№ 3 (106) 2015
461
Қазақ әні де лайықты бағаланбай отырғаны анық. Затаевичтің мың әнді жинақтап шығарғаны
болмаса, бұл сала да толық зерттелді деп айта алмаймыз. Әлі де қазақ эстрадасының дамымай
отырғанының бір себебі де осы. Әншілеріміз әлі де болса өздерін бар қырымен көрсете алмай
отыр. Қазақ әншілерінің өздеріне тән мінезі, стилі болғандығы анық. Әншілердің дені серілер
болғандығы тарихтан белгілі. Қазіргі кезде әншілеріміздің жеткен жетістігі – той-томалақта
ақша табу ғана. Мен оларды кінәламаймын да, себебі шығармашыл жан бағыттауды талап етеді,
ал олардың бағыттаушысы – продюсерлері. Қазақ әншілерінің әлемдік аренаға шыға алмай
жүргендігінің басты себебі – продюссерлер мектебінің болмауы. Сол мектепті қалыптастыру
біздің басты міндетіміз болуға тиіс. Қазіргі ақпарат заманында тек ақпаратты басқару арқылы ғана
жетістікке жетуге болады, соны біздің продюссер атанып жүрген ағаларымыз түсінсе құба-құп
болар еді. Сонда талантты әншіні ел ішінде ғана емес, әлемде де танытуға болады. «Тесік моншақ
жерде қалмайды» деп жүре беретін заман өткен, қазіргі заманда бейнелі тілмен айтқанда оны тауып
қана қоймай, тапқаныңды елге жар салып, оны жақсылап жуып-тазалау керек, содан соң оның
жақсы жақтарын айтып мақтауың қажет. Сонда ғана ол жерде қалмайды, әйтпесе оны жұрт елемей
жүре береді, тіпті таптап кетуі де мүмкін. Бұл салада батыстың тәжірибесін толығымен көшіре
саламыз деу бекершілік болар еді, продюссерлер топты не жеке әншіні ерекшелендіруде ұлттық
мінезге арқа сүйеуі ақылға қонымды. Дау-жанжалға құмар батыстың топтарынан жалыға бастаған
жұртшылыққа қазақ әншілері ұлттық мінезді көрсете білсе, зор табысқа қолдарына жетеріне
сенімдіміз. Ал батыстық әншілерді қайталаймын деу талантсыз әншісымақтардың, әсіресе олардың
«продюссерлерінің» әрекеті деп ойлаймын. Өмір бойы ән айтуды қадірлеп келген қазақ елінен
талантты әнші шықпады деудің өзі барып тұрған сорақылық. Мысалға, таланты бар әнші Алмас
Кішкенбаевтың продюссерлері жасаған бейнесі Дима Биланның бейнесіне қатты ұқсайтыны көзге
ұрып тұр. Ал Билан бейнесінің Иглесиастың бейнесіне ұқсастығы бар екендігін ескерсек Алмастың
бейнесі көшірменің көшірмесі болып отыр. Бұл оның продюссерлері әншінің бағына балта шапты
дегенмен тең. Білуімше, подюссерлерді даярлайтын бірде-бір оқу орны жоқ. Ең алдымен сол
олқылықтың орнын толтыру қажет.
Қазақтың биі де жеткілікті деңгейде зерттелмеген десем дәл үстінен түсетін сияқтымын.
Мұның бір дәлелі – қара жорға биінің аспаннан жай түскендей пайда болуы. Осыған дейін ондай
бидің бар екендігін көбіміз білмей келген едік, тіпті қазақта қамажайдан басқа би бар дегенге басқа
түгілі кейбір қазақтың өзі сенбейтін еді. Осы биді сақтап қалып халыққа қайта таныстырғаны
үшін Қытайдағы қандастарымызға мың да бір алғыс. Бұл би қазақтың тағы бір артықшылығына
айналғаны анық. Көптеген әлемге танымал билерге әдемілігі мен қиындығы жөнінен дес бермейтіні
бірден көрініп тұр. Ендігі шара осы биді бүкіл қазаққа үйрету болуы тиіс. Және де әр қазақтың
орындауы жоғары деңгейде болғаны абзал. Бұл биден басқалары да қазақта бар болуы керек, оларды
толықтай зерттеп халыққа ұсынылуы керек. Қазақ бишілерінің балетте де басқа би үлгілерінде де
үлкен жетістіктерге жеткені белгілі. Алайда қазақ билерін жаңа заман талаптарына сай деңгейде
өзгертеміз деп эклектикаға ауып кететін жағдайлар да жеткілікті. Бұл жағдай тек биде ғана емес
көптеген салаларда орын алып отыр. Қарағандылық балетмейстер Д. Төребековтың ирландтық степ
пен қазақ билерінің театрын құруы (мұндағы биде степке қазақ билеріне тән қолдың іс-қимылдары
қосылады) осының бір көрінісі болып табылады [1]. Осындай әрекеттерден аулақ болуымыз қажет.
Бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен мұраларының бірі – шешендік өнер. Қазақтың
шешендік өнерге қаншалықты мән беретіндігі айдан анық. Ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілеріне
назар аударсақ, еліміздің сөзге құлақ асқанын, сана билігінің жүзеге асқанын көруге болады. Кез-
келген адам сана билігінің көрініс болатын билердің сөзіне бағынғаны анық байқалады. Жалпы,
орынды сөзге хан да қара да бағынғанын айта кеткен жөн. Әділ сөздің алдында бәрі де тең деп
есептелген. Қарапайым халықтың ешқашан құл болмағанын қарапайым мысалдан көруге болады.
Қазір орыстың «господин», ағылшынның «mister» сөздерін мырза деп аударып жүр. Алайда ол
сөздердің түбірі құлдың иесіне айтатын сөздерден шығады, ал мырза сөзінің мағынасы мүлдем
бөлек, ол орыстың «щедрая душа» деген ұғымына жақындау. Құлдардың иесіне айтатын сөзі
қазақта тіптен жоқ. Қазақ ешқашан шындықты бетке айтудан тайсалмаған халық, ханға «хан ием»
дегенмен қателігін бетіне басудан қаймықпаған. Тәуке хан, Абылай хандардың тұсында осындай
демократия үлгісі болған кезде демократияның бетке ұстары деп есептелетін АҚШ, Ұлыбритания
сияқты елдерде қандай жағдай болғаны белгілі. Қағаз жүзіндегі заң билігінен гөрі санаға жүгінетін
демократия елімізге жақындау көрінеді. Бұған ата-бабаларымыздың санасы жете алса біздің де
өреміз жетеді деп сенемін.
|