Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
540
ӘОЖ 37.014.54
Ж.К. НУРУМОВА, Ш.Ш. ДОСМАГАМБЕТОВА
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ
Аталмыш мақалада еліміздегі саяси жаңғыртудың тиімділігі білім беру саласындағы мемлекеттік са-
ясат арқылы айғақталады.
Түйін сөздер: Жаһандану, интеграция, білім беру, білім беру бағдарламалары, тәрбие жұмысы, сапаны
бағалау.
Белсенді интеграциялық және модернизациялық үдерістердің қазіргі кезеңдерінде әрбір ел
әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде оның алдыңғы қатарлы елдеріне бейімделудің жолдарын
қарастыруда. Біздің еліміздің жыл өткен сайын жаңа технологияларды игеріп, халықаралық ұйымдар
қызметіне қатысушылығын арттырып келеді. Жалпы, сыртқы саяси және экономикалық қызмет са-
ласында қол жеткізген табыстар да баршылық. Мәселен, 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз осының бір жарқын көрінісі болды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының декларациясында білім саласындағы са-
ясат бүгінгі жедел өзгеріс үстіндегі заманда білімнің де осы үдеріске сәйкес болуын, яғни білім
жүйесінің барлық компоненттері (білім жөніндегі ұлттық стандарт, мұғалім, мектеп, оқушылар)
өзгерістерді қабылдауға әзір тұру қажеттігін және жаңалықтарды алға жылжытуда белсенді
әрекеттер жасауға қабілеттіліктерін есепке алатындығы айтылған болатын. Бұл дегеніміз жүйелі
түрде даму, мүмкіндіктерді тұрақты түрде кеңейтіп отыру және халықтың қалың бөлігі арасын-
да білім алуға, дамуға тең мүмкіндік қалыптастыру деген сөз. Міне, аталған дек¬ларация осы
қағидаттарды ескереді.
Декларацияның қабылданғанына біраз уақыт өтсе де, онда айтылған жайттар бүгінгі күн
үшін барынша өміршең болып табылады және маңызы да жыл өткен сайын артып келеді. Барлық
дамыған елдер осы декларацияны есепке ала отырып, өздерінің білім саласындағы саясаттарын
жүзеге асыруда. Бәсекеге қабілетті экономиканы, орнықты қоғамды құру ісі де бүгінгі күндері мек-
теп қабырғаларынан бастау алатындығы жасырын емес. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның білім
мен ғылым жөніндегі қазіргі қолға алып жатқан істері Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының аталған декларациясындағы көрсетілген мақсаттармен және қағидаттарымен әбден
қабысып тұр [1].
Ендеше білім саласындағы мемлекеттік саясат қағидасы – ол білім саласындағы мемлекеттік
саясат негізгі ережеге негізделеді. Ал білім мекемелерінің дербестігі – тәрбиеленушілердің жүйелі
бағалануы аралық аттестациясының мерзімді және тәртіптік, оқу жоспарының бекітілуіндегі және
өңделуіндегі өзіндік білім мекемелерінің ұсынылуы. Білім берудің гуманистік сипаттамасы – білім
беру бағдарламасының және оқу-тәрбие мекемесі жүйесінің кұрылуында айқындалады. Олар кез
келген деңгейдегі білім алудың түрлі тұрғын топтарының шектеусіз құқықтарының кез келген білім
беру сұраныстарын қанағаттандыра алады.
Білім беруді демократияландыру – білім беруге мемелекеттік монополияның жойылуы және
қоғамдық мемелекеттік жүйеге ауысуы; орындарда басқару қызметін максималды тасымалдау мен
өкілетті орталық, аймақтық және жергіліктілік арасындағы басқару мүшелерінің нақты шектелуі;
мақсат, мазмұн, ұйымдасу және жұмыс әдісі, сонымен қоса, кұқықтық, экономикалық, қаражаттық
білім беру мекемелерінің өздігінен таңдауы; педагогтардың білім беру мекемесіндегі басқарудағы
қатысуын бұзылуының іс-әрекет бағалауының, әдістерінің, оқулықтарының технологиясымен
қағида тандауының еркін және шығармашылық құқығы; оқушылардың мектеп пен білім беру са-
ласын таңдауға, үйде білім алу мен мемлекеттік емес оқу орындарда оқуға, қысқартылып, жеке
оқу жоспары бойынша білім алуға, білім беру мекемесінің басқаруындағы қатысуына кұқығы. Ал
федеративті елдерде, федералдық мәдениетті және білім беру кеңістігінің бірлестігі – федералды
бағдарлама дамуының білім беруімен ұлттық, аймақтық және муниципалды бағдарламалармен бай-
ланысты болады, және де әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың жергілікті деңгейлерін,
сонымен қоса, жергілікті білім беру жүйесінің ерекшеліктерін есепке алдыру. Жалпыға қол жетерлік
– барлық оқу орындарының түрі Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына жыныстық,
|