Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет51/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131
 
Киото хаттамасы 
Киото  хаттамасы  -  жаһандық  экологиялық  проблемаларды 
шешуге  арналған,  1997  жылы  Жапонияның  Киото  қаласында 
қабылданған  халықаралық  құжат.  Киото  хаттамасы  –  халықаралық  
деңгейде    экологиялық    проблемамен  бірлесе  күресуге  бағытталған 
тұңғыш құжат. 
 1980  жылы  әлемдік  қоғамдастықтың  назары  ғаламдық  жылыну 
проблемасына  ауды.  Атмосфераның  ластануы,  жыл  сайын  ауа 
температурасының    жоғарлауы,  полюстердегі  мәңгілік  мұздардың 
еруіне  алып  келіп,  соның  салдарынан  мұхит  суларының  деңгейі 
көтеріліп,  жағалау  бойына    орналасқан  ірі  қалалар,  елді  мекендер  су 
астында  қалады  деген  қауіп  айтыла  бастады.  Бұл  алдымен  адамның 
табиғатқа  тигізіп  жүрген  антропогендік    іс-әрекет,  көмірқышқыл  газы 
мен  метанның  ауаға  шамадан  тыс  бөлінуінің  әсері.  Шынында  да, жыл 
сайын  атмосфераға  метан  мен  көмірқышқыл  газы  жерді  қатты  қызып 
кетуден 
сақтайтын 
инфракүлгін 
сәулелерді 
жұтып, 
планета 


 
68
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
температурасының  көтерілуіне  алып  келді.  Әсіресе,  жылу,  жарық 
беретін 
стансалардан, 
қаладағы 
кәсіпорындардан 
бөлінген  
көмірқышқыл    газы    атмосфералық    қабатқа  өтетін  газдың  1/3  бөлігін 
құрайды.  Планетадағы  жасыл  алқаптар  –  ормандар  көмірқышқыл 
газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы 
жетпейтін  болды.  Зиянды  газдардың  ауаны  шектен  тыс  ластауы 
Солтүстік  Америка  мен  Еуропаның  дамыған  елдерінде  және  Қиыр 
Шығыстың  индустриясының  дамуы  жоғары  дамыған  аймақтарда 
көбірек  орын  алуда.  Атмосферадағы  антропогендік  өзгерістердің  Жер 
шарының жылыну проблемасына  алып  келетіндігін  ресми  мойындау 
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың  басында  Біріккен  Ұлттар  
Ұйымының    Климат  өзгеруін    зерттейтін    үкіметаралық  сараптау 
тобының  баяндамаларынан  бастау  алады.  1992  жылы    Рио-де-
Жанейрода    өткен    Жаһандық    орнықты  даму    саммитінде  
антропогендік    өзгерістерге    ұшырамау  үшін  ауаға  бөлінетін    газдың 
мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті  қойылды. 
Бұл  конвенцияға  186  ел    қосылатындығын    білдіріп,  ол  1994  жылдан 
бастап күшіне енді. 
Жалпы,  климаттың  антропогенді  өзгеруінің  әсері  қай  деңгейде 
болуы  мүмкін  деген  сұраққа  жауап  іздеп  көрейік.  Ғалымдар  Жер 
шарындағы    климат  жылылығы  2ºС  жоғарылағанның  өзінде  Жер 
шарында 500 млн. адам ауыз судан  тапшылық  көреді, 3ºС  жылығанда  
3  млрд.  адам    ауыртпалық  тартады  деп  есептейді.  Себебі,  климат 
өзгеріске  ұшыраған  сайын  тегеурініне  шыдас  бермейтін  қатты 
дауылдар, топан сулардың пайда болуы жиілей беретін болады. Бұдан, 
әрине,  бірінші  кезекте  ауыл  шаруашылығы  үлкен  зиян  шегетіндігі 
айқын.  Ал  ол  өз  кезегінде  азық-түлік  тапшылығына  алып  келеді. 
Әлемдік мұхит деңгейінің өсуінің де қауіптілігі аз емес, географиялық 
картаның  суреті  қазіргі  уақытқа  мүлде  ұқсамай,    Голландия  сияқты 
елдер мен Нью-Йорк секілді жағалауға жақын орналасқан қалалар мен 
көптеген  әсем  аралдардың  су  астына  кету  қаупі  бар.  Нидерланды, 
Ұлыбритания  сияқты  аралдағы    мемлекеттер,  Кариб    бассейніндегі 
және  Оңтүстік-Шығыс  Азиядағы  арал    мемлекеттер  үшін  бұл 
қиындықтың салмағы тым ауыр болмақ. Жердің орташа температурасы 
қазіргі  кезде  14ºС,  Фаренгейт  бойынша    57ºС    көрсететіні  есептеп  
шығарылды.  Негізінен    атмосфераға  булы  газдардың  көтерілуі  табиғи 
нәрсе. Алайда, ғалымдар  адамдардың тіршілігінің   нәтижесінде  булы 
газдардың  көтерілуі  молайып  кеткендігін  алға  тартады.  Әсіресе,  ол 
соңғы  50  жылда  өте  жоғарлаған.  Олардың  ішінде  көмірқышқыл  
газының  көтерілуінің  салдары  Жер  шарының  жылынуына  алып  келеді 
дегенімізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін атап 
айту  қажет.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  130  елінен  1000-ға  жуық  


 
 
69 
ғалымдары    бар  “Климат    өзгеруін  зерттейтін  үкіметаралық 
сарапшылар  тобының” (КӨҮСТ) 2007 жылғы төртінші соңғы есебінде 
1906-2005  жылдар  аралығында  жер  температурасының  жылынуы 
0,74ºС  болады  делінген.  Мұхит    суларының    терең    қабаттарындағы  
суық  сумен  араласуынан    Жер    шарының    оңтүстігінде    олардың 
жылыну  деңгейі  төмен,  ал  солтүстіктегі  құрлықта  жылыну  жоғары. 
Спутник  арқылы  жүргізілген  зерттеулер  1960  жылдан  бері  екі 
полюстегі  мұз  қабаттарының  аумағы  10%  пайызға  азайғандығын 
көрсеткен.  Әсіресе,  Солтүстік  жартышарда  оның  аумағы  15%  пайызға 
дейін  кеміп,  мұздың  қалыңдығы  40%  пайызға  жұқарған.  Гренландия 
мен  Арктика  мұздары  өте  жоғары  жылдамдықпен  еруде.    Вашингтон  
университетінің    ғалымдары    Игнатиус  Ригор  мен  Джо  Валластың 
соңғы 25 жылдың ішінде жүргізген зерттеулері де көңіл аударарлықтай. 
Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Солтүстік мұзды мұхитындағы 
ағыстар  мен  Арктикаға  ғана  емес,  Солтүстік  Атлантикаға  да  әсері  бар 
екендігі  айтылады.  Ғалымдар  арада  30-40  жыл  өткенде  Солтүстік 
мұзды    мұхитының    жылдың  жылы  мезгілдерінде  толығымен  мұз  
құрсауынан    босанатындығын  алға  тартады.  Әлемнің  ең  биік  мұзарт  
шыңды  Гималай  тауларының да мұздақтарына  еру қаупі төнген. Егер 
дәл  бүгінгі  қарқынмен  ол  әрі  қарай  жүре  берсе,  онда  2060-жылдары 
мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы еріп  кетеді. 
Экожүйедегі  ауытқулардың  фауна  мен  флораға  әсері  де 
айтарлықтай.  Жыл  құстары  ерте  келіп,  кеш  кетуді  бастаса, 
өсімдіктердің  30-40%  пайызына  ортасының  өзгеруіне  байланысты 
жойылып  кету  қаупі  туған.  Өйткені,  жүздеген,  мыңдаған    жылдар 
бойына  қалыптасқан  тірлік  ырғағының  ауысуына    тез    арада    ілесе  
алмау  жер  бетіндегі  түрлердің  жұтаңдануына  алып  келмек.  Ауа 
температурасы  1ºС-қа    жылыған  күнде  ормандардың  да  басына  қауіп 
төнеді  екен.  Орман  жүйесі  болса  көміртегінің  80%  пайызын  табиғи  
сіңіруші, ал  орман  ағаштары типтерінің ауысуы орасан мол мөлшерде 
көміртегін  бөлу арқылы жүреді. КӨҮСТ-тің соңғы есебінде сондай-ақ  
орташа    температураның    өсу  деңгейі  сақталады,  бірақ  оның 
жылдамдығы  мен  ұзақтығы  болашақта  булы  газдардың эмиссиясының 
азаюына тәуелді деген ұйғарым жасалған. Белгілі  ағылшын экономисі 
Лорд  Николас  Штерн  2050  жылы  миллиондаған  адам  ұзаққа  созылған 
құрғақшылық  пен  өзге  де  климаттық  ауытқулар:  су  басу  мен  жойқын 
дауылдардан,  аштықтан    қашқан  “климат  босқыны”  болуы  мүмкін  
деген    қауіп  айтады.  Нобель  сыйлығының  лауреаты,  БҰҰ  КӨҮСТ-нің 
басшысы Др.Пачаури адамзат баласының қазіргі жағдайды өзгертуге 10 
жылдай  ғана  уақыты  бар  деп  есептейді.  Сайып  келгенде  климаттың 
антропогенді 
өзгеруінің 
салдары 
көлік 
және 
басқа 
да 
инфрақұрылымдарға  да  орасан  зор  зиянын  тигізбек.  Бұлардың  бәрі, 


 
70
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
тұтастай  алғанда,  жаһандық  тұрғыда  алға  шығатын  экономикалық, 
әлеуметтік, саяси проблемалардың қаншалықты күрделі болатындығын  
бүгінгі  күннің  өзінде  ұғындырса  керек.  Ал  эмиссия  көлемі    жөнінен 
ТМД  мемлекеттері  ішінде  Ресей  мен  Украинадан  кейін  тұрған  біздің 
еліміз  үшін  ол  әсер  жоқ  десек,  шындықты  бұрмалағанымыз  болып 
шығар  еді.  Киото  хаттамасының  экономикалық  негіздемесі  ретінде 
англо-америкалық  экономист  Рональд  Коуздың    экономикалық  
жекеменшік құқық теориясы алынған. Коуз теориясына дейін қоршаған 
ортаның  ластануын    зерттеушілер    онымен    күресте  мемлекет  өндіріс 
қалдықтарындағы  зиянды  заттар  концентрациясының    ең    жоғары  
нормасын және  ауаға   шығарылатын  зиянды  заттардың  ең  жоғары 
нормасын  анықтап,  одан  асып  кеткенде  нормативті  бұзғаны  үшін 
айыппұл салып, жауапқа тартып отыру қажет деп келді. Ал Коуз және 
оны  жақтаушылар  жоғарыда    көрсетілген    шаралардың  дұрыс 
болмайтындығын      атап  көрсетті.  Олар  бекітілген    нормадан  
ауытқымаса  да    қоршаған    ортаға    зиян    келтіретін  кәсіпорынның  
ешкімге    жауап    бермейтінін,  әрі  жоғарыдағы  нормалар  барлық  
кәсіпорындар  үшін  бірдей    алынғандығын    көлденең    тарта    отырып, 
мұндай    үдеріс    пайдалы    емес      деп  санайды.  Сондықтан,    реттеу  
шығарылған  өнім    қоғамға  қаншалықты  қажет  деген  өлшеммен  
өлшенуі  керек дейді. Сол себептен, Коуз дау тудырушы нысан ретінде 
кәсіпорынның өзін емес, қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынды  
пайдалану    құқығын  қарастырады.  Мұндай    құқық    кәсіпорынның  
кімге  тиесілі  екеніне  қарамастан,  келісім  мен  сату  және  сатып  алу 
нысанына айналады. Коуз  идеясы  бойынша, бұл құқық сату-сатып алу 
актілерін  жасау  арқылы  тиімді  пайдаланатын  атап  көрсетті.  Коуз 
көзқарасы  қоршаған  ортаны  ластаумен  күрестегі  ұстанымдарды 
түбегейлі  өзгертті.  Енді,  мемлекет,  жоғарыда  көрсетілгендей,  зиянды 
қалдықтар  шығуының  нормативін  жасаумен  шұғылданбайды,  тек 
зиянды  заттар  шығуының  ең  жоғары  көлемін  хаттама  негізінде 
белгілейді, сол көлемде ластауға лицензия беріп, оны аукцион арқылы 
ең  көп  ақша  төлегеніне  сатады.  Кейін  лицензияға  сәйкестік  қана 
қадағаланып  отырады.  Сонда  зиянды  қалдықтар  мен  зиянды  заттар 
концентрациясын    бөлу    ақылы    болып,  мемлекеттік  аукциондарда 
лицензияны   сатып    алушы   фирма    оны    басқаларға    өсіріп  сатуға  да 
мүмкіндік    алады.  Осылайша  кейбір  дамыған  елдер  атмосфераға  
зиянды заттар бөлудің ұлттық  рыноктарын  құра бастады. 
Егер, мемлекет өзіне тиесілі квотаны толық жұмсамайтын болса, 
онда  өзінен  артылған бөлігін  өзге  елге сата алады. Хаттаманың тағы 
бір  маңызы  дамыған    елдер    мен  өтпелі  экономикадағы  елдер  булы 
газдардың  атмосфераға    шығарылуын  азайтуды  бірігіп  атқаратын 
мүмкіндігі  бар.  Ол  қалай    жүзеге  асады?    Мәселен,  бір  елдің 


 
 
71 
атмосфераны  ластау  деңгейі  төмен  де,  енді  біреуінікі  жоғары.  Төмен 
деңгей  көрсеткен  ел  атмосфераға  газ  шығарудан  өзі  жинаған  
бірліктерін    жаңағы    мұқтаж    елге  беріп,  пайдасын    көреді.    Киото 
хаттамасына  енудің    экономикалық    жағынан  тиімділігі  қоршаған 
ортаны  дүниежүзі  мемлекеттерінің  бірге    қорғау  мүмкіндіктерінің  
нақтылануы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет