Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет490/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

291


Тәңір ұғымы барлық халықтардың дүниетанымында сақталған.  Орталық Азиядағы халықтар: 

алтайлықтар – «тенгри», буряттар – «тэнгри», якуттар – «тангара», тувалықтар – «дээр», шорлар 

– «тегри» десе монғолдар -  «тэнгер» деп атаған. А.Ш. Махаеваның айтуынша бұлардың айтылуы 

әртүрлі болғанымен, мағынасы барлық халықтарда бірдей болған [7, 22].

Ғалым С.М. Сыздықовтың айтуынша  «Тәңірге табынудың екі тұрғыдан түсінген жөн дейді: 

бірінші, сол кездегі адамдардың тік бағыттағы космогониялық түсініктерінің көрінісі болса, екіншісі, 

әлеуметтік сарында яғни көшпелі Қағанаттың дәстүрлі саяси қоғамдық табиғатын сақтау идеясы». 

Бұдан ұғатынымыз екі жақтылықтың өзара тығыз байланысы байқалады [8, 173]. Түрктерде бір 

тәңір ұғымы болғандығын ортағасырлық саяхатшылардың еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы, 

араб географы Әл-Макдиси ортағасырлық түрктер туралы естелігінде «түрктер бір Тәңірі дейді», 

бұдан  ұғатынымыз  түрктерде  бір  ғана  құдай  болған  дейді  саяхатшы  географ  [9,  151].  Сонымен 

қатар, аспанға немесе көкке сиыну ұғымы туралы азда болса қытай жылнамаларында сақталған. 

Мысалы,  Таншу  жылнамасында  Алтай  түрктерінің  діні  туралы  қызықты  мәліметтер  кездеседі. 

Онда: «Қаған әрқашан Дугин тауында тұрады. Хан ордасының есігі шығысқа қаратылған. Ол күнге 

құрметтілікті білдірсе керек. Қаған әр жыл сайын ең жақын бектерімен бесінші айдың ортаңғы он 

күндігінде қара халықты жинап, өзен бойында көкке бағыштап құрбан шалады [1, 75]. Бұл көрініс 

Шығыс Түрк қағаны Ышбараның Дугин тауын мекендеп тұрған кезінде болған болуы керек [10, 

235]. Одан әрі Дугин тауынан 500 ли қашықтықта биік тау бар, ол таудың басында не ағаш, не 

өсімдік өспейді, оны Бодын-інлі дейді. Қытай тілінен аударғанда «аймақты қорғаушы рух» деген 

мағына  береді  және  түрктер  рухтарға  сиынады  және  бөріні  құрметтейді  делінген  [1,  75].  Көкке 

құрмет көрсету кейінгі түрк халықтарында да сақталып қалды. Мысалы, кейінгі қазақ халқындағы 

көкке арнап жаңбыр жаудыру мақсатында жасалатын «тасаттық» беру секілді ғұрыптық рәсімнің 

бар екенін айтуға болады. Ал, Хакастарда көкке бағыштап, құрбан шалу рәсімін «тығыр тайы» деп 

атайды, дәл осындай құрбандық ғұрып қырғыздарда да «тайы» деген атаумен сақталған [3, 309]. 

Сол үшінде түрк халықтарының ұғымында, барлық ризық несібе көктен келеді, Тәңір жарылқайды 

деп  көкке  құрмет  көрсеткен.  Осыған  байланысты  қазақта  «тәңір  жарылқағыр»  немесе  «тәңір 

жарылқасын» деген сөздер қалған [11, 248]. Л.Н.Гумилевтің пікірінше мұндағы түрктердің «аспан 

рухы» деп отырғанын қытайлықтар Көк Тәңірі деп түсінген болуы керек дейді [1, 75]. Сол себепті 

Тәңір сөзіне «көк» сөзі қосылып «көк тәңір» деп аталып кеткен. Аспанға немесе көкке яғни Тәңірге 

құрмет көрсету кейінгі уақытқа дейін жалғасып келді. Ислам дінінен шалғайда жатқан қазіргі түрк 

халықтарында да бұл ұғым өз мәнін жойған жоқ. Атап айтқанда, ежелгі халықтардың бірі хакастарда 

әлі күнге дейін әртүрлі рулық рухтарға, аспанға сиыну басым көрініс берсе, ал шамандықтың түрлі 

ғұрыптары да осы халықта ерекше сақталған [12, 463].

Түрктердегі тотемдік сенімдерге келетін болсақ, мұны жоғарыда айтып өткен өздерінің шығу 

тегі туралы аңыздармен түсіндіруге болады. Осыған байланысты түрктердің әр тайпасында өзінің 

рулық тотемі болған. Мысалы, қырғыздар бұғыны құрметтеп «бұғы ана» десе, тибет халқы өздерін 

маймылдың аталығы мен раушастың аналығынан шығарған, ал монғолдар бөрі мен ақмаралдан, 

түрктер аналық бөрі мен ғұн ханзадасынан тараймыз деп иланған [1, 21]. Бөрі тотемі түрктерден 

бұрын  ғұндарда,  үйсіндерде  және  телелерде  де  сақталған.  Мысалы,  «қол  аяғы  кесілген  ғұн 

ханзадасын құтқарған бөрі», «Үйсін Күнбиін құтқарып қалған қарға мен бөрі», және т.б. Ал, Ашина 

түрктері  мен  Телелердің  шығу  тегі  мистикалық  жолмен  бөріден  тарайтынын  еске  алсақ,  онда 

Алтай түрктерінің тотемдік тұрғыда құрметке лайықтысы расында да бөрі болып табылады. Бөрі 

жаратылысынан ерекше тіршілік иесі. Барлық түрк халықтарында бөрі ерекше сый құрметке ие, 

әрі барлық түрк халықтарының фольклорында сақталған. Сондықтан да «иттің иесі болса, бөрінің 

тәңірісі  бар»  деген  мақал  түрктерден  қалған.  Мысалы,  түрктердегі  ерекше  қорғаушы  жасақты 

«фули» [13, 222], яғни бөрілер деп атаған. Бұл бір шетінен әскерлердің ержүректігін сипаттаудағы 

бөрілердің мінезін көрсетсе, екінші жағынан тотемдік мағына беретінін еске салады. Ал, жоғарыда 

келтірген генеалогиялық аңыздарға сүйенсек ортағасырлық түрктер дегеніміз аталған үш халықтың 

(ғұн, үйсін, теле) тікелей ұрпағы болып табылады. 

Орхон  ескерткіштерінде  кездесетін  және  барлық  түрк  тілдес  халықтарының  фольклорында 

сақталған Тәңірден кейінгі құрметке ие – Ұмай ұғымы. Ұмай атауы Орхон жырларында бірнеше 

рет қайталанады. 

Ұмай.  Ортаңғы  әлем.  Байырғы  түрктер  дүниетанымында  Ұмай  ерекше  құрметке  ие  болған 

киелі ұғым болған. Ұмай ана – отбасы мен бала-шағаның қорғаушысы саналған. Тоныкөк құрметіне 

орнатылған ескерткіште: “Тәңірі, Ұмай, қасиетті Жер-Су ықыласын берген екен!”, – делінеді 

[5, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет