Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
542
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр салтына,
мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада «Білім туралы» Заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі – болашақ
мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл
бағыттағы басты мақсат – оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Білім беруді жетілдіру – қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мо-
раль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және руха-
ни дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды. Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие
жұмысының негізі болуы тиіс. Осыған орай, Министрліктің жанынан ашылған «Жастар ісі комитеті»
жұмысының бағыты айқындалып, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында «Мемлекеттік Жастар
саясаты туралы» Заң жобасы әзірленген болатын. Негізгі бөлімдерде аталған барлық атқарылып
жатқан шаралардың ұтымды іске асырылу еліміздің білім беру саласының дамып, бәсекеге қабілетті
елдердің қатарына қосылуда жемісін берері мол.
Қорытындылай келе, Елбасы қойған міндеттерді шешу үшін 2011-2020 жылға дейінгі білім
беру бағдарламасын ойдағыдай орындап, білімнің барлық саласы – нәтижеге және елдің, оның эко-
номикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға жұмыс істеуі қажет. Білім беру саласының жетілдіру
арқылы еліміздің жастары мен жас ұрпағы, шет мемелекеттерінің білім беру жүйесі талаптарына
сай, жоғары бәсекеге қабілетті мамандары болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Әліпбай С. Қазақстан – ЭЫДҰ: білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық // Егемен Қазақстан,
25.06.2015
2 https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%
3 Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы, (2015.19.05. берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен)
REFERENCES
1 Alipbay S. Kazakstan – OBSE: bilim men gylym salasyndagy yntymaktastyk // Yegemen KazaKstan,
25.06.2015
2 https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%
3 Bilim turaly Kazakstan Respublikasynyn 2007 zhylgy 27 shildedegi N 319 Zany, (2015.19.05. berilgen
ozgerister men tolyktyrularymen)
Рассматривается эффективность политической модернизации в современном Казахстане через призму
государственной политики в области образования.
Достарыңызбен бөлісу: |