Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі


Балаларды үйде оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері



бет43/87
Дата07.01.2022
өлшемі294,72 Kb.
#17078
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87
Байланысты:
ПИК лекция жинагы ИББ

Балаларды үйде оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері

Үйде оқыту баланың оқитын мектебі тарапынан ұйымдастырылады. Үйде оқитын баланың білімі жүйелі түрде бағалануы тиіс. Олардың тегі, үлгерімі, сыныптан сыныпқа көшуі мен мектепті бітіруі туралы мәліметтер тиісті сынып журналына ендіріледі.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орнының «1, 2-типтегі интеллектілік ақауы бар балалар үшін арнаулы түзету бағдарлама бойынша үйде оқыту» немесе «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін әзірленген бағдарлама бойынша үйде оқыту» туралы ұсынымын алған мүмкіндігі шектеулі (мүгедек емес) балалардың үйде оқуын ұйымдастыру кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығына сәйкес жасалған оқу жоспары пайдаланылады.

Мүгедек балаларды оқыту ісін әр түрлі категориядағы психофизикалық даму ерекшеліктері туралы қажетті ілім-білімді игерген мұғалімдер жүзеге асыруы тиіс. 1-ші немесе 2-ші типтегі коррекциялық бағдарлама бойынша мүгедек балалар үшін бастауыш мектептің оқу жоспары 1-9 сыныптарға бөлінетін болғандықтан оларды оқытуға бастауыш сынып мұғалімдерін тарту ұсынылады.

Үйде сабақ беретін әрбір мұғалім мүгедек баланың дамуы мен білім игеру сапасы жөнінде динамикалық бақылау күнделігін жүргізуі тиіс . Баланың іс-әрекеті оның психофизикалық және физикалық жай-күйіне байланысты талданады. Күнделік тұрақты түрде кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл мұғалімнің кезекті жұмыс үдерістеріне: өтілген сабақтардың сапасы туралы жартыжылдық есеп беру құжатын, жылдық психологиялық-педагогикалық мінездемені, мониторингтік таблицаларды жасауға және т.б. қажетті материал болып табылады. Үйде уақытша оқытылатын балаларға мұндай күнделік жүргізілмейді.

Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша және психикалық дамуы тежелген балалар үшін әзірленген бағдарлама бойынша оқытылатын мүгедек балаларға ағымдағы және тоқсандық бағалар сынып журналына әр тоқсанның аяғында қойылады. 1-ші немесе 2-ші типтегі арнаулы коррекциялық бағдарлама бойынша оқытылатын балаларға тек тоқсандық бағалар ғана қойылады.

Мектеп директорының орынбасары жеке кесте жасайды. Оны ата-аналармен және жүктемелері оқу жоспары бойынша бөлінген мұғалімдермен келістіреді. Ата-аналармен келісілген кестені мектеп директоры бекітеді.

Оқытудың ұсынылған бағдарламасына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар жалпы тәртіп бойынша бекітіледі.

Мектеп әкімшілігі сабақтардың дер кезінде өткізілуіне, оқу бағдарламалары мен жеке оқыту әдістемелерінің орындалуына бақылау жасайды. Бұл мәселе жылына 2 рет (қазан, ақпан) мектепішілік бақылау кезінде, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша педагогикалық кеңесте қарастырылады. Жыл қорытындысы бойынша кеңесте, осымен қатар, пән мұғалімдерінің сыныптан сыныпқа өту мәселесіне байланысты есептері тыңдалады.

Жыл қорытындысы бойынша үйде тәлім алатын әрбір оқушыға арнайы папка жасақталады.

Тәжірибе көрсеткендей, қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы дәріс беру мүгедек балалардың білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді, оқушылардың жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта (толық) білімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мүгедек балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде білім беру бағдарламасының игерілуін және жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге жол ашатын оқу-әдістемелік кешен мазмұны мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

Мүгедек балаларды қашықтықтан оқыту ісі жекелей жүргізілуі қажет. Мүгедек балаларды қашықтықтан оқыту ісін олардың әр түрлі катего-

рияларындағы психофизикалық даму ерекшеліктері туралы тиісті білімдерді, сондай-ақ мұндай балалар үшін тікелей және қашықтық формаларда білім беру процесін ұйымдастыру әдістері мен технологияларын игерген мұғалімдер жүргізуі шарт.

Мүгедек балаларды қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту қызметін жүзеге асыруға дайындау үшін алдын ала мұғалімдерді аталмыш тақырып бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткізу қажет.

Осымен қатар, мүгедек балаларды қашықтықтан оқыту ісін жүзеге асыратын мұғалімдерге жүйелі түрде консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету керек.

Қашықтықтан оқыту тікелей білім беру ұйымы тарапынан атқарылады. Балаларды оқытып-үйрету штат құрамында бар, мектепте негізгі немесе қосымша жұмыс орны бойынша қызмет ететін мұғалімдер тарапынан жүзеге асырылады.

Бұл орайда білім беру ұйымының мүгедек балаларды қашықтықтан оқыту ісін ұйымдастыруға байланысты қызметіне әдістемелік тұрғыдан қолдау керсетілуі қажет. Білім беру ресурстары мен консультативтік-әдістемелік көмек қашықтық режим бойынша қол жетімді болуға тиіс.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мүгедек балалардың тұратын орындарын және мұғалімдердің жұмыс орындарын Интернетке қосу, сондай-ақ оларды компьютерлік техникалар, сандық оқу жабдықтары, оргтехникалар, бағдарламалық қамтамасыз ету тетіктері жинақтамаларымен бұдан әрі - жабдықтар жинақтамасы) жарақтандыру қажет. Бұлар мүгедек балалардың даму ақаулықтарындағы өзіндік ерекшеліктерге тиісінше бейімделген болуы шарт.

Мүгедек балаларды, олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) және мұға-лімдерді қашықтықтан оқыту барысында жабдықтар жинақтамасын қол-данудың әдіс-тәсілдерін үйрету керек. Сондай -ақ, оларға білім беру процесін ұйымдастыру мен техникалық қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мәселелер төңірегінде қол жетімді консультациялық қызметтер ұсыну қажет.

Осымен қатар, балалар мен мұғалімдердің жұмыс орындары техникалық қызмет көрсету жүйесімен қамтамасыз етілуі, жабдықтар жинақтамасының жұмысындағы ақаулықтар оперативті түрде ретке келтіріліп, қажет болған жағдайда - бұзылғандары мүмкіндігінше қысқа мерзімде ауыстырылуы тиіс. Білім беру процесін ұйымдастыру ісінде үзіліс болмауы қарастырылып отыруы керек.

Мұғалімдердің жұмыс орындары білім беру ұйымында да, оның тікелей тұрғын жайында да жабдықтар жинақтамасымен жарақтануы және Интернетке қол жеткізіліммен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл варианттың артықшылығы сол, қашықтықтан оқыту формасында сабақ ұйымдастыру және оны өткізу мұғалімнің міндетті түрде білім беру ұйымында болуын талап етпейді, сондықтан ол оқу процесін неғұрлым икемді, тиімді етіп жоспарлауына мүмкіндік алады.

Жабдықтар жинақтамасы білім беру процесіне қатысушыларға шарт негізінде уақытша қайтарымсыз пайдалануға беріледі ( кәмелетке толмаған оқушыға берілетін жабдықтар жинақтамасына қатысты мұндай шарт ата-аналармен немесе заңды өкілдермен жасалады).

Оқыту формасы мен оқушылардың оқу жүктемелері көлемі балалардың психофизикалық даму ерекшеліктеріне, жеке мүмкіндіктеріне және денсаулық жағдайына байланысты белгіленеді. Мамандар тарапынан тиісті ұсынымдар болған жағдайда сынып бойынша сағат мөлшері оқу жүктемелерінің санитарлық-гигиеналық талаптарда көзделген жоғарғы шегіне дейін көбейтілуі мүмкін.

Алайда, қашықтықтан оқыту формасы мұғалім (мұғалімдер) мен оқушының тікелей қарым-қатынасын жояды, сондықтан оқытуда тек өзін ғана қолдануға болмайды. Қашықтықтан оқытумен қатар мұғалімнің оқушы үйіне келгені дұрыс.

Мүмкіндік болса, денсаулығы нашар балаларды дені сау балалармен бірге тәрбие, ойын-сауық, спорттық – сауықтыру және басқа да ойын-сауық іс-шараларға қатыстыру қажет.

Білім берудегі бәсекелестікті арттыру мен сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы адам қапиталын дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектептерде электрондық оқыту жүйесі енгізілген. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Электрондық оқыту жүйесі» жобасын 2011 жылдан бастап кезең-кезеңмен мемлекеттік білім беру ұйымдарына енгізу қарастырылған.

Электрондық оқыту жүйесі құрамына біліктілікті арттыру сапасын арттыру үшін балаларды үйде оқыту үдерісінде қолдануға болатын функционал енеді. Электрондық оқыту жүйесі арқылы үйде оқытылатын бала кез келген уақытта, кез келген орыннан қай жерде тұрғанына тәуелсіз білім контенттерін қолдана алатындай мүмкіндіктерін алады.

Оқушылардың жұмыс орындарын негізі бағдарламалық - аппараттық платформалары болып келетін бағдарламалық - техникалық құралдармен қамтамасыз ету өзекті сұрақтардың бірі болып келеді.

Балалардың жұмыс орындарының жабдықтауына арналған барлық бағдарламалық-техникалық кешендер жалпы талаптарға сәйкес болу керек:



  • аппараттық платформалар;

  • жалпы жүйелік және базалық қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету;

  • мүмкіндіктері шектеулі балалармен тиімді қолдануға болатын арнайы функциялар.

Сонымен қатар, үйде оқытылатын балалар мен ата-аналар үшін оқытуды, олардың компьютерлік жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданылуын ұйымдастыру керек.

Осылайша, үйде оқытылатын балаларға ЭОЖ келесі мүмкіндіктерді береді:



  • мұғалімнен жеке тапсырмаларды алу;

  • шақыру бойынша вебинарларға қатысу;

  • мектептен тыс уақытта сыныптастарымен араласу – форумда немесе чатта (соның ішінде үй тапсырмаларын талқылау, демалысты бірге өткізу және т.б.);

  • танысуға және жаңа достардың пайда болуы;

  • жүйе сайтында дербес ақпаратты орналастыруға (соның ішінде өз фотосуреттерін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет