Дәрістің мақсаты: Интеграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру жолдарымен таныстыру
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-індегі № 524 бұйрығымен бекітілген төменде қарастырғалы отырған «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» бойынша әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру арқылы тең қолжетімді білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жағдайлар жасау жолдары қарастырлған.