Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет53/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131
1-принцип 
Адам  қамын  ойлау  орнықты  даму  үшін  қарастырылатын  талап-
мүдделердің  өзегі  болмақ.  Олар  табиғат  пен  жарасымдылық  тауып 
салауатты және баянды өмір сүруге құқықты. 
 2-принцип 
Мемлекеттер 
БҰҰ 
жарғысы 
мен 
халықаралық 
құқық 
принциптеріне,  қоршаған  орта  мен  дамуға  қатысты  өздерінің  дербес 
саясаттарына  сай  ресурстарын  игеруге  егеменді  құқыққа  ие  және 
олардың  құзыр  немесе  бақылау  аясында  сол  қызмет  атқару 
жауапкершілігі  өзге  мемлекеттердің  немесе  ұлттық  юри-дикция 
шеңберінен тыс жататын жерлердің қоршаған ортасына зардап әкелуге 
себепші болмайды. 
3-принцип 
Бүгінгі  және  келешек  ұрпақтың  дамуы  мен  қоршаған  ортаға  қатысты 
қажеттері  әділ  ескеріле  отырып  қана  дамуға  деген  құқық  жүзеге 
асырылуы тиіс.                         
 


 
72
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
4-принцип 
Даму  үздікісіз  жүзеге  асу  үшін  қоршаған  ортаны  қорғау  даму 
процесінің  тұтас  бір  бөлігін  құрауы  тиіс  және  одан  бөлек  қарала 
алмайды. 
5-принцип 
Өмір деңгейі алшақтығын азайту және дүние жүзі халықтарының 
басым  көпшілігінің  қажеттерін  ойдағыдай  өтеу  жо-лында,  сонымен 
қатар  орнықты  дамудың  міндетті  шарты  болып  табылатын  жарлықты 
түбімен  жоюға  бағытталған,  аса  маңызды  мәселелер  төңірегінде  
барлық  мемлекеттер мен барлық халықтар ынтымақтасады. 
6-принцип 
Дамушы  елдердің  қажеттері  мен  айрықша  жағдайларына,  оның 
ішінде  дамуы  мейлінше  кенже  қалған  және  қоршаған  ортасы 
солғұрлым  ушыққандарға  арнайы  ерекшелік  беріледі.  Қоршаған  орта 
мен  даму  саласындағы  халықаралық  іс-шаралар  бар-лық  елдердің 
мүдделері және қажеттерімен астасып жатқаны жөн. 
7-принцип 
Жер  экожүйесінің  тұтастылығы  мен  салауаттылығын  сақтау, 
қорғау  және  қалпына  келтіру  мемлекеттер  глобальдық  серіктестік 
рухында  ынтымақтасады.  Глобальдық  қоршаған  ортаның  бүлінуіне 
қосқан  үлес  салмақтарына  қарай,  мемлекеттер    жалпы    ортақ,  бірақ 
түрлі    жауапкершілікте  болады.  Олардың  иелік  жасап  отырған 
технология  мен  қаржы  ресурстары  ортаға  өз  қоғамдарының  жасап 
отырған  қысымшылықтарын  есепке  ала  отырып,  орнықты  дамуға  қол 
жеткізу  жолындағы  халықаралық  ұмтылыс  іс-шаралар  аясында 
дамыған елдер өз жауапкершілік-терін мойындайды. 
8-принцип 
Орнықты дамуға және барлық адамдардың жоғарылау өмір сүру 
сапасына  қол  жеткізу  үшін  өндіріс  пен  тұтынудың  өміршең  емес 
моделін  мемлекеттер  қысқартып  және  көзін  жойып,  сондай-ақ  тиесілі 
демографиялық саясат жүргізіп отырғандары жөн. 
9-принцип 
Ғылыми  технологиялық  білімдермен  алмасу  жолымен  ғылыми 
негізде өзара түсінікті ұлғайту арқасында сонымен бірге технологияны 
дамыту,    үйрену,  тарату  және  онымен  өзара  бөлісуді  күшейту 
арқасында  орнықты  дамудың  іштей  толығу  дүниесін  нығайту  үшін 
мемлекеттер ынтымақтасуы қажет.                           


 
 
73 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет