Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
548
5. Шаруашылық элитаның демократиялық, реформистік, нарықтық түрде бейімделген
өкілдері.
6. Билік және басқарушы құрылымдардың бүкіл звеноларындағы прагматиктер, оларға қай
Құдайға сенсе де бәрібір, тек қызмет етсе, яғни билесе болғаны, яғни бұл «себептерге байланысты
демократтар».
7. Аутсайдерлер – демократиялық қозғалыстарды «лифт» ретінде пайдалануға талпынған
әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан мансапқорлар [8].
«Бірақ аталған категориялардың барлық өкілдері жаңа элитаға кіре алды. Алғашқы үш топтан
шыққандар басқару үшін қолайлы болмайды. Қалғандары болса бүгінгі биліктің негізін құрады.
Және де бұл жерде жаңа саясатшылар тікелей немесе жанама түрде, әлеуметтік немесе кәсіби
түрде ескі жоғарғы жақпен байланысты болып, оның ықпал көкжиегіне тартылғандығы көрер көзге
көрініп тұр. Және мұнан өзге, «реформаторлар» мен «прагматиктердің» жаңа элитасындағы жоғарғы
үлестік салмақ (5-6-топтар) ескінің бойынан жаңа элитаның туғаны жайлы және біріншісінің
екіншісіне тәуелді екендігі туралы айтуға мүмкіндік береді».
Егер бүгінгі элитаның талдауын жүргізсек, онда биліктің жоғарғы эшелондарының
ыдыраушылықпен сипатталатындығы туралы айтуға болады. Элиталардың түрлі топтарын байла-
ныстыратын ортақ негіз өте әлсіз және одан өзге олардың арасында биліктің жоғарғы эшелонындағы
біртұтас өктемдік үшін күрес жүруде.
Саяси элитаның әлсіздігінің ең маңызды себептерінің бірі – бұл оны құраушы топтардың
көбінде кең әлеуметтік-саяси сүйеніштің болмауы. Сондықтан олар мен элитаның жалпы алғанда
қоғамдық бұқараның кең де ұйымдасқан қолдауын пайдалану мүмкіндігі жоқ.
Сонымен бірге саяси элитаның әлсіздігі әсіресе рухани салада байқалады.
«Батыс еуропалық идеологияның отандық жеріне – либерализмді, социал-реформизмді және т.б.
механикалық түрде көшіру әрекеттері сәтсіздікпен аяқталды. Олардың бұл негіздегі құндылықтары
өзінше бір прагматикалық түрде қайта түсіндіріледі: индивидуализм шексіз менменшілдікке,
еркіндік – жөнсіздік пен жауапкершіліксіздікке, бәсекелестік – күштінің абсолютті құқығына және
т.б. айналады. Уақыт ерекшелігіне жауап беретін идеологиялық платформалар құру әрекеттері
«қазіргі жетекшілер кезінде коммунистік қатпарларды шабуылдаған идеологиясыздандыру»
ұранына келіп тіреледі. Сөйтіп, қазіргі саяси элита қоғамды біріктіруге және шабыттандыруға
қабілетті жаңа идеялардың тұтас жүйесін құруға қабілетсіздігін көрсетеді».
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік қозғалыстар мен саяси ұйымдар жаңа әлеуметтік-экнонмикалық
және саяси жағдайда орын алуда: экономиканың мемлекеттік-монополистіктен араласқа өтуі,
шаруашылық байланыстардың бұзылуы, қоғамның әлеуметтік полярлануы, халықтың едәуір
бөлігінің кедейленуі. Осының кесірінен қоғамдық қайшылықтар ушығып, экологиялық аху-
ал шиеленісе түсуде. Мемлекеттік билік пайда болып отырған проблемаларды уақтылы шешуге
қабілетсіздігін көрсетуде. Мұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарының жариялылығы, белсенділігі
жағдайында жұмысшы, экологиялық, ұлттық және т.б. сияқты жаңа әлеуметтік қозғалыстар мен
ұйымдардың пайда болуы мен белсенді дамуын ынталандырады.
Саяси партиялар өзара әлсіз байланысқан, тіпті бірдей идеологиялық бейім аясында да
біріккілері келмейді. Бұл партиялық жүйе емес, қалыптасқан атомдалған плюрализм жүйесі тура-
лы айтады. Бұл қазіргі заманғы саяси партиялардың идеологиялық және тактикалық ережелерінен
көрініс табады. Мысалы, саяси партиялар құндылықты-идеологиялық бейімнің негізгі үш жүйесінің
айналасында топтасады - коммунистік (социалистік), либералды-демократиялық (батыстық) және
ұлттық-патриоттық.
Мұндай жағдайдың себептері объективті және субъективті сипатқа ие.
Басқарушы элита көппартиялы жүйеге қызығушылық танытпайды. Ол партияларға халықтың
саяси еркін қалыптастыру үшін емес, тек сайлауға сайлаушыларды ұйымдастыру үшін жүгінеді.
Дәл осыған байланысты қоғамда осы күнге дейін саяси партиялар қызметіне арналған заң шығару
базасы, оппозиция туралы заң жоқ.
Халықтың өзін-өзі ұйымдастыру, бірлесу байланыстарын орнату, саяси партиялармен өзара
тығыз әрекеттесуді орнатуының саналы қажеттілігі жоқ.
Нәтижесінде саяси партиялар емес, мүдделі топтар мемлекет пен қоғам арасындағы делдал
рөлді атқаруда. Мұндай топтар сайлау жүйелерін бұзуы, бұқара санасын өз пайдасына пайдала-
|