Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет36/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   131
Демографиялық  проблема 
Жер шары үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық 
саны.  Жер  шарында  статистикалық  мәліметтер  бойынша  6,5  млрд  
халық  тұрады. Ғалымдардың  болжамы  бойынша дүниежүзі халқының 
саны  49  жылдан  соң  екі  есеге  ұлғаяды.    Адам  баласы  осы  қарқынмен 
өсетін болса болашақта табиғи қорлар азайып болашаққа  жетпей  қалу 
қауіпі  туындауы  мүмкін.  Сондықтан  халық  санының  тепе-теңдігін 
сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылуда. Осыған байланысты жер 


 
 
51 
бетіндегі  мемлекеттерде  «демографиялық  жарылыс»,  «демографиялық   
дағдарыс»    саясатын    қолдануда.  Халық  санының    өсімі    шектен  тыс 
Қытай,  Үндістан    мемлекеттерінде,  Африка,    Азия,  Оңтүстік  Америка 
елдерінде    «демографиялық    жарылыс»  орын    алуда.  Ал  дамыған  
АҚШ,  Еуропа  елдерінде    «демографиялық  дағдарыс»    саясатын  
қолдануда.    Африка  халқы  29  жылда,  Латын    Америкасы    39  жылда, 
Оман    халқы  18  жылда,  Чад    халқы  20  жылда    екі    еселенсе,  жалпы  
Еуропа  үшін  бұл  үрдіске  500 жыл, Испанияға 631 жыл қажет болар 
еді.  Дамыған    елдер    мен  дамушы  елдер  арасындағы    халықтың 
арасалмағы    XX  ғасырдың  50  жылдары   1:2  болса,  1985ж   1:3,   2010ж  
1:4,5    болады  деп  айқындалуда.    Кезінде    (XVIII-XIX  ғасырдың  бас 
кезінде)  экономист    Т.  Мальтустың    өзі  халық    санының  бақылаусыз 
өсуі  азық-түліктің    тапшылығына    алып    келетінін  айтқан    болатын. 
Ғалымдардың    қарама-қайшы    пікірлері    Мальтус    болжамы  бойынша 
Жер  шары  халқының  өсуі  геометриялық  прогресс  бойынша,  ал  азық-
түлік  өндірісінің  артуы  арифметикалық  прогресс  бойынша  жүреді. 
Сондықтан болашақта  халық санының  өсуі мен аштық пайда болады. 
Мальтус  ілімін  жалғастырушылар  дамушы  елдердегі  қайыршылықты 
өндіргіш күштердің нашар дамуымен емес, халық санының шектен тыс 
көбеюіне  байланыстылығымен    айқындайды.  Қазіргі    таңда  кейбір 
ғалымдардың  айтуынша  (мысалы,  ағылшындық  климатолог-ғалым 
Джеймс  Лавлок)  Жер  үшін  1  млрд  немесе  соған  жақын  халық  саны 
оптималды деп есептейді. Климаттың  өзгеруі  бойынша Үкімет аралық 
сарапшылар тобының (IPCC) болжамы бойынша - 2040 жылы Еуропада 
жаздың  күндері  2003  жылдың   жазғы  күніндей  температура  38°С- 
48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп 
өлуі  емес,  өсімдіктер  өспей  Еуропада  азық-түлікті  өсіру  тоқтаудың 
алдында  болады  -  дейді.  Бұл  ұйым    тобының    есебінше,  2040  жылы  
Сахара  шөлі  Еуропаның  ортасына,  тіпті  Берлинге  дейін  жылжиды. 
Мешеу  елдердің  даму  мүмкіндіктері  шектеліп,  халықтың  тұрмыс 
деңгейі төмендейді. Халық  тығыз  қоныстанған  аймақтарда қоршаған 
ортаның жәй-күйі төмендейді, саяси тұрақсыздық байқалады. Дамушы 
елдердегі  демографиялық  проблеманың  шиеленісуі  қайыршылыққа  
апаратын  жол деуге болады. Осы  мәселелерді ескере отырып  қазіргі  
кезде    БҰҰ-ның    ресми    деректері    бойынша    Жер  шарындағы  20 
мемлекетте    халықтың    табиғи    өсімін    арттыру  мақсатында  саясат 
жүргізсе,    85  дамушы    елдерінде    халық  санының  өсімін  тежеуге 
бағытталған демографиялық саясат жүзеге асырлуда. 
 
 


 
52
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет