Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131
репелленттер  дейді.  Ал,енді  бір  түрлері  керісінше  зиянкес 
организмдерді 
өзіне 
еліктіріп 
жинап 
алады.Оларды 
– 
аттрактанттар  дейді.  Бұл  да  зиянкестерден  қорғану    жолдарына  
жатады.  Ауыл  шаруашылығында    химиялық  препараттарды 
қолданудың  бүгінгі  күні  шетелдік  және  отандық  мол  тәжірибелері  
жинақталады.Ұзақ  жылдар  бойы  (70  жыл  шамасы)  пестицидтерді 
қолдану  адам  баласына  мол  өнім  сыйлаумен  қатар,  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып жатқан моральдық, материалдық және денсаулыққа көп зиян 
келтірді. 
Бізді 
қоршаған 
табиғат 
ортасы 
түрлі 
химиялық 
қосылыстардың қоймасына айналды. Химиялық  заттар  адамның  өмір  
сүріп отырған ортасын ластай отырып, оның барлық   тіршілік  аясына 
тарады.Табиғаттағы  зат  айналымының  заңына  байланысты  улы 
химикаттар ауа,су,азық-түлік арқылы жер бетіне кең тарады. Мәселен, 
адам  аяғы баспаған Антарктида мұздықтары құрамында ДДТ-ның бар 
екенін  ғалымдар  тапты.  Бұл  фактор    химиялық    зиянды    заттардың 
бүкіл  жер    шарына    таралатындығын    дәлелдейді.  Ең    қауіптісі  улы  
химикаттар  «ауа-су-топырақ-өсімдік-жануар-адам»  жүйесі  бойынша 
айналымға  еркін  түсіп  тіршілік  атаулыға    зардап  шектіріп   отырғаны.  
Бірақ    адам    баласы  ауыл  шаруашылығында  химияны  қолдануға  
тәуелді болып келеді. Оны жасаған да, қолданған да, зардап шегетін де 
адам  баласы.  Мәселен,  ДДТ  препаратын  жасаған    П.  Мюллер  Нобель 
сыйлығына  ие  болды.  Өйткені  ДДТ  сол  кездің  әлеуметтік, 
экономикалық  және  медициналық  проблемасын  шешіп  берген  еді. 
ДДТ-ны  қолдану  арқылы  адам  баласы  өмір  бойы  зардап  шеккен  
індеттер - сүзек, безгек, тиф, малярия ауруларынан құтылған болатын. 
Кейінгі жылдары ДДТ-ның тигізген зардабы пайдасынан асып кететіні 
дәлелденіп  оны  өндірістен  алып  тастауға  тура  келді  (1970).  Мәселен,  
ДДТ-ның  табиғаттағы    айналым  ұзақтығы  50 жыл.  Ал,  одан  соң  оның 


 
48
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
ыдырап  одан  да  қауіпті  химиялық  қосылыстарға  айналатыны 
анықталған.  
Бұл заттар өз кезегінде өте қауіпті зардап әкелді. 
Ғалымдардың    зерттеуі  бойынша  пестицидтердің  жиі  қолдану 
қауіпті  ісік,  тұқым  қуалау,  мутациялау  ауруларын  еселеп  көбейтудің 
бірден-бір  себебі  екенін  дәлелдеп  берді.  Қазіргі  кезде  пестицидтердің 
зияны  кеңейіп  оның  кері  әсері  де  көбейе  түсті.  Айталық,  аллергия, 
жүрек    қантамыры,  өкпе-тыныс  жолдары,  ашық  жаралар,  т.б.  осы 
пестицидтердің    әсері  мол.  Қазақстанда  пестицидтерді  өте  көп 
қолданған  аймақтарда  (Оңтүстік  Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы, 
Қызылорда, т.б.) бұл факторлардың мысалы көптен саналды. БҰҰ-ның 
мәліметі бойынша пестицидтерден  улану  арқылы  500 мың адам өліп, 
5  мың  әр  түрлі  зардаптары      тіркелген.  Пестицидтерден  сақтанудың 
бірден-бір жолы оны экологиялық сауатты пайдалану. Көкөністерге т.б. 
дақылдарға  қолдануды,  шектеу  немесе  тез  ыдырайтын  зияндылығы 
төмен  препараттарды  өміршең  ету.  Ең  басты  пестицидтерді  
пайдаланудың    жаңа    технологиясын  практикаға  ендіре  және  оған 
мемлекеттік,  қоғамдық    мониторингтік    жүйесін    енгізе  отырып  қатаң 
бақылауға алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет