Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет96/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   131
экологиялық  қауіпсіздік  -  жеке  адамның,  қоғамның  өмірлік 


 
130
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
маңызды  мүдделері  мен  құқықтарын  қоршаған  ортаға  антропогендік 
және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының 
жай-күйі: 
экологиялық  жүйе-  организмдердің  және  олар  мекендейтін 
жансыз ортаның өзара байланысы біртұтас функционалдық жиынтығы: 
 
3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері 
Олар: 
адамның  өмірі    мен  денсаулығын  қорғаудың  басымдылығы, 
халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны 
сақтау және қалпына келтіру; 
экологиялық  жағдайы  қолайсыз  аумақтардағы  экологиялық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз    ету  және  бұзылған  табиғи  экологиялық 
жүйелерді қалпына келтіру; 
    биологиялық  алуан  түрлілікті  және  экологиялық,  ғылыми, 
мәдени  жағынан  ерекше  маңызы  бар  қоршаған  орта  объектілерін 
сақтауды қамтамасыз ету; 
    халықтың,  қоғамдық  бірлестіктер  мен  жергілікті  өзін-өзі 
басқару  органдарының  қоршаған  ортаны  қорғау  саласына  белсенді 
түрде және демографиялық жолмен қатысуы; 
    жер,  оның  қойнауы,  су,  атмосфералық  ауа,ормандар  мен  өзге 
де өсімдіктер, жануарлар дүниесі; 
    табиғи  экологиялық  жүйелер,  климат  және  Жердің  озонды 
қабаты қорғалуы тиіс; 
Экологиялық,  ғылыми  және  мәдени  жағынан  ерекше  құнды 
қоршаған  орта  объектілері,  сондай-ақ  ерекше  қорғалатын  табиғи 
аумақтар қорғалуы тиіс. 
2-тарау.  Азаматтар  мен  қоғамдық  бірлестіктердің  қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері 
5-бап.  Азаматтардың  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 
құқықтары мен міндеттері 
     1.Әрбір 
азаматтың  және  Қазақстан  Республикасының 
аумағында  тұратын  азаматтығы  жоқ  адамдардың,  сондай-ақ  
шетелдіктердің өз өмірі мен  денсаулығына қолайлы  қоршаған ортаға, 
оның  жай-күйі  туралы  дұрыс  ақпарат  алуға,қоршаған  ортаны  қорғау 
туралы  заңдардың  бұзылуы  салдарынан  өз  денсаулығы  мен  мүлкіне 
келтіретін залалдың  өтеуін  алуға  құқығы  бар. 
   2.Азаматтардың: 
белгіленген  тәртіппен  табиғи  ресурстарды  пайдалануға,    оларды 
қорғауға  және  молықтыру  жөніндегі  шараларды  жүзеге  асыруға, 
қоршаған ортаны  қорғау  мен  сауықтыруға қатысуға: 
    қоршаған  ортаны  қорғайтын  қоғамдық  бірлестіктер  мен 


 
 
131 
қоғамдық қорлар құруға: 
қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  жиналыстарға,  митингілерге, 
пикеттерге,  шерулер  мен  демонстрацияларға,  референдумдарға 
қатысуға: 
қоршаған  орта  мәселелері  бойынша  мемлекеттік  органдар  мен 
ұйымдарға  хаттар,  шағымдар,  арыздар  мен  ұсыныстарды  беруге  және 
оларды қарауды талап етуге: 
қоғамдық  экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс  жасап, 
оған қатысуға: 
кәсіпорындарды,  құрлыстар  мен  экологиялық  жағынан  зиянды 
өзге  де  объектілерді  орналастыру,  салу,  қайта   құру  және  пайдалануға 
беру  туралы,  сондай-ақ  заңды  және  жеке  тұлғалардың  қоршаған  орта 
мен  адам  денсаулығына  теріс  ықпал  ететін  шаруашылық,  қызметін 
шектеу,  тоқтата  тұру,  тоқтату  туралы  шешімдердің  әкімшілік  немесе 
сот тәртібімен  күшін  жоюды  талап етуге; 
айыпты    ұйымдарды,  лауазымды    адамдар  мен  азаматтарды 
жауапқа  тарту  туралы  мәселелер  қоюға,  қоршаған  ортаны  қорғау 
туралы  заңдардың  бұзылуысалдарынан  өз  денсаулығы  мен  мүлкіне 
келтірген залалдың өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге: 
заң  актілері  мен  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерде 
көзделген  басқа  да  құқықтарын  белгіленген  тәртіппен  іске  асыруға 
құқығы бар. 
3.  Әрбір  азамат  қоршаған  ортаны  қорғауға  және  табиғи 
ресурстарға ұқыпты қарауға,қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды 
орындауға,  өзінің  экологиялық  білім  деңгейін  арттыруға  және 
жеткеншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет