117
Қазақстанда жиі кездеседі. Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су
бөлу, трансшекаралық су объектілерін, атмосфералық ауа мен топырақты
ластау, қауіпті технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткізу, пайдалы
қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бірегей табиғи
кешендерді сақтау мәселелері жатады. Трансшекаралық экологиялық
проблемалар елдің экологиялық қауіпсіздігіне әсер ететін сыртқы қауіп болып
табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберінде көршілес
мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі. 2003 жылдың
басында Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен
оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды,
бұл қауіпті қалдықтарды декларациялау жөніндегі жаңа кеден ережелерін
белгілеуге және кейіннен олардың шикізат пен өнім түрінде республика
аумағына түсуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану және
қорғау
проблемасын шешуге бірыңғай құқықтық тәсілдерді
қалыптастыруға мүмкіндік беретін трансшекаралық ағын сулар мен
халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану жөніндегі Хельсинки
конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия елдерінің қалған
елдері бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын
сулар ағыны дұрыс та әділ пайдалануды қамтамасыз ету, қауіпті
заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердің алдын алу, «
ластаушы төлейді» қағиданы орындау жөнінде шаралар қолданған жоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердің алдын алу
және жою үшін:
1.2005-2007 жылдары Қазақстан мен іргелес мемлекеттердің
шекаралас аудандарын экологиялық бақылау жөніндегі
бірлескен зерттеулер жүргізу;
2. Орталық Азия мемлекеттерінің Хельсинки конвенциясына қосылуы
жөніндегі Қазақстанның бастамасын өткізу арқылы трансшекаралық су
проблемаларын шешу;
3.Бірегей табиғи кешендерді сақтау мақсатында 2005-2006
жылдар барысында ішінде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян
өңірінде шекаралық биосфералық аумақтар құру қажет.
Қабылданған шаралардың нәтижелері ықтимал трансшекаралық,
экологиялық қатерлерді анықтауға, азайтуға және жоюға
жәрдемдесетін болады.БҰҰ-ның толыққанды мүшесі бола
отырып, Қазақстан жаһандық серіктестіктің негізінде
мемлекеттік экологиялық саясатты тиімді жүргізудің кілті
ретінде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиіс.
Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа барған сайын жақындай
түскенін ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негізі салынған
және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен дүниежүзілік Саммитте
расталған тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы
118
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
ынтымақтастық пен серіктестік саясатының негізі болуы тиіс.Осы
саясаттың негізгі бағыттары:
-
халықаралық келісімдердің ережелерін практикалық іске асыру;
Достарыңызбен бөлісу: