Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Мәселе  Мәселенің қысқаша мәні



Pdf көрінісі
бет59/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131
Мәселе 
Мәселенің қысқаша мәні 


Кедейлікпен күрес 
Дүние жүзінде 157 милиардер, шамамен  2 мың миллионерлер 
және  1,1  млрд.-тан  астам  күндік  табысы  1  АҚШ  долларынан 
кем    адамдар  бар.  Кедейлікті  болдырмау  жолдары:  еңбек 
ақыны  қамтамасыз  ету;    кедейлердің  өзін-өзі  қамтамасыз  етуі 
мен  бай  елдерден  тәуелділігін  кеміту;  еңбекке  жарамды 
халықтың  санын  арттыру;  табиғат  ресурстарын  сақтау  мен 
тұрақты  даму;  білім  беру  жүйесін  жетілдіру;  отбасын 
жоспарлау; қаржылық көмек.  
Тұтынудың 
құрылымын өзгерту 
Адамзаттың  бай  бөлігінің  шектен  тыс  ысырап  етуі-қор-шаған 
ортаның  бұзылуы  мен  табиғат  ресурстарының  сар-қылуының 
себебі  болып табылады.  Сонымен  қатар  кедей  адамдар  өмірге 
қажетті  минималды  мөлшерімен  қамтамасыз  етілмейді. 
Энергетикалық  және  шикізаттық  пайдалануды  қысқарту, 
экологиялық таза технологияларды дамыту. 
Халық 
және 
тұрақтылық 
1993  жылы  дүниежүзіндегі  халық  саны  5,5  млрд.-тан  астам 
болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы 8 млрд.  - 
қа жетеді. 
Адамдардың 
денсаулығын сақтау 
мен жақсарту 
Халықтың  денсаулығы  қоршаған  ортаның  жағдайына 
байланысты  болады.  2000  жылға  қарай  денсаулық  сақтау 
саласындағы стратегиялық міндеттер: 
1) ЖҚТБ-пен күреске жұмылдыру; 
2) Туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес; 
3) Бала өлімін кеміту; 
4) Халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; 
5) Еркектер  мен  әйелдердің  өздерінің  балаларының  саны  мен 
туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету; 
6) Халықты ауыз су, таза азық-түлікпен қамтамасыз ету; 
7) Балалардың денсаулығын қорғау 
8) Қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан қорғау. 
 
Тұрақты 
тұрғын 
жерлер 
(урбанизация) 
2000  жылға  қарай  дүние  жүзі  халқының  жартысы  қалаларда 
тұрады.  Қоғамның  урбанизациясы  экономикалық  даму 
процесінің  бір  бөлігі  болып  табылады.  Қалаларда  жалпы 
ұлттық  өнімнің  60  пайызы  өндіріледі.  Қала  халқы  санының 
артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей. 


 
 
79 
Атмосфераны 
қорғау 
Атмосфераға  қалдықтарды  шығарудың  негізгі  көзі  энергияны 
өндіру мен тұтыну. 
Жер 
ресурстарын 
тиімді пайдалану 
Топырақтардың  құнарлылығы  су  және  жел  эрозиясымен 
химиялық,  физикалық  деградация  нәтижесінде  төмендейді. 
Топырақтың  деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; 
ормандардың  кемуі; ауыл шаруашылық қызметі; жерді шектен 
тыс пайдалану және т.б. 
Орманды  жою-мен 
күрес 
Ормандар  топырақ  пен  суды,  атмосфераны  қорғауда. 
өсімдіктер  мен  жануарлардың  биологиялық  алуан  түрлілігін 
сақтауда  маңызды  рөл  атқарады.  Үкіметтерге  орман 
шаруашылығының  тұрақты  дамуына  арналған  ұлттық 
бағдарламаларды жасап, жүзеге асыру қажет. 
 
Шөлдену 
мен 
құрғақшылықпен 
күрес 
Шөлдену  –  бұл  ауа-райының  өзгеруі  мен  адам  қызметінің 
нәтижесінде  топырақтың  деградациялану  процесі.  Бұл 
процеске  көбіне  құрғақ  жерлер  ұшырайды.  Шөлдену    мал 
жайылымдарының  деградациясы    мен  азық-түлік  өнімдерінің 
кемуіне  әкеліп  соқтырады.  Құрғақшылық  пен  шөлдену 
кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады. 
Мұхиттарды  қорғау 
мен 
тиімді 
пайдалану 
Теңіз    суының  ластануының  шамамен  70  пайызын  құры-
лықтағы  үлкен  және  кіші  қалалар,  өнеркәсіп,  құрылыс,  ауыл 
шаруашылығы  мен  туризм  құрайды.  Мұхиттар  шектен  тыс 
балықтар мен былқылдақ денелілерді (жылына 90 млн.т. дейін) 
аулаудан,  жағалаулар  мен  маржан  рифтерінің  жағдайының 
нашарлауынан зардап шегеді. 
Тұщы  суды  қорғау 
мен 
тиімді 
пайдалану 
Бүгін  тұщы  су  мәселесі  маңызды  экологиялық  мәселелердің 
бірі  болып  отыр.  2000  жылға  қарай  төмендегі  міндеттер 
шешілуі тиіс: 
1)  қалалардың  әр  бір  тұрғынын  бір  адамға  шаққанда  ең 
кемінде күніне 40 л. ауыз  сумен қамтамасыз ету; 
2) өнеркәсіптік, 
тұрмыстық 
шайынды 
суларды 
залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру; 
3) барлық  ауылдық  аудандардың  тұрғындарын  экологиялық 
қауіпсіз сумен қамтамасыз ету. 
Улы 
химиялық 
заттарды 
қолданудың 
қауіпсіздігін 
арттыру 
Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан 
астам  химиялық  заттар  бар.  Олардың  1500-нің  үлесіне  дүние 
жүзілік өндірістің 95 пайызы келеді. 
Қазіргі  уақытқа  дейін  әрі  улы  әрі  қауіпті  өнімдермен  сауда 
жасау туралы жалпы келісім жоқ. 
Қатты 
қалдықтар 
мен 
шайын-ды 
суларды жою 
Тұрмыстық  қалдықтар  мен  шайынды  сулардың  мөлшерінің 
жылдам  артуы  қала  халқының  денсаулығы  мен    қоршаған 
ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн. адам оның ішінде 
4 млн. балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс 
тазартпау  нәтижесінде  ауырып  қайтыс  болды.  2025  жылға 
қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін. 
Радиоактивті 
қалдықтарды жою 
Радиоактивті  қалдықтар  туғызатын  қауіп  оларды  өсіру 
мөлшерін  кемітуді,  қауіпсіз  тасымалдау  мен  жоюды  талап 
етеді.  Жыл  сайын  АЭС-дің  жұмысы  нәтижесінде                      200 
мың м
3
 жоғары радиоактивті қалдықтар түзеді. 
 
  
Балалар 
мен  Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның 


 
80
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
жастардың  тұрақты 
дамуды  қамтамасыз 
етудегі рөлі. 
ішінде  денсаулыққа  қолайлы  қоршаған  ортаға,  жоғары  өмір 
сүру  жағдайына,  білім алу  мен  жұмысқа кепілдік  беруі керек. 
Жастар  планета  халқының  1/3-не  жа-қын  бөлігін,  ал  көптеген 
дамушы  елдерде  –  жартысын  құрайды.  Білім  беру  дәрежесін 
арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау 
мен даму мәселе-леріне көп көңіл бөлінуі керек. 
Тұрақты 
даму 
мақсатындағы 
ғылым  мен  білім 
беру 
Қазіргі кезде ғылыми-зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау 
мақсатында  жұмыс  істейді.  ХХІ  ғасырда  биосферада  қауіпті 
өзгерістер  болуы  мүмкін.  Ғалымдар  төмендегі  мәселелерді 
зерттеуде: 
Ауа-райының  өзгеруі,  ресурстарды  тұтынудың  артуы, 
демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия 
мен  ресурстарды  пайдалану,  биосфераның  космостық 
зерттеулері,  ортаның  адам  денсаулығына  әсері  және  т.б. 
Бағдарлама  әр  түрлі  жастағы  адамдардың  қор-шаған  ортаны 
қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз 
етуі  керек.  Экологиялық  білім  беру  –  адамзаттың  тұрақты 
дамуының қажетті шарты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет