99
Біздің еліміз қоршаған ортаны қорғау халықаралық шараларға
белсенді қатысуды қабылдайды.
Алғаш рет халықаралық экологиялық кұқық қағидалары адамның
қоршаған ортаға әсері мәселелері бойынша 1972 жылы БҰҰ-
ның конференциясының Стокгольм декларациясында жиынтық түрде
жасалған болатын. Бұл конференцияда "Планетаның ар жағынан
бақылау" бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламада маңызды орынға
қоршаған орта мониторингінің жаhандық жүйесі ие болған.
(ҚОМГЖ)
Бірінші қағида (ең басты): мемлекет өз ұлттық саясатымен өзіне
меншікті қорларды еркін қолдануы адамның қоршаған орта
проблемаларымен сәйкестігі жеке мемлекеттердің немесе
аудандардың қоршаған ортасына зиян келтірмеу жауапкершілігіне
жатады.
Екінші қагида: жердің табиғи қорларын ауаны, суды, жерді,
флораны, фаунаны
және оның қажеттілік өлшемімен адам қызметін
нақты жоспарлауы мен басқару табиғи экожүйелердің үлгі жолымен
бүгінгі ұрпақ пен келешек игілігіне тиісті сақталған болу керек.
Үшішіі қағида:өңделген немесе өңделмеген шикізат қорларын
халықаралық кеңістікте барлық адамзат алуы керек.
Соңғы он жылда адамзат халық санының өсуі, халықтың
қоныстануы, өндіріс және тұтыну үлгілерінің қоршаған ортаға
әсерлігін айқындады.
90-шы жылдары БҰҰ-да өткізген конференцияда маңызды
кезеңде мына келісімдер болды. Соның бірі 1992 жылы Рио - де -
Жанейрода (Бразилия) өткен қоршаған ортаға және дамуға (ҚОСР-2)
арналған конференция. Бұл конференцияға 179 елден 940 мың өкіл
қатысқан. 8000 журналистер конференцияның жүруін баяндаған және
де кездесулерге, лекцияларға, семинарларға, көрмелерге 400 мыңға
дейін адам барған. "Рио-де-Жанейро декларациясында" біздің
планетамыздың барлық елдеріне арналған тұрақты дамудың
бағдарламасын ұсынған. Халықаралық бірлестік қоршаған ортаны
қорғау өлшемдеріне интеграция қажеттілігін білді және табиғи
100
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
қорларды орынды қолдану бағдарламаларына, кедейшілікпен күрес
және дамудың төменгі деңгейін жеңу, жоғары дәрежеде жаhандық
және аймақтық экологиялық проблемаларға назар аударылған.
Тұрақты дамуға жету үшін өмірде барлық адамдарға мемлекет
көбірек жоғары сапалы өндіріс пен экологиялық тұтынуды қабылдауға
болмайтын қажетті демографиялық саясатты пайдалану қажет. Осы
конференцияда тұрақты даму стратегиясы қабылданған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: