127
Қазіргі замандағы ғаламдық экологиялық
проблемалар
Климаттың өзгеруі “Қызу әсерінің” салдарынан болатын
климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі
проблема болып табылады
және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер
төндіреді.
Қазақстан 1995 ж. климаттың өзгеру жөніндегі БҰҰ үлгілі
Конвенциясын бекітті ал 1999 ж. осы Конвенцияда “Киото”
хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда
Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі
сандық міндеттемелерді өзіне жүктейді.
Қазақстанның Киото хаттамасының бекітуінің мақсатқа
сайлылығын айқындау үшін 2004 жылы барысында, “Қызған газдардың
шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің
Қазақстанның экономикасына әсері” мәселелері бойынша зерттеулер
жүргізілуі қажет.
Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа Киота хаттамасын
бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа
елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен
инвестор роліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және “Таза
даму” процестеріне қатысу, өндірістің энергия тиімділігін арттыру
үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта
елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін
шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату
жөніндегі перспективаларды ашады.
Киота хаттамасы бекіткеннен кейін нақты жобалар мен іс-
шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған
газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 ж. дейінгі
бағдарлама әзірленетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: