68
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық
беретін
стансалардан,
қаладағы
кәсіпорындардан
бөлінген
көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін
құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар көмірқышқыл
газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы
жетпейтін болды. Зиянды газдардың ауаны шектен тыс ластауы
Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр
Шығыстың индустриясының дамуы жоғары дамыған аймақтарда
көбірек орын алуда. Атмосферадағы антропогендік өзгерістердің Жер
шарының жылыну
проблемасына алып келетіндігін ресми мойындау
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында Біріккен Ұлттар
Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сараптау
тобының баяндамаларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-
Жанейрода өткен Жаһандық орнықты даму саммитінде
антропогендік өзгерістерге ұшырамау үшін ауаға бөлінетін газдың
мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды.
Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан
бастап күшіне енді.
Жалпы, климаттың антропогенді өзгеруінің әсері қай деңгейде
болуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ғалымдар Жер
шарындағы климат жылылығы 2ºС жоғарылағанның өзінде Жер
шарында 500 млн. адам ауыз судан тапшылық көреді, 3ºС жылығанда
3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Себебі, климат
өзгеріске ұшыраған сайын тегеурініне шыдас бермейтін қатты
дауылдар, топан сулардың пайда болуы жиілей беретін болады. Бұдан,
әрине, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы үлкен зиян шегетіндігі
айқын. Ал ол өз кезегінде азық-түлік тапшылығына алып келеді.
Әлемдік мұхит деңгейінің өсуінің де қауіптілігі аз емес, географиялық
картаның суреті қазіргі уақытқа мүлде ұқсамай, Голландия сияқты
елдер мен Нью-Йорк секілді жағалауға жақын орналасқан қалалар мен
көптеген әсем аралдардың су астына кету қаупі бар. Нидерланды,
Ұлыбритания сияқты аралдағы мемлекеттер, Кариб бассейніндегі
және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы арал мемлекеттер үшін бұл
қиындықтың салмағы тым ауыр болмақ. Жердің орташа температурасы
қазіргі кезде 14ºС, Фаренгейт бойынша 57ºС көрсететіні есептеп
шығарылды. Негізінен атмосфераға булы газдардың көтерілуі табиғи
нәрсе. Алайда, ғалымдар адамдардың тіршілігінің нәтижесінде булы
газдардың көтерілуі молайып кеткендігін алға тартады. Әсіресе, ол
соңғы 50 жылда өте жоғарлаған. Олардың ішінде көмірқышқыл
газының көтерілуінің салдары Жер шарының жылынуына алып келеді
дегенімізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін атап
айту қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға жуық
71
атмосфераны ластау деңгейі төмен де, енді біреуінікі жоғары. Төмен
деңгей көрсеткен ел атмосфераға газ шығарудан өзі жинаған
бірліктерін жаңағы мұқтаж елге беріп, пайдасын көреді. Киото
хаттамасына енудің экономикалық жағынан тиімділігі қоршаған
ортаны дүниежүзі мемлекеттерінің бірге қорғау мүмкіндіктерінің
нақтылануы.
Достарыңызбен бөлісу: