Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет729/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   725   726   727   728   729   730   731   732   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

448


Коммуникация  функциясы  электоралды  мәдениетте  өзіндік  механизмдер  мен  құралдарды 

электоралды технологиялар процесстері барысында қолданумен ерекшеленеді [1].

Басқа елдердегідей Қазақстанның саяси тарихындағы сайлаулар мен референдумдар қоғамды 

демократияландырудың  маңызды  процестері  екендігінде  күмән  жоқ.  Қоғамның  демократиялық 

дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  электоралды  мәдениеттің  үрдісі  мен  ерекшеліктерін  түсінуіміз 

қажет. Өйткені саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында электоралды мәдениет 

міндетті түрде өзгерістерге ұшырайды. 

Электоралды  мәдениеттің  қалыптасуы  мен  дамуы  жоғарыда  айтылғандай  сайлауларға 

қатысуынан  өз  таңдауларын  өз  қалаулары  арқылы  білдірулерінен  көрінеді.  Ол  әр  елде  әртүрлі 

қалыптасқан. Мысалы, Ресей Федерациясының аумағынан тыс жердесайлаушылар, референдумға 

қатысушылардың  саны  шамамен  1,8  млн.  адамды  құрайды.  Шет  елде  тұрып  жатқан  ресейлік 

азаматтардың  белсенді  дауыс  беру  құқығын  жүзеге  асыру  үшін  2011-2012  жылы  федералдық 

сайлауда  әлемнің  146  елдерінде  және  Байқоңыр  қаласында  (Қазақстан)  құрылған  385  сайлау 

учаскелерін басқару үшін 2 аумақтық сайлау комиссияларыұйымдастырылды. Сайлауға барлығы 

қатысқандар: 2011 жылы парламенттік сайлауда 310 мың адам, 2012 жылы президенттік сайлауда 

450 мыңнан астамадам болды. Айтарлықтай шетелдік сайлау учаскелерінің географиясы кеңейді: 

президенттік сайлауда алғаш рет Анголада жұмыс істейтін орыс геологтары дауыс берді; Африканың 

ең  жас  мемлекетті  -  Оңтүстік  Судан  халықаралық  ұйымдарының  қызметкерлері;  Доминикан 

Республикасындағы,  Мальдив  және  Канар  аралдарындағы  Ресей  туристері,  Ресей  Әскери-теңіз 

Тынық  мұхит  флоты  үш  кемелерінің,  Африка  мүйісіндегі  жауынгерлік  тапсырмаларды  орындау 

барысындағы матростары дауыс беруге мүмкіндік алды.

Сонымен  қатар,  алдын  ала  дауыс  беру  Ресейлік  сайлау  мен  референдумдар  заңнамасында 

көзделген. Оны өткізу үшін нақты талаптар ескерілген. 2012 жылы президенттік сайлауда шамамен 

240  мың  дауыс  беруші  Ресей  Федерациясының  аумағында  алдын  ала  және  83  мыңнан  астам 

дауыс берушілер мемлекеттен тыс дауыс берді.Әскери қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері, 

Қарулы  Күштердің  азаматтық  қызметкерлері  Ресей  Федерациясының  аумағында  жалпы  сайлау 

учаскелерінде өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырды. 127 сайлау учаскелері құрылып, 

олардың  ішінде    96  –  оқшауланған,    елді  мекендерден  бөлінген  әскери  бөлімшелер,  31  -  елдің 

шегінен тыс орналасқан әскерибөлімшелер ашылды. Алдын ала дауыс бергендер саны 5,6 мыңға 

жуық. 2012 жылы Ресей Федерациясы Президентінің сайлауында теңіз кемелерінде құрылған РФ-ң 

13 субъектілерінде, 933 сайлау учаскелерінде  30 мыңға жуық сайлаушылар дауыс берді.

Ресей Федерациясының Заңнамасы бойынша пошта арқылы дауыс беру қарастырылған. 2011 

жылдың желтоқсан айында пошта арқылы дауыс беру Мурманск облысында және Санкт-Петербург 

қаласында өткізілді. Мурманск облысының сайлау комиссияларына 1370 азамат  дауыс беруге ниет 

білдірді, оларғадауыс беру бюллетеньдері жіберілді, олардың ішінде тек 489 адам немесе жалпы 

дауыс  бергендердің  0,14  пайызын  дауыс  берді.  Санкт-Петербург  қаласында  1445  адам  немесе 

0,07 пайыз дауыс берді. Сайлау комиссиясы пошта арқылы дауыс беруді ұйымдастыру барысында 

барлық сайлау рәсімдерініңашықтығымен айқындығын қамтамасыз етті.

Ал, Америка Құрама Штаттарының аумағынан тыс жерде дауыс беру құқығы бар шамамен 6 

миллион сайлаушы бар. Пошта арқылы алдын ала дауыс беру құқығы беріледі. Жалпы Интернет 

шифрланған желі арқылы дауыс беріледі (көбінесе әскери ұйымдарда дауыс беру үшін қолданылады).

1986 жылы Конгресс мемлекеттен тыс жүрген дауыс берушілерге заң қабылдады. Осыған сәйкес 

әрбір штатта дауыс беруге көмек көрсету үшін бірыңғай кеңсе құру ұйымдастырылды. 2010 жыл-

дан бастап шет елде дауыс беру мүмкіндігін сақтап қалу үшін (Интернет арқылы толтыру мүмкін) 

арнайы жыл сайын толтырылған нысан жіберу керек. Шетелде дауыс беру бағдарламасына сәйкес 

әр жылдың қаңтар айында бір рет осы нысанын толтырып, жіберукерек. Бұл аталған мүмкіндіктер 

электораттың саяси мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндіктер.

Сол  сияқты  басқа  елдердің  электоратының  саяси  құқықтарының  мүмкіндіктеріне  тоқталып 

салыстыратын болсақ, Ұлыбритания сайлау үдерісіндегі электорат үшін мүмкіндк Ресей мен АҚШ-

қа қарағанда біршама күрделірек. Және де өзіндік шектеулері бар. Ол мына жағдайдан көрінеді, 

мысалы, 1985 жылдан бастап қана, Британия азаматтарына шетелде дауыс беруге мүмкіндігі берілді 

(кеткен  уақыттан  алғашқы  5  жыл  аралығында,  1989  жылдан  бастап  –  20  жыл,  қазір  –  15  жыл). 

Шетелде  тұрақты  тұратын  (5,5  млн.  британдықтар)  адамдар  тіркелді.  Олар  жергілікті  сайлауға 

қатыса алмайды. Пошта арқылы немесе сенімхат бойынша дауыс беру мүмкіндігі берілді. Шетелде 

ұзақ уақыт бойы тұратын адамдар үшін тіркелу қажет. Ал, Германияның азаматтары үшін оның 

ішінде мемлекеттік қызметкерлер үшін заңнамалық құқықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Айталық, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   725   726   727   728   729   730   731   732   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет