Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет593/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

357


Бұдан шығатын қорытынды, б.д. б. ІІІ ғасырдың өзінде ғұндар елдіктің негізі болып табылатын 

«жер»  немесе  «территория»  мәселесін  бәрінен  жоғары  қойған  және  оны  қарулы  күшпен  қорғай 

білген. 

Қытай  деректеріне  жүгінсек,  түріктер  көне  ғұндардың  мұрагері,  тіпті,  оларды  бір-бірінен 

бөлуге  болмайды.  «Ғұн»  немесе  «түрік»  бір  этностың  әр  кезеңде  әр  түрлі  аталуы  ғана.  Тан 

дәуірінің  жазба  деректері  түріктерді  көп  жағдайда  «ғу»,  немесе  «ғұн»  деп  атап  отырған.  «Чжоу 

кітабында»:  «түріктер-ғұндардың  бір  тармағы.  Билеуші  тайпасы-Ашына.  Олар  өз  алдына  ұлыс 

құрды» [6] делінеді. Қытайдан табылған Шығыс Түрік санғұны Ашына Чжун құлпытасында оның 

арғы  атасы  сяхудың  әулеті,  Ашына  тайпасы  Ся  тайпасының  бір  бұтағы  делінсе  [7,273]  импера-

тор қабір кешеніндегі келесі бір түрік санғұны Ашына Сымаға орнатылған құлпытаста да оның 

руы Шұғайқұзын жайлаған Ашына тайпасынан, оның мәртебелі арғы тегі ғұндардың чунвэй (

维) әулетінен, өсіп-өнген әулеті тұп-тура ғұндардың Мөде тәңріқұтына тірейді [8,234]-дейді. Бұған 



қарағанда Ашына тайпасы ғұн тәңірқұттарының әулетінен келе жатқан, «қаракөктің тұқымы» бо-

лып шығады. Сондықтан Таң императорының: «қазіргі қаған ерте заманның тәңірқұты ғой» деуі 

тектен текке айтылмаған.

Қытай мен Парсының, Византия мен Араб империясының сыртпен қарым-қатынас тарихында 

өзіндік өрнегін қалдырған көне түріктер б.д. VI ғасырында  ата-бабаларынан қалған мемлекетті 

қайта құрып, оны мәңгілік етуге атсалысты. Сақтар өз кезінде сыртқы жауға қарсы тұрып, Отан 

қорғаудың үлгісін жаратса, ғұндар мемлекет шекарасын нақтылап, әскери шепті нығайтты. Батысқа 

кілең  ақ  боз  атты,  шығысқа  қаракөк  атты,    терістікке  қара  атты,  түстігіне  жирен  атты  жасағын 

орналастырды. Мөде тәңірқұт таққа отырып, ел іргесін бекітісімен, садақшы сайыпқырандарының 

санын 400 мыңға жеткізді [5]. 

Ғұндардан соң тарих сахнасына шыққан түріктер де Түркі қағанатын құрған күннен бастап, 

еуразиялық кеңістіктегі ырықтылықты өз қолдарына алды. Бұл ретте олар көне ғұндардың мемлекет 

басқару тәжірибесін, әскери дәстүрлерін бұлжытпай пайдаланды. Сондай-ақ, Қытаймен, Парсымен 

және  Византиямен  күнделікті,  тығыз    қарым-қатынас  жасай  отырып,  ол  елдердегі  мемлекет 

басқарудың  тиімді  жолдарын  өздеріне  үлгі-өнеге  етті.  Сол  кезде  Орта  Азия  мен  оған  көршілес 

аймақтардағы кез-келген халықаралық мәселелер Түркі қағанатының араласуынсыз шешілмейтін 

[9,114].  Түркі  қағанаты  әуелі  Қытайдың  Солтүстік  Ци,  Солтүстік  Чжоу  патшалықтарымен 

қарым-қатынас жасап, оларды өздеріне бағынышты қылды. Қытай дерегінде Түркі қағаны Табар 

«оңтүстіктегі екі ұлым маған адал болса ештемеден тарықпаймын» дейді. Бұл Византия императо-

ры Тибериус ІІ (Тіberius II 520-582)-нің Түркі қағанатына өз елшісі Валентиносты жіберген кезі еді. 

Бірақ Істемидің тағына отырған ұлы Тарду қаған византиялықтардың Еділ бойы мен Қаратеңізге жет-

кен аварларға қолдау білдіргеніне ашуланып, елшіні көңілсіз қарсы алады. Артынша қалың қолын 

аттандырып Қырымдағы византиялық келімсектерге шабуыл жасайды. Осында түріктер Еуропаға 

бұрындары жеткен ғұндардың соңғы  көсемі Анагайдың көмегімен, Босфордағы византиялық қала 

Пантикапаеумды қоршап алып шабуылдайды. Артынша б.д. 581 жылы түріктер Қырым түбегіне 

кіріп, оны 10 жыл бойы уысында ұстап тұрады. Осы арқылы Түркі қағанаты уәдеге опасыздық ет-

кен Византия императорына өз әлеуетін көрсетіп қоюды ойлады. Бұл түркі қағанатының сол кезде 

ешкімнің қас-қабағын бақпай тәуелсіз әрі батыл сыртқы саясат қолданғанын, сондай-ақ, қағанаттың 

атақ-абыройына саятын мәселелерде өз бетімен шешім қабылдап отырғанын көрсетеді. 

Ол кезде батыста Парсы және Византиямен болған соғыстарда ырықтылыққа жеткен түріктер, 

шығыста Қытайдың Суй патшалығын онша  менсінбейтін. Тіпті, Суй императорының қоластындағы 

оған наразы әскери төрелер мен солтүстіктегі ұлықтардың бірсыпырасы Түрік қағанатынан пана 

тілеп қашып келді. Ол туралы «Жаңа Таң кітабында»: «Суй әулетінің даиэ жылдарындағы (605-

618)  дүрбелеңде  Шібір  қаған  Түркіт  шад  таққа  отырды.  Хуасиялықтардың  (қытайлардың-авт.) 

бірсыпырасы  соған  барып  паналады.  Қытан,  шығай,  тұйғын,  көтең  секілді  елдер  де  түгелімен 

соған қарады.  Ду Цзяньдэ, Суэ Цзуй, Лю У-чжоу, Лян Шиду, Ли Гуй, Ван Шичундар бір кезінде 

айдарларынан жел ескенімен, бәрі де оның қолтығына кірді. Оқшыларының саны 1 миллионға жетті. 

Роң, дилер ертеден осыншама дәурендеп көрген жоқ еді» [10] дейді. Демек, Түркі қағанаты осы кезде 

ең күшейіп, әскерінің саны 1 млн. ға жеткен. Бұл бүкіл Еуразия кеңістігін түгел жауып кетердей 

күш  еді.  Осы  кезде  Суй  патшалығының  Тайюаньда  тұратын  әскери  ақсүйегі  Ли  Юан  көтеріліс 

жасау ниетіне келіп, Түрік қағанатының көмегіне жүгінеді. Бұл деректер үш ғасыр бойы әлемге 

әйгілі болған Таң мемлекетінің түріктердің қолдауымен құрылғандығын әйгілейді. Тан империясы 

құрылып, бірінші император дүниеден өткенше олар Түркі қағанатына деген тәуелділіктен арыла 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет