№ 3 (106) 2015
373
Сондай ірі тұлғалардың бірі, ХХ ғасырда ұлттық тұлға биігіне көтерілген, ерекше азаматтық
мәртебеге ие болып, халықтық бағаға лайықты болған тарихтағы азаматтардың бірі – Жұмабек
Ахметұлы Тәшенев. Ол 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы Бабатай
қыстағында, Тәшен Жақсыбай отбасында дүниеге келген. Оның есімімен ХХ ғасырдың 60-шы
жылдарындағы қазақ халқының саяси тарихы тығыз байланысты болды. Кезінде Министрлер
Кеңесінің және Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағалығына дейін көтерілген мемлекет жене
қоғам қайраткері.
Өмірбаяның қысқаша айтсақ, 19281933 жылдар аралығында жергілікті Шаруашылық жастар
мектебінде оқыған. 19331934 жылдары Ақмола құрылыстық техникумда бір курс оқыды. 19341939
жылдар аралығында Ақмола, Ақмола облысы Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Солтүстік
Қазақстан облысы Советтік, Бейнеткор аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшысы болып
қызмет атқарған. 19391943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынба-
сары қызметіне көтерілді. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының
орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 19471948
жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 19481951 жыл-
дар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе
облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет
істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен.
Өзінің қызмет атқарған жылдары қандай жұмыста болсын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық
жағдайын естен шығармайтын. Ел игілігі үшін атқарған жұмыстары жеміссіз болған жоқ. Бірнеше
рет КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1956-
1961 жылдары КОКП Орталық комитетінің мүшелігіне кандидат және төртінші сайланған КСРО
Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1949-1961 жылдары Қазақстан Комунистік партиясы Орталық
Комитетінің мұшесі, 1955-1961 жылдары оның президиум мүшесі болды [1, 464 б.]. Ел ағасы болып
танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі мен мемлекетіне еңбегі сіңген үшін Ленин,
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. Жоғарғы
лауазымды қызметтен кеткеннен кейін көптеген монографиялар жазып, экономика саласынан
кандидаттық диссертация қорғады [2].
Астана қаласының мемлекеттік мұрағатында Жұмабек Тәшеневке қатысты талай құжаттар бар.
Жұмекеннің өмірбаяны, туып өскен ортасы, отбасылық жағдайы, өмірлік қызмет жолы [3]. 1937-
1965 жылдардағы кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы (көшірме) [4]. Ақмола облысын Ле-
нин орденімен марапаттау кезіндегі митингіде Ж.Тәшеневтің жасаған баяндамасы [5]. Қазақ КССР
Министрлер Кеңесінің төрағасы Б. Әшімовтың Жұмабек Тәшеневке дербес зейнетақы тағайындау
туралы Г.Ф. Сизовқа жазған хаттарын кездестіруге болады [2].
Газеттерде басылған мақалалар: «На древней казахской земле», «АждаҺаны ауыздықтаған
баһадүр», «Елін сүйген ер еді», «60-шы жылдың салқыны», «Алыптардың ардағы, зиялы топтың
сардары», «Факт-аргумнент истории», «Вы не против нас, вы-за себя», «Халық үшін жан пида»,
«Азамат ары», «Ұмытпайық», «Халық кеңесі» [6].
Тәшеневті еш себепсіз қызметтен босатып, оны орталық ұзақ бақылауға алды. Шымкент
облысына бірінші хатшысының орынбасары етіп қойылды. Сөйтіп Тәшеневтің мансаптық
сатысына балта шабылды. Бұл қызметтен 1961 жылы қантар айында босатылған соң, ұзақты
бес ай жұмыссыз отырғызып, кейін Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы
орынбасары қызметіне дейін төмендетілді. Осылайша аяулы азаматымыз омірінің соңына дейін сол
өңірде тұрып, 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында дүниеден өтті.
Өзінің естелігінде атақты партизан, мемлекет қайраткері, ғалым, белгілі жазушы Әди Шәріпов:
«Баяғы заманда Бөгенбай, Кенесары мен Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп сыртқы
жаулармен соғысып аман сақтап қалған қазақ халқының ата – мекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы
болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенев. Қазақ халқының ерте заманнан бері қоныстанған тамаша
шұрайлы жерін, бір қатерден оның сақтап қалғанының куәсі болғанбыз», - деп жазған [7, 13 б.]. Ал
Елбасымыз: «Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгіегі
тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін зерделейсің...»,
деп нақтылаған.
Елім, жерім деп еңіренген қазақтың басынан не күндер өтпеді десеңші. Осыншама қиындықты
жеңіп, биліктен босатылса да, қазақ елінің жерін сақтап қалуға өз үлесін қосқан Жұмабек
Ахметұлының еңбегі ерекше.
|