Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет724/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   720   721   722   723   724   725   726   727   ...   963
№ 3 (106) 2015

445


командалық келісімділіктің болуының басты белгісі болып арыз бен жанжалдасудың болмауы және 

жұмысшылардың бір-біріне деген қарым –қатынастарының үйлесімді болуымен сипатталады. 

4.  Шығындар  көзқарасы  жағынан  корпоративтік  тиімділік  (cost–effectiveness).  Шығындар 

көзқарасы  жағынан  корпоративтік  тиімділік  компания  операцияларының  тиімділігімен  бай-

ланысты.  Адами  ресурстардың  артықшылықтары  мүмкіндігінше  пайдалы  болып  қолданылуы 

тиіс.  Шығарылатын  өнім көлеміне  материалдар мен ресурстардың аз шығыны жұмсалып, өнім 

көлемі мүмкіндігінше көп болуы тиіс, ұйым бизнес ортасындағы өзгерістер мен нарық ұсынған 

мүмкіндіктерге жылдап жауап бере алатындай болу керек.  

Адами 

капиталды 



басқарудың 

қолданыстағы 

шетелдік 

тәжірибесі                                                                                                       

Қазақстан  Республикасында  да    мақсатты  түрде  пайдаланылуда.  Отандық  және  халықаралық 

сараптамашылардың  бағалауы  бойынша,  республикада  басқарушы  құзыреттілігінің  деңгейі 

жеткіліксіз,  басқарушылық  аппараттардағы  «кадрлық  тоқыраудың»  болуы,  басқарудың  қазіргі 

кездегі  әдістерінің  және  алдыңғы  қатардағы  білімнің  жоқтығы.  Кейбір  басқарушылардың  кері 

тартпалығы елдегі экономика мен адами капиталдың өсуіне кері әсерін тигізуде.   

Жағдайдың  өзгеруі  үшін  кадрлардың  біліктілігін  көтеру  мен  қайта  дайындау  жүйесі 

жаңғыртылуда. Бірінші кезекте жеке институттарға, бизнес-мектептер мен ассоциацияларға білім 

беретін үдеріске қатысуға мүмкіндік берілуі керек, себебі мемлекеттік білім беру қазіргі кезеңдегі 

трендке  икемсіз  және  тез  қабылдай  алмайды.  Қазіргі  таңда,  Satio  жүйелік  бизнес-технологиясы 

Орталығының  мәліметтері  бойынша,  Білім  беру  министрлігінің  жүйесінде  жылына  600  мың 

тыңдаушы білім алып кететін,  300 аса оқу орындары бар. Сонымен қатар, АҚШ қосымша білім 

беру жүйесінде және Евроодақ елдерінде жылына  25% жасы келген тұрғындар білім алады (бұл 

біліктілігін көтеру мақсатында әрбір қызметкер жылына екі үш мәрте білім алып жүрген, көптеген 

корпоративтік университеттерді қоспағанда). 

Көптеген елдерде бухгалтерлік ассоциациялардың немесе бизнес-ассоциациясының куәліктері, 

мемлекеттік дипломға қарағанда, жоғары бағаланады. Мысалы, Британияда бухгалтерлерді оқытып 

шығаратын  бірде  бір  оқу  орны  жоқ.  Беларуста  қолданыста  жүрген  лицензия  мен  аккредитация 

алу  жүйесі,  кадрларды  қайта  дайындау  мен  біліктілігін  көтеру  облысындағы  әлемдік  бизнес- 

білім беру стандартына сәйкес келмейді. Коммерциялық емес ұйымдар мен кәсіпкерлікті қолдау 

орталықтарына,  бизнес-ассоциацияларына  соңында  сертификат  немесе  куәлік  табыстау  арқылы 

жүргізетін,   басқару саласында біліктілігін көтеру бойынша,  білім беру іс шараларын өткізу үшін 

мүмкіндік берілуі қажет.   

Экономиканың  даму  қарқындылығына  сәйкес  келу  үшін,  тек  еңбек  ресурстары  ғана 

жаңартылмау керек, сонымен қатар, білім беру бағдарламаларда өзгеруі тиіс. Оқытушы мен оқушы 

арасындағы байланыстардың жаңа нұсқасын дамытатын уақыт келді, мысалы, қашықтықтан білім 

беру, бақыланатын өзін өзі оқыту, онлайн–режимінде білім беретін тьюторлар институты, бизнеспен 

жақын араласу керек. 

Айта кететін жайт, әлемде адами ресурстарды тиімді пайдалануды көтерудің жаңа жолдары 

әрдайым  қарастырылуда,  мысалы,  рефлекстік,  аналитикалық  бизнес  пен  басқаруды  қолдану. 

Кадрлардың біліктілігін көтеру жүйесі мен білім беру нұсқасы креативті жұмысшыларды  дайындауға 

бағытталған,    себебі  қазіргі  кезең  жағдайында  адами  даму  факторы,  сөзсіз  ең  маңыздысы  деп 

танылған. Материалды капитал негізінде адами капиталсыз ешнәрсеге тұрмайды. Осыған мысал 

ретінде, басқару тәжірибесіндегі жағдай бола алады, бірдей жағдай мен өндіріс күшінің тең болған 

кезінде, адами капиталдың саны мен сапасына байланысты көшбасшы болып, инвестиция көлемі 

бойынша бір кәсіпорын алға шығады. Ал екінші кәсіпорын инвесторлар мен құрылтайшылардың 

күткен нәтижесін ақтай алмай, дамымай және дағдарыс жағдайға ұшырайды, оған себеп кәсіпорын 

қызметін басқарудағы адами капиталдың сапасының төменділігі.  

Адами капитал сапасын салыстырып және бағалау үшін адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) 

қолданылады.  Бұл  көрсеткіш  (индикатор)  адам  өмірінің  ұзақтығына,  базалық  біліміне  және 

минималды табысқа көңіл бөледі.  Индикатор көрсеткіштері  бойынша көшбасшы елдер қатарында 

Норвегия, Австралия, Нидерланды, АҚШ және  Жаңа   Зеландия болып табылады. Қазақстан  69 

орынды  иемденген.  Қазақстандағы  адами  капитал  индикаторының  БҰҰ  өлшемі  бойынша  орта 

деңгейде  орналасқанын  түсіну    үшін,  адами  капиталды  қалыптастыратын  салаға  мүмкіндігінше 

толық талдау жүргізуге болады. Оларда АӘДИ құраушылар болыg табылады.

Өмір сүрудің ұзақтығы бойынша Қазақстандағы денсаулық сақтауды қарастырайық.  

Қазақстан  138  орында,  өмір  сүру  ұзақтығы  бойынша  көшбасшы  ел  Жапониядан  16  жыл 

айырмашылығы бар.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   720   721   722   723   724   725   726   727   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет