Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет92/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131
Биоәртүрлілікті  сақтау.  Қазақстан  экожүйесі  Орталық  Азияда  
және  тұтастай  алғанда  континентте  биологиялық  әртүрлілік 
бірегейлілігімен  ерекшеленеді.  Өсімдіктер  мен  жануарлар  түрлерінің 


 
128
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
жоғалуы  генетикалық  деңгейдегі  әртүрлілікті  жоғалтуға  және 
экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті  іс  жүзінде  
жоғалтудың  негізгі себебі, өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, 
ең  бастысы  ормандарды  жою,  топырақтың  эрозиясын,  ішкі  және  су 
айдындарының  ластануы,  өсімдіктер  мен  жануарлар  түрлерін  тым  көп 
тұтыну болып табылады. 
Дүние  жүзілік  су  қорларының  ластануы  бүкіл  адамзат  қауымын 
алаңдатып отыр. Бұл  мәселе  Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп 
түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдіруімен аяқталады. 
Ағынды сулардың  төгіндісі 4,5 астам млрд.м³ құрайды. Ағынды 
сулардың  аса  көп  төгіндісі  Қарағанды  (1,1  млрд.  м³),  Павлодар  (1,1 
млрд.м³) және Оңтүстік-Қазақстан (1,0 млрд. м³) облыстарында жүзеге 
асырылады. 
Еліміздің,  мұнай,  тамақ  өнеркәсібі  миллиондаған  текше  метр 
суды  пайдаланып,  оның  70-80  %  көлемін  ластанған  түрде  қоршаған 
ортаға  қайта  шығарады.  Ақаба  судың  құрамында    көбіне  ас  тұзы, 
жууға,  дезинфекциялауға  қолданылған  қосылыстар,  нитриттер, 
фосфаттар, сілтілер, шикізат пен жем қалдықтары болады. 
Егіншілікпен  айналысатын  аудандарда  ауыл  шаруашылығы 
судың  негізгі  ластаушы  көзі  болып  табылады.  Су  топырақтың  бұзылу 
өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық 
кешендерінен шайылған сулармен ластанады. 
Қазақстан Республикасының аумағында барлығы 5400-ден астам 
су  пайдаланушы    кәсіпорындар  жұмыс    істейді.  Ағынды  сулардың 
негізгі  көлемдері  Павлодар,  Оңтүстік    Қазақстан,  Қарағанды, 
Маңғыстау  облыстарының  аумағында  қалыптасады.  Қазақстанда  су: 
шаруашылық-тұрмыстық. - 5,3%, өндірістік - 16,6%, жерді суландыруға 
- 73,3%, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау - 1,6% пайдаланылады. 
Елімізді сумен қамтамасыз етудің ең маңызды проблемалары: 
–  ауыз судың төмен сапасы; 
– қайта айналымдық сумен жабдықтауды жеткіліксіз пайдалану; 
– жерді суландыру тармақтарының техникалық төмен жағдайы; 
– трансшекаралық проблемалар. 
Судың   жетіспеуінің  алдын    алуға    бағытталған  іс-шараларға  ең 
алдымен суды тиімді пайдалану мен оны аймақтық   таралуын өзгерту 
жатады.  
Судың  сарқылуы  мәселесін  шешу  үшін  төмендегі  іс-шараларды 
жүзеге асыру қажет: 
1) суды тиімді  пайдалану технологияларын қолдану; 
2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық цикл); 
3)  ауыз  су  мақсатында  берілетін  суды  өндірістік  процестерде 
пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер  асты суларына қатысты. 


 
 
129 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет