Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
452
ұйымдастыру принциптері: а) тікелей сайлау құқығы принципі; б) сайлаудың баламалық принципі;
в) сайлаудың мерзімділік принципі; г) сайлау процедураларының транспаренттілік принципі; д)
сайлаулардың шынайылық принципі; 3) кепілдік және профилактикалық принциптері: а) сайлау
қатысушыларының, азаматтардың заңсыз іс-әрекеттерін шамғымдау принципі; б) сайлау заңнамасы
нормаларын бұзылуы үшін жауапкершілік принципі.
Елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісім электоралды үдеріс кезіндегі конституциялық және
заңнамалық реттеудің даналығы мен сайлау науқанының бұрмалаусыз, әділ және дұрыс өткізілуімен
тікелей байланысты [1]. Немесе керісінше, сайлау барысын қажетті деңгейде конституциялық
және заңнамалық түрде қалыптастырмау, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке алып
келетін ережелердің жоқтығы, сайлау кепілдіктері жайлы құқықтық ережелердің дұрыс құрылмауы,
сайлау дауыстарын жалған санау, адамдарды заңсыз өткен сайлаулардың қорытындысымен
келіспеушілігінен қақтығыстарға алып келетін наразылық көтерілістерге шығуға мәжбүрлейді.
Аталған қақтығыстар өз кезегінде заңсыз бола келе қоғамдық күштердің бір-бірімен келісе
алмаушылығынан қала (қалалар) көшелеріндегі жылжымайтын және жылжитын мүліктерді
қиратылуы, адамдарды жаппай ұрып - соғу, қантөгіске дейін баруы мүмкін.
1995 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі сайлау компанияларын өткізу бойынша әлемдік
тәжірибелерге көз салайық. Бұл кезеңнің басталуын біз 1995 жылдың 30 тамызында республикалық
референдумда қабылданып 20 жыл бойы қызмет атқарып келе жатқан қазақстанның Контитуциясының
қабылдануымен байланыстырайык деп шештік. Біздің талдауымыз бойынша 1995 жылдан бері
президенттерді, парламент депутаттарын, жергілікті өкілетті ұйымдарды, жергілікті ұйымдармен
әкімшіліктердің басшыларын сайлау мақсатында, әлем бойынша 1700 ден астам сайлау науқандары
өткізілген. Оның ішінде 1550-ге жуығы ешқандай көтерілістерсіз, қақтығыстарсыз бейбіт түрде
өткен. Бұл дегеніміз аталған сайлау науқандары негізгі және сайлау заңнамаларын, айта кетсек,
олардағы тікелей, тең бірдей сайлау құқығы ережелерін сақтай отырып, құпия түрде өткізілгенін
көрсетеді. Яғни сайлау шын және әділетті түрде өткенін білдіреді. Осылайша, Конституция, сайлау
заңнамасы және сайлаудың өзі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың айнасындай болды [4].
Онымен қатар БҰҰ-ның Бас ассамблеясы сайлау сұрақтары бойынша кейбір құжаттарда «сайлау
мүше-мемлекеттер арасында шешім қабылдаудың бейбіт құралы ретінде және ұлттық деңгейде
сенімде арттыру үшін қолданып жүргенін, ал ол өз кезегінде ұлттық бейбітшілік пен тұрақтылыққа
әсерін тигізіп жүргенін» мақтанышпен айта кетіп жүргені кездейсоқ болмас.
Соңғы жылдары Оңтүстік Америкада конституциялар, сайлау науқандары және сайлау
заңнамалары тұрақтылық пен қоғамдық келісулерге септігін тигізе бастады. Сөзіміз дәлелсіз
болмасын деп, венесуелалық талдаушы А. Сальгейроның пікіріне тоқтала кетсек, ол осы
субқұрлықта қалыптасқан электоралды-саяси жағдайды былай сипаттайды: «Халықтар әлеуметтік,
саяси және экономикалық парадигмалардың өзгергенін қалайды және талап етеді». Бірақ олардың
бұл өзгерістердің «тайталасты түрде емес.., келісім аясында» өткенін қалайтыны анық. Бүгінгі күні
Латын Америкасы елдерін әр-түрлі консерваторлар, сол радикалдар, сол орталықшылар, әлеуметтік-
демократтар және т.б. басқарады. Әртүрлі кезеңдерде халық алдында тұрған әртүрлі қиындықтарға
сәйкес, сайлау барысында әр елдің электораттары әр түрлі идеологиялық бағыттағы саясаткерлерді
сайлауға мәжбүр, ал бұл елдегі аумақтардың бірнеше бағытта қозғалуына әкеліп соғады.
Онымен қатар соңғы 20 жылда өткен 150 жуық сайлау науқандары қоғамды қанағаттандырмаған,
сондықтан көптеген адамдар сайлау нәтижелерін жариялағаннан соң, алаңдар мен көшелерге
шығып отырған. Бұндай қанағаттанбаушылықтың себебі болып, оппозиция, бәсекелес партиялар
мен үміткерлердің пікірі бойынша, қандай да бір түрде боямалауға ұшыраған нәтиже, әділ өтпеген
сайлауда болған. Мысалы, 2012-2013 жылдары африкалық құрлықта қоғамдық келіспеушіліктер
келесі түрде бой көтерген: біршама зорлық-зомбылық көрінісі бар 5 көтеріліс, 1 сайлауға мүлдем
қатыспау туралы шешім, сайлауды белгісіз мерзімге 5 рет ауыстыру, 2 мемлекеттік төңкеріліс, тек
5 сайлау компаниялары бейбіт түрде өтті деп -танылған. Болып жатқан оқиғалар негізі африка
құрлығының біраз бөлігіне жат емес [4].
Сайлау көтеріліспен аяқталуы мүмкін, егер: 1) сайлауды ұйымдастырушылар сайлаудың
қорытындысына әсер ететін жалған мәліметтер дайындаса; 2) оппозиция сайлаудың қорытындысымен
келіспей, адамдарын көтеріліске алып шығып, соңынан қажетті тәртіпті қамтамасыз ете алмай,
бақылауды жоғатып алса. Жалпы алатын болсақ, наразылық іс-шаралар, әсіресе мемлекет рұқсат
берген іс-шараларда қойылған талаптар орындалатын болса, еш қарсылықсыз құқықтық іс-
|