Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
374
Сол үшін таяқ жеп жатса да ол тайсалмаған. Мәселен, тың өлкесін Ресей Федерациясына қосу
туралы КОКП Орталық Комитетінің басшысы Хрущев Тәшеневтің пікірін сұрағанда ол ашық өз
қарсылығын былай білдірген: «Мен өзім Ақмолада туып-өстім, менің ата-анамның, ата-бабамның
жаны осы жерде жай тапқан. Енді осы жерді бізден алып, Ресейге бергелі отырсыздар. Мұндаймен
ешбір қазақ келіспейді. Ойланыңыздар, жолдастар! Мен осындай мәселенің көтергенің өзіне жан-
тәніммен қарсымын!» - депті. Ал оңтүстіктегі үш ауданның жерін Өзбекстанға беру туралы пікірін
сұрағанда: «...мұндай мәселені де шешу түгіл, көтерудің өзіне қарсы...» екенін айтқан болатын.
Бұған шамданып қалған Хрущев: «КСРО біртұтас мемлекет, сондықтан қай республикаға
қандай жерді беру керектігін біз сізден Тәшенев сұрамай-ақ шеше аламыз», - дегенде: «Олай
болса бұл КСРО Конституциясына қарсы шыққандарыңыз. Ал онда әрбір республиканың аумағы
оның бұлжымас меншігі делінген. Егер Конституцияның бұл талабы өрескел бұзылатын болса, біз
халықаралық ұйымдардың араласуын сұрауға қақымыз бар» [8], - деп Тәшенев тойтарып тастайды.
Байтақ елдiң бейбiт өмiрi кезiнде Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы болып
тағайындалған Ж.Тәшенев жалғыз өзi Орталықтың қыспағына төтеп берiп, Сарыарқаның бес
облысының аумағын Ресейге бергiзуден аман сақтап қалды. Ж.Тәшеневтiң арқасында Қазақстанның
құрамында қалған жер мөлшерi 565,4 мың шаршы шақырым немесе қазiргi Қазақстан Республикасы
аумағының бестен бiр бөлiгi. Егер сол кезде Жұмабек Ахметұлы Орталықтың айтқанынан шықпай,
көршi республикаға аталған бес облысты бере салғанда, Ресей Федерациясының құрамына
қарапайым есеппен 3,7 миллион адам (1999 жылғы халық санағы бойынша) кетiп қалар едi [9, 166
б.]. Қазақ жерін қорғап, сақтап қалды және оны ұлы империяға – Ресейге ұғындыра, таңыта білді.
Оның бұл тарихи қызметі тарихха түсті.
Сонымен қатар бұған Түрiкменстанға кеткелi тұрған кендi Маңғышлақты, Оңтүстiк
Қазақстанның Өзбекстанға тағы да бергiзгелi тұрған үш ауданын Тәшенев бергiзбей, Қазақстанның
құрамында сақтап қалдырғанын қоссаңыз, онда Жұмекеңнiң бүгiнгi тәуелсiз Қазақстан
Республикасы тарихындағы рөлiне қазiргi ұрпақ лайықты бағасын беруi тиiс.
Академик Б. Ермұқанов «Сіз бізге қарсы емессіз, сіз өз күйіңізді күйттейсіз» деген шыққан
мақаласында автор мына жәйтке аса назар аударады: «...60-шы жылдардың бас кезінде Н. Хрущев
Қазақстанның бес облысы кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей
орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде
республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді. Бағымызға қарай, осы
сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы – Қазақ КСР Министрлер
Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенев батыл қарсы шықты. Ақыры Одақ басшысының бұл даурықпа
дәмегөйлік пиғылы жүзеге аспай қалды. Украинаға сый-сияпат ретінде берілген Қырымның ащы
сабағының мысалында Ж. Тәшеневтің тегеурін танытқан теңдесі жоқ ерлігін лайықты бағалауымыз
ләзім десек те, өкінішке қарай, кезінде оның есімі өзі сіңірген еңбегіне сай бағасын алмады» [10],
[11, 3 б.].
Д. Қонаев кейін өзінің «Өтті дәурен осылай» атты естелік кітабында Ж.Тәшеневті республиканың
тізгінді басшылық қызметінен тізеге басып шеттете отырып, Н. Хрущевтің айтқанына көніп,
айдауымен жүруге мәжбүр болғанын, ақыры 1960 жылдың желтоқсан айында көсемнің көкейкесті
көксеген ойына – Тың өлкесін ұйымдастыруға лажсыздан көмектескенін мойындайды, өйткені
«...оған қарсы тұру мүмкін емес болатын, сөйтіп, республикада Батыс Қазақстан және Оңтүстік
Қазақстан өлкелері құрылды. Шығыс Қазақстан өлкесі туралы ұсыныс дайындалып жатты...
Істің қалай, қайда ауып бара жатқанын кейінірек түсіндім. Дәл осы тұста құрамына Өзбекстан,
Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстанның Шымкент облысы басшылары енген
Орта Азия бюросы құрылды. Хрущевтің күллі жымысқы ойы осыдан кейін тайға таңба басқандай
айқын болып еді. Ол болашақта республика арасындағы шекараларды жою жөніндегі өз идеясын
қалайда тезірек жүзеге асырмақ», - деп жазды [12].
Академик Манаш Қозыбаев өзінің «Дерек – тарихи дәлел»[13] деген мақаласында былай деп
көрсетті: «...Ж.Тәшенев және басқа да адамдар Қазақстан аумағындағы ядролық жарылыстарға
қарсы шығып, озбырлықтың құрбаны болды». Ал Д.Қонаев өзінің кітабында «Әрбір нақты жағдайда
әмір Мәскеуден түсетін. Онда қандай да бір аумақты басқа аймаққа қосу жөнінде үзілді-кесілді
айтылып, ол өңірлерді ауылдардан, деревнялардан, шопандар қыстауларынан жылан жалағандай
тазартудың мерзімі көрсетілген. Бұл әмірлер сөзге келместен атқарылатын» деп жазды [14].
Қалай болғанда да, Жұмабек Тәшенев өз заманының тұлғасы. Оның тағдырына 1941-1945
жж. жойқын соғыс, онан кейінгі ел еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан кездегі күрделі де қиын
|