінің бәрінде де коммунист, жұмыскер партияларының, 

ал Ява аралында мұсылмандардың «Шариғат ислам» ұйымының ішінде мұсылман коммунистердің 

бар екендігін айқындай отырып, қалың бұқараның әлі жол таппай дағдарып отырған себептерін 

көрсетеді  [3,  134  б.].  Еуропа  жұмыскерлері  коммунист  партиясына  еріп,  «капиталистерге  қарсы 

күресте бірге, бөлінбей отырғанда, күншығыс жұмыскер кедейлеріне: империалист отаршылдарға 

қарсы  шыққанда  буржуазиямен  бірге  қосылып  шығыңдар»  деп  отырғандығына  мән  береді.  Ал 

күншығыс жұмыскері һәм кедейі, егіншісі енді бас көтеріп «дүниені» танып келе жатыр.  Бұларға 

кәзір «мемлекеттеріңіздің билігін қолдарыңа алыңдар» деу соғысқа даяр болмаған әскерді жауға 

шығарумен  тең.  Марксизм,  коммунизм  жолы  –  босану  жолы  екендігін  дәйектей  отырып,  әлі 

күншығыс коммунистерінің коммунистерінің көп тәжірибе татып, білім арттырып, күш жиюлары 

керек, келешекте өз мемлекеттерін өз қолдарына алуға даярлану керек екендігін көрсетеді. Еуропа 

пролетариатының көмегі, көсемдігімен күншығыс тарихтың үлкен төте жолына шықпақ. Еуропада 

пролетариаттың буржуазияны жеңген күні күншығыс халықтарының босанғаны! Екеуінің тағдыры 

бір-біріне байлаулы. Еуропада буржуазия жеңілгенше күншығыс құлдықтан шықпайды. Күншығыс 

кедейлері! Бұл күн жақын, даярлану керек! [3, 135-136 б.]. Нәзір Төреқұлов болашақта күншығыс 

халықтарының тәуелсіз ел құру жолына даярлануға шақырады. 

Нәзір  Төреқұлов  еңбектері  осыдан  80-90  жылдан  астам  уақыт  өтсе  де,  маңыздылығы, 

құндылығы төмендеген емес. Кеңес өкіметі орнағанан кейін басшылық қызмет иеленгендердің көбі 

дін  мәселесіне  қырын  қарағаны  белгілі.  Нәзір  Төреқұлов  діннің  адам  баласы  тарихында  өзгеше 

мәнін басынан анық түсінген, сондықтан, белсенділердің дүрмегіне қосылмаған, діннің қасиетін 

жоғары бағалай білген. Ислам дінін талқылауда дуалистік принциптерді ұстанды. Мұны «Ислам 

және  коммунизм»,  «Имандылық»,  «К  вопросу  об  антирелигиозной    пропаганде  на  востоке  как 

нужно подходить к изучению ислама» мақалаларынан байқауға болады.  

Н.  Төреқұлов  «Ислам  және  коммунизм»  деген  мақаласында  ислам  дінінің  күшті  жағы  ол 

көптеген  ұлттар  мен  ұлыстарды  бірлестірудегі  пайдалы  қызметін  көрсетеді;  адамның  ождан, 

наным-сенім, бостандығына қойылмайтындығын мәлімдейді.

1 Ислам санасы революция нәтижесінде пайда болған құбылыс, ру шеңберінде бұғып келген 

араб тайпаларының тіршілігін ислам мен ұлы дүмпу олардың ауыз бірлігіне шығарды.

2 Ислам көшпенді бәдәуилерге ауызбірлік жолын үйретіп, ынтымақ дарытты, басын біріктіріп, 

біртұтас араб ұлтына ұйыстырды, жаңа партияның іргесін қалады.

3 Саяси экономикалық шара көру және епті насихат жүргізу жолымен ислам Шығыстан Батысқа 

дейін кеңінен таралып үлгерді. Ендеше адамзат үшін исламның ерен еңбегі һақиқат, әділет һәм ре-

волюция жолына қызмет еткен [ 5, 30-33 б.]. 

Исламның ХХ ғасыр, яғни капитализм дәуірінде не коммунизмнен 1300 жыл ілгері ғұмыр кешкен 

арабтар арасында жүзеге шығуының ықтималдығына һеш бір ақылмен кепіл бере алмайтындығын 

ескертеді. 

Дінді  үкіметтердің  қолындағы  жойқын  қаруы  ретінде  қолданғандығын,  үстем  тап  өкілдері 

алланың  рақымымен  өздерінің  таптық  артықшылықтарын  мәңгі  иеленбек  мақсатта,  еш 

тартынбайтындығын айтады. 

«Түркістан автономиялық республикасы» атты мақаласында мұсылман дінбасылардың бұратана 

қоғам  өкілдерінің  прогрессивті  бөлігімен  күресте    бір  жағынан  ресми  мемлекеттік  органдарға, 

екінші жағынан схоластика мен фанатизмді орнатып реакциялық рөл атқарып отырғандығын атап 

өтеді. Ал конфессиональдық мектептер қараңғылық ошағына айналып отырғандығына тоқталады 

[6, 320 б.].

Нәзір Төреқұлов «Имандылық» деп аталатын мақаласында «ислам және коммунизм пәлсапасын 

һәммеға ұғындырмақта бір ғана өлшем болса керек.

Имандылық, имандылық һәм имандылық», - деп Мәскеуде тақуа болып күн кешірмектің жолын 

таппай  қапалы  болып  отырғандығын  айтады.  Біз  Нәзір  Төреқұловтың  адамгершілік,  азаматтық 

деңгейінің  биік  екендігін  аңғарамыз.  Түркістан  республикасы  Орталық  атқару  комитетінің 

төрағасы болып қызмет еткен жылдары Н. Төреқұлов дін мәселесі жөнінде де үлкен мемлекеттік 

қайраткерлер шеше алатын қадамдар жасаған. Оның барлық мекемелерде демалыс күнін жексенбіден 

жұмаға көшіру туралы қаулыға (7.02.1921.) қол қоюы одан кейінгі ондаған жылдарда Орта Азия 

халықтарынан шыққан бірде-бір лауазымдының түсіне де кірмеген шара.  Тіптем Нәзір Төреқұлов 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет