Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
554
Тоғызыншы, салалық сұранысқа ие мамандар дайындау мен маман алмасу жеделдейді. Әртүрлі
сипаттағы кедергілер жойылады өзара тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру жұмыстары жүзеге
асырылады.
Оныншы, әріптестер арасында оның ішінде Қазақстанда да құқықтық-нормативті базалары
бірыңғайланады, өзара үйлестіріледі, халықаралық құжеттармен сәйкестендіріледі. Бұл
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ену үрдісін шапшаңдатады.
Он бірінші, экономикалық интеграциялық үдеріс жылдам дамиды, Қазақстан 170 млн. адамдық
рынокқа шығуға мүмкіндік алады.
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына және оның құрамына Қазақстанның кіруіне
байланысты және оның қауіпіне қатысты саясаткерлер мен мамандар арасында әртүрлі пікір
айтылды. Кезінде Кедендік одақтың құрылуына байланысты АҚШ пен ЕО елдері тарапынан сын
пікірлер айтылғаны белгілі. «...сыни көзқарастарда кедендік одақтың құрылуы, оның мүшелерінің
одақ мүддесіне жауап берудің орынына, олардың жеке қызығушылықтары арасында қайшылықтарды
туындатты» деген пікір сипатында болды [9]. Бұл шамасы экспорт импорт арасалмағының Ресей
жағына аууына қатысты айтылған болуы керек. Осындай пікірлері арқылы олар посткеңестік
кеңістікте құрылған одақта тепе теңдік болмайды. Ресей өз мүддесін көбірек алға қояды дегенді
білдірді. Бірақ, іс жүзінде солай болғандығы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылғаны белгілі.
ЕАЭО – ты батыс Кеңес Одағын қайтадан қалпына келтіруге жасалып жатқан қадам деп
қауіптенетіні анық. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон: «Біз аймақтың (посткеңестік
) қайтадан «советтенуге» бет алғанын байқап отырмыз. Біз бұл мәселені барынша баяулатудың
немесе тоқтатудың тиімді тәсілдерін табуға барынша тырысатын боламыз» [10] деп мәлімдеді.
Біріншіден, батыс әлемі және бұрынғы КСРО құрамында болған елдер тұрғындарының Кеңес
Одағын қайта жаңғырту ма деп қауіптенетіні анық.
Екіншіден, Кеңес Одағы қайта қалпына келтіру мүмкін болмағанның өзінде бұл – экономикалық
одақтан келешекте саяси одаққа айналуы мүмкін бе деген де қауіп бар.
Үшіншіден, Қазақстан үшін Ресей мен Белорусьтің экономикалық басымдылығы алдағы
уақытта бұрынғыдан да күшейіп Қазақстан экономикалық тұрғыда әріптестеріне кіріптар болып,
экономикалық тәуелділікке түседі ме деген қауіп бар.
Төртіншіден, Ресей мен Белорусь тарапынан экспорттың Қазақстанға соңғы жылдары өсуі,
осы жағдайдың сақталуы және қазақстандық өнеркәсіп салаларының бәсекеге төтеп бере алмауы,
қазақстандық өнеркәсіптің дамуына тежеу болуы мүмкін.
Бесіншіден, ЕАЭО елдерінде шығарылатын өнімді Қазақстанның басқа елдерден арзанға немесе
өзіне тиімді бағамен алуына және олармен еркін сауда экономикалық байланыстар орнатуына,
жандандыруына әріптестерінің қарсылық білдіруі мүмкін деген қауіп бар.
Алтыншы, Қазақстанға дамыған батыс елдерінен инновациялық технологияларды өз қалауынша
әкелуіне әріптестері шектеу қою, келіспеу саясатын ұстану мүмкін деген қауіп бар.
Жетінші, Украинадағы дағдарысқа бірден бір кінәлі ретінде Ресейге батыс жасаған санкциялар
зардабы Қазақстанға да тиеді деген қауіп бар.
Сегізінші, Қазақстан әріптестерінің оның ішінде Ресейдің ықпалынан шыға алмай өз
экономикасын диверсификациялап, шапшаң дамыта алмауы және мұнайға тәуелділікте қалуы
мүмкін деген қауіп бар.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық Одақты және оның құрамындағы Қазақстанның
дамуын PESТ анализ негізінде талдау да маңызды.
Бірінші, ЕАЭО пен Қазақстан дамуындағы саяси факторлар ықпалы қандай деген сұрақ туады.
Осы арада, қарастырылатын мәселені толық түсіну үшін PEST – анализге түсіндірме
беріп өтелік. PEST – анализ (кейбір еңбектерде STEP анализ деп те атайды) – бұл мемлекеттің,
экономикалық бірлестіктің жұмысына, компанияның бизнесіне, өндірістің дамуына ықпал етуші
сыртқы ортаның саяси (Political), экономикалық (Economic), әлеуметтік (Social) және технологиялық
(Technological) аспектілерін айқындауға, көрсетуге арналған маркетингтік инструмент.
Саясатты зерттейтін себебі, саясат мемлекетаралық қатынасты, билікті басқаруды реттеп
отырады, өз кезегінде саясат мемлекеттің, экономикалық бірлестіктің немесе компанияның өз
қызыметін қалыпты жүргізуіне саяси жағдай, оқиға қалай әсер етеді, басты ресурстарға қол жеткізуі
мен өз өнімін таратуына қалай ықпал етеді, осы мәселені кешенді түрде қарастырады.
ЕАЭО пен Қазақстанның дамуына саяси факторлардың ықпалы өте жоғары. Бұл мәселеде
рыноктағы қолданыстағы заңдар, келешекте заңда болуы өзгерістер, еуропалық және халықаралық
|