Дәрістің түрі: Миға шабуыл
Дәрістің мақсаты: Инклюзивті білім беру жағдайында Сенсорлық бұзылыс бар балаларды жалпы білім үрдісіне қосу және оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесін жасау болып табылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен қатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу. Сонымен бірге, білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған:
көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;
есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;
ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау;
қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру;
сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары, физикалық және ақыл-ой дамуының кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерінен туындайтын арнайы міндеттерді шешуге дайын болулары керек. Олардың қатарына келесі міндеттерді жатқызуға болады:
мүмкіндігі шектеулі оқушының даму ерекшеліктерін зерттеу, білім беру процесіне қосудың тиімді түрін таңдау, арнайы педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау;
оқушылардың компенсаторлық (алмастыратын) мүмкіндіктерін белсендіру, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету үшін білім беруге арнайы жағдай жасау, оқу –тәжірибелік іс-әрекет барысында ағза органдарының сақталған функцияларын жұмылдыру, сенсорлық қабылдаудағы кемшіліктердің орнын толтыру;
әлеуметтік тәжірибесін байыту, дені сау адамдармен бірлесе қарым қатынас жасауға және коммуникативтік байланыс орнатуға дайындау, мәдени құндылықтар мен нормаларға бейімдеу, мәдени өмірге белсене араласуға тарту;
физикалық дамуына ықпал ету, жеке гигиена дағдыларын қадыптастыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, еңбекке сүйгіштікке, дербестікке, өз әрекетіне есеп беріп, бақылауға үйрету және жүріс-тұрысындағы ерік-жігер ұстамдылығын арттыру;
еңбекке қабілеттілігін зерттеу мәліметтері бойынша жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, еңбекпен оңалтуды жүзеге асыру, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу, оқытудың барлық деңгейінде білім берудің бірыңғай ашықтығын қамтамасыз ету;
сауықтыру жұмыстарын жүргізу, даму процесіндегі бұзылыстардың қайталануының алдын алу, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру;
білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалардың оқу сапасына мониторинг жүргізу, жалпы білім беру жағдайында оны арттырудың тиімді жолдарын қарастыру;
әртүрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар балаларды оқытудың арнайы әдістері мен технологияларын меңгерген педагог кадрларды дайындау;
ұжымда жағымды психологиялық климат орнату; білім беру кеңістігін ізгілендіру, оқу процесінің барлық қатысушыларының арасында түсіністік қарым-қатынас орнату.
Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды оқытуды ұйымдастыру
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген.
Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді.
Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады.
Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды.
Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту, толығымен естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білім беруді қамтамасыз етеді.
Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері, және оларды еститіндермен тең білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды.
Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |