Әдебиеттер:
1.
Хасанова С. Қазақ жазуы мен оқуының бастаулары. – Алматы: Арда,
2007. – 264 б.
2.
«Жазу тәртібі» // Айқап. 1912, № 4–5.
3.
«Жазу тәртібі» // Айқап. 1912, № 8.
4.
Зиятов Ш. Бірге қозғалайық // Айқап. 1912, №6.
5.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты
еңбектері) – Алматы: «Ана тілі», 1992.
6.
Тебегенов Т. Әріптестік байланыстың шынайы үлгісі // Ана тілі. – 9142.
–№42 (1196).
Мухамбеткалиева Р.К., Абдубали А.О.
Научная значимость «Тоте жазу» в исследовании древних наследии и о роли в истории
казахской литературы
В этой статье говорится о важности «тоте жазу» в исследовании древних наследии и о
роле в истории казахской литературы. А также докладывается об употреблении арабской
графики в казахской земле, о «тоте жазу», изобретенного Ахметом Байтурсыновым на основе
арабской графики.
Ключевые слова: «тоте жазу», арабская графика, древние наследие.
Mukhambetkalieva R.K., Abdubali A.O.
The importance of “Tote zhazu” in the stady of ancient heritage and about the role in
the history of Kazakh literature.
This article discusses the importance of "Tote zhazu" in the study of ancient heritage and
about the role in the history of Kazakh literature. And report on the use of Arabic script in the Kazakh
land, the "Tote zhazu" invented Ahmet Baitursynov based on Arabic script.
Keywords: "Tote zhazu", аrabic script, ancient heritage.
ӘОЖ: 81'38; 801.6; 808
Салқынбай А. – филология ғылымдарының докторы, профессоры,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
(Алматы қ., Қазақстан)
E-mail: asalkbek@gmail.com
ЖАСЫРМАЙ ОЙЫН АЙТҚАН ТАЛАЙ ҚАЛАЙ...
Аннотация. Мақалада қазақтың жауынгер ақыны Махамбет өлеңдерінде кездесетін
«МЕН» тұлғасының мағыналық құрылымы мен қолданыс ерекшелігі, концептік мәні
зерделенеді. Махамбет өлеңдеріндегі сөздердің шымыр қолданысы, ішкі мазмұндық
кемелділігі, кемел бітімі талданып, «мен» жіктеу есімдігін қолданудағы ақын мақсаты
көрсетіледі. Ақынның өз МЕНІ арқылы болған іске деген жауапкершілін, кескілеспей
басылмайтын қайтпас қайсар батырлығын, істеген ісін бітірмей тынбайтын ермінезін
танытатын өлеңдеріндегі нақты жолдар арқылы СӨЗ-дің әлеуметтік мәні мен халықтық рухы
айқындалады. Махамбет өлеңдеріндегі әмбебап семантикалық оппозициялардың жиыны –
Хабаршы
№1- 2015ж.
218
концептуальдық жұптар ғылыми талдауға түседі. Махамбет өлеңдерінің халықтық сипаты
нақыл сөздер мен мақалға айналып, бүгінгі қазақтың сөйлеу тілінде даяр қалпында
жұмсалатындығымен де анықталатындығы мақалада ғылыми тұрғыдан дәйектеледі.
Кілт сөздер: ақын әлемі, сөз құдіреті, концепт, Махамбет өлеңдерінің концепциясы,
мен, контрастық ұғым.
Адам баласы өз жанының сырын да, көңіліндегі тасқынды сезімді де, мына
жалпақ әлемді танудағы өз көңілі жеткен шындықты да сөз арқылы жеткізеді.
Кейде астарлайды, кейде ашық әдіптейді. Астарлап айтқанды, кең өлшеп, кесек
сөйлегенді – даналыққа балаймыз, ашық айтып, шындық өмірдің көкейтесті
мәселесін көтерген, ащы мен тұщыны татып көріп, дүниенің құпия сырын аша
алғанды – ерлікке теңейтініміз де жасырын емес. Қалай десек те, өз сезімін,
көңіліндегі тебіренісі мен толғанысын сөз арқылы өрнектеу, сөз арқылы сырын
сыртқа жаю, сөз құдіретін пайдаланып, өмірлік дүниетанымын елге жеткізу –
ақындық кемел жүректің, шалқар шабыттың шуақты сәттері ғана емес, өнердің
сыртқа шыққан түрі де.
Сөз – ақынның әлемге, дүниеге деген сағынышын, құрметін, қарым-
қатынасын ғана емес, өзінің көркем әдебиеттегі, мәдениеттегі орнын да
белгілеуіне көмектеседі.
Ал оқушы мен тыңдаушы сөз арқылы өзге бейтаныс әлемге еніп, оның
тынысымен тыныстауға талап қылады, оның ойы мен сезім дүниесімен
таныстығын бастайды. Ұлы сөздің бір құдіреті осында жатыр. Өзгенің сезімін
сезінесің, жүрегінің дүрсілін естіп, лүпілін тыңдайсың.
Ия. Махамбет өлеңдерін оқып отырған кез келген адам осындай сезімде
болары даусыз. Өйткені Махамбет өлеңдеріндегі сөз жүйесі мен оның қолданыс
орнықтылығы осыны сізден талап етеді. Махамбет демі, отты жүрегі, дауылды
сөзі, ұранды мінезі оқырманға әсер етпеуі, бей-жай қалдыруы мүмкін емес.
Махамбет өлеңдеріндегі нақтылы образдар, кейіпкерлер олардың
тіршіліктегі жалпы болмысы - әрине, қайталанбайтын құбылыс. Олардың
тіршілік-тынысы, өмір сүру формасы, істеген ісі мен ойы – өзгеріссіз қалады.
Белгілі оқиғаны не сәттегі көңіл күйді жазып отырған ақынның тіліндегі бір сөзді
не сөзтұлғаны өзгертіп оқуға ниет етсеңіз, ұтыласыз. Махамбет өлеңдеріндегі
сөздердің құрылымы, ұйқасы мен тіркес түрлері жай сыртқы әдемілік үшін
алынбағанына көзіңіз жетеді. Бұл өлеңнің сыртқы шымырлығын ғана емес, ішкі
мазмұндық кемелділігін танытса керек. Кесек өлеңдегі кесек мінез. Кемел бітім.
Ақын өлеңдерінің концепциясы – күрес, күрес жолы. Қазақтың ұлы ақыны
өмір-күрес екенін өмірімен де, өлеңімен де өлшеп көрсеткендей.
Махамбет өлеңдерінің кемелдігі ең алдымен, жүйелі сөзінде, аталы ойды
жеткізуінде. Сөз қолданысындағы тұлғалық, мәндік, мағыналық құрылымды
іріктеп пайдалануында.
Ақын өлеңінде “ Мен” сөзі жиі қолданады. Бұл “ мен” тек жіктеу есімдігі
ғана ма? Немесе бірінші жақтық мағына беру үшін ғана қолданылған деуге сыя
ма? Біздіңше, Махамбет өлеңдеріндегі “Меннің” мәні ерекше.
Өлеңге жүгінелік:
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Немесе.
Мен ақ сұңқар құстың сойы едім.
Хабаршы
№1- 2015ж.
219
Мен бір шарға ұстаған
Қара балта едім.
Шабуымды таппай кетілдім.
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шар сынбан.
Мен- тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа таяр деп,
Сақсынып шыққан қиядан.
Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман.
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын,– деп жалғасады.
Осы “МЕН-нің” астарында мол сыр бар. Мағынасы терең. Бұл жай
лирикалық кейіпкердің мені немесе күнделікті сөйлеуде кездесетін мен емес.
Болмаса іс қағаздарында жазылатын “мен“ де емес. Мұндағы “МЕН”
Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбеттің күрескерлік әлемі. Махамбеттің батыр
жүрегі. Осы “МЕН” арқылы Махамбеттің ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген
махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі мен дұшпанға өшпенділігі
көрініс береді.
Махамбет өз МЕНІ арқылы болған іске деген өзінің жауапкершілін
көрсетеді. Істі бастаған ер бар. Кескілеспей басылмайтын қайтпас қайсар батыр
бар. Істеген ісін бітірмей тынбайтын кескекті ердің сойы бар, боз ағаштан биік
батыр бар. Яғни әрекеттің басында, барысында, аяғында жүрген субъекті – істің
иесі бар. Ол басталған іске өз жауапкершілігін толық сезінеді. Сәтті ісіне де,
сәтсіз ісіне де тек өзі ғана жауап береді. МЕН – бұл барлық болған іс-әрекеттің
иесі.
Махамбет-ақын өз ісінің ақтығына сенеді. Мақсаты - анық, ойы – нық.
Күн-түн қатып жүргені “ана Нарында жатқан жас баланың қамы”. Қара қазан,
сары бала қамы үшін қолға қылыш алды. Еділ үшін егесті, Жайық үшін
жандасты, Қиғаш үшін қырылды, Теңсіздікке жаны көне алмады.
“МЕН” халық кегі үшін жанынан қорқып ешкімге бас ұрмақ емес.
Көлденеңнің сөзіне еріп өз ісінен де, сөзінен де айнымақ емес.
МЕН-нің негізгі көздеген мұраты да айқын: “Хан ұлына қас болу, қара
ұлына бас болу”. Махамбеттің мені өзінің бастаған ісінің әділдігіне сенеді де,
соған деген бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алады. Сондықтан да өлең
жолдары “менмен” басталып әрекет иесін айқын көрсетіп отырады.
“МЕН” – ойшыл, дана. Мына жатқан қоғалы көлдер мен, құм, сулардың
кімдерге қоныс болмағанын, дүниенің ешкімге опа бермегенін, жалған мына сұм
дүние кімдерден кейін қалмаған жалған екенін біледі, түйсінеді. Бірақ бұған бола
күрсінбейді. Бұл дүниенің өзінің ішкі заңдылығы. Ақын жүрегін мазалайтын өз
“МЕНІ” жауапкершілігіне алған істің ақыры, нәтижесі. Ел қорыған, еліне қорған
болған, өз теңдігін сұрап, қолынан бергісі келмегенді, жолынан алғысы келген
МЕН, соңында үлкен қиналыс үстінде. Қиналыс қана емес, тақсірет. Заман лебі
әзірге басқаша соғып тұр еді. Сондықтан да МЕН жалғыз күңіреніс үстінде. “Ел
қорыған мен едім, мен де айрылдым елімнен, Көл қорыған сен едің, Сен де
айрылдың көліңнен. … айтып, айтпай немене, құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің
көп күні”. Ия… МЕН тағы да өз жауапкершілігін толық біледі. Түсінеді,
күйзеледі. Өмір өтіп жатқан ағын судай. Оның басы бар, өрекпіген сәті мен
шабытты шалқар теңізге ұласар шағы бар. Сондай-ақ, жайылып барып, сіңіп
бірте-бірте өзге материяға айналар соңы бар. МЕН осының бәрінде қатар жүреді.
Хабаршы
№1- 2015ж.
220
МЕН өзінің әлемге қатысын, әлемнің МЕН-сіз, ал МЕН-нің әлемсіз өмір сүре
алмайтынын іштей біледі. Толғанады да, тоқталады.
МЕН осымен тоқтап, ғұмырын күйзеліспен өткізді ме? әрине жоқ. МЕН
Исатайдың барында Екі тарлан бөрі еді. Еділдің бойы ен тоғайға ел қондырсам
деп, жағалай жатқан сол елге мал толтырсам деп арман етті. Тілекті құдай
бермеді. Бірақ бұған берісіп, көнетін МЕН жоқ. Ол өзінің жауапкершілігін, ел
алдындағы парызы мен қарызын түйсінеді. Ерге қараған елдің сенімі мен сезімін
біледі. Ежелгі дұшпан ел болмасын да терең түсінеді, сондықтан да
нарқоспақтың баласы оңаша жерде жолықса, аяры жоқ. Қайраңнан алған
шабақтай, қия бір соғып ас етсе, Тамағына қылқаны кетер деп қорықпас еді.
Шындап келгенде, МЕННІҢ мықтылығы, ерлігі мен батылдығының сыры
неде? Неге МЕН-субъект-Махамбет өз атын қорықпай ашық айта алады. Өйткені
оның артында қалың елі тұр. Мұңдағаны ел мұңы, жырлағаны – елдің жыры.
Айтары қара қазан, сары бала қамы. Халық үшін қан төкті, қараны ханға теңегісі
келді.
Махамбет өлеңдеріндегі МЕННІҢ ашық қолданылуының бірнеше
себептері бар. Ең алдымен МЕН-субъект – іс әрекет иесі. МЕН – өз ісінің негізгі
жауапкершілігін өзі алған.
Мен – халық үшін жанын қиған ер.
Мен – нақты.
Қазіргі әдебиеттегі кездесіп жүрген мендермен Махамбеттің МЕН-ін
салыстыруға келмейді. Тілдік табиғаты басқа. Сөздің таңбалануы ортақ
болғанмен, ішкі мазмұны ерекше, мәні өзгеше.
Сөздің құдіреті, әсіресе, абстрактылы ойлаудың шегіне жеткенде көрінеді.
Нақты ойда сөз тура мағынасында жұмсалады. Ал оның сәулеленуі, нұрлануы –
ойдың ұшқырлығы нәтижесінде, белгілі абстракциялық шыңға жету сәтінде
туындайды. Мұндай жағдайда сөз жер бетіндегі өзінің күнделікті күйбең
тіршіліктегі мағынасын ысырып тастап, жаңа бейнеге еніп, нұрланады. Сөз қайта
түлеп, өзінің нағыз құдіретті күшіне мінеді. Сөз құдіреті мұнда тек қана
тұлғаның лексикалық мағынасынан ғана емес, грамматикалық құрылымынан,
бүкіл болмысынан көрініп тұрады.
Тағы бір кереметі, абстракциялы ойдың бейнесі ретінде көрінетін сөз
мағынасы кең, аумақты да ауқымды. Сіздің қазіргі түсінігіңізді тереңдетіп,
өзімен бірге биікке алып шығады.
Ал Махамбет ақын қолданысындағы сөз құдіреті тым ерекше. Сөз
мағынасының абстракциялылығы, яғни кез келген таңбаның абстракциялы мән
иеленуі, ең алдымен ойлау жүйесіне байланысты екені белгілі жайт. Махамбет
табиғатындағы ұшқыр ой мен кемел ақыл сөзді де кемелдендіріп жібереді.
Сөз
–
күнделікті
тіршіліктегі
қолданысында,
грамматика
оқулықтарындағы түсіндірілуінде зат не құбылыстың атауы. Ал Ақын
өлеңдеріндегі сөз мәнін, мағынасын осылай қасаң грамматикалық ережелерге
салып түсіндіруге болмас еді. Онда өлеңнің мәні қалмайды, эстетикалық
қабілетінен жұрдай болады. Ақын психологиясы, заман үні өз бабында
қабылданбайды. Тек зат не құбылыстың қасаң атауы мен олардың жасалуы,
немесе антонимдык, синонимдік, омонимдік сипаты мен теңеулер мен көркемдік
айшықтардың жасауы, қайталама туғызуы т.б. айтылар еді. Бірақ Махамбет
поэзиясының тілі осы айтылғандармен шектеле алмайды. Махамбет
өлеңдеріндегі концепция, контраст, заман бейнесі, әлем көрінісі, когнитив
айқындалуы қажет. Бұл, біздіңше, әлі зерттеле қоймаған тың мәселе.
Хабаршы
№1- 2015ж.
221
Әлем бейнесінің қалыбы әртүрлі пропорцияда екі әлемдік деңгейде көріне
алады – материалдық әлем мен көзге көрінбегенмен, материалдық әлем арқылы
сезілетін, адам түйсігіне әсер ететін идеалдық әлем. Бұл оппозициялық деңгейлер
белгілі бір әлемдік қалыпта бүтіннің бөліктері ретінде анықталады. Әлем бейнесі
әмбебап семантикалық оппозициялардың жиыны ретінде бейнелене алады.
Махамбет өлеңдеріндегі осындай әмбебап семантикалық оппозициялардың жиыны –
концептуальдық жұптар арқылы көрінеді. Мұндай концептуальдық жұптар – теңдік
пен теңсіздік, ерлік пен ездік, жеңіс пен жеңіліс, жалғыздық пен көптік, достық пен
қастық, жарық пен қараңғы, тыныштық пен шу, әрекет пен тыным, аспан мен жер,
күн мен ай, жалғандық пен шындық, қуаныш пен қасірет т.б.
Махамбет қарапайым сөзбен адам баласының жан дүниесінің ерлікке,
елдікке ұмтылған, ұлы сезімге толы көңіл-күйін жеткізеді. Махамбеттің жеңісі
мен жеңілісі күнделікті өмір ағымында кездесіп жататын ру арасындағы
тартыстардан туған жеңістер мен жеңілістер емес. Тірліктің өзі бір күрес қой.
Оның өзі тек жеңістер мен жеңілістерден тұрады. Десек те, Махамбеттің жеңісі
асқақ, жеңілісі де ерекше. Сөзімізді Махамбеттің өзінің өлеңдерімен дәлелдейік:
Жеңісінде Махамбет:
Дұшпанына келгенде,
Тартынбай сөйлер асылмын,
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын.
Мұндай төгіліп тұрған жырлар әлемдік поэзиядағы сирек құбылыстар!
Тағы да МЕН. Ешкімнен қорықпайтын, жасымайтын, жасқанбайтын, өзін
жасырмайтын, ешкімге табынбайтын – МЕН бұл. Махамбеттің Мені – қазақ
халқының МЕНІ. Өзі жау іздемейтін, қарсы келген дұшпанға қаймықпай, кірпік
қақпай қарсы қарап тұратын қазқ халқының жауынгер ұлдары мен қыздарының
Мені.
Махамбеттің жеңілісті сәті:
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып тұрған мырзадан
Бұрынғы дәулет тайған күн.
Қатарланған қара нар
Арқанын қиып алған күн.
Алма мойын аруды
Ат көтіне салған күн.
Бұл – елім деп еңіреген ердің ажал құшағын тауып, басталған іс жеңіліс
тауып тұрған сәт. Күн – Мұнар, бұлттан шыққан күн шұбар. Бура атанға шөккен
соң, ақырзаман емей немене? Алма мойын ару атқа мінгестіріліп күң болса,
жеңіліс емей немене. Ақын жүрегі қан жылайды, күн де жылайды, дауыл теріс
соғады, Хас бәйтерек жығылған, қылыш балдағынан сынған, дұшпанның көңілі
тынған күн.
Хабаршы
№1- 2015ж.
222
Ақын өлеңдеріндегі мұндай контрастық тұстар мол. Ең бастысы мұндай
когнитивтік модельдің берілуі нағыз классикалық үлгіде, төгіліп тұр.
Ақынның “Жалғыздық” атты өлеңіндегі көлемдік концептер контрастық
қағидасы арқылы өріліп, өлеңнің философиялық өзегін құраған. Мұндағы күн
мен түн, жалғыздық пен қауым, әділдік пен әділетсіздік қатар алынады.
Бұл дүние жүзінде
Айдан ару нәрсе жоқ.
Ол түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ.
Ол күндіз бар да, түнде жоқ.
Күн мен ай концептуальдық жұбын негізге ала отырып, ақын басына
түскен трагедиялық жағдайды толық контрастық пен қарама-қайшылық сипатта
көрсетіп, оның табиғи қырын ашады. Күн мен түннің ауысуы, жарықпен
қараңғының болуы – тіршілік заңы, болмыстың заңы. Диалектика заңы. Бұл
бұлжымайды. Сондай-ақ, даму-диалектиканың заңдылығының бірі қарама-
қайшылықтың бірлігі мен күресі емес пе?
Ақынның ұтқаны – кеңістік атауларын алып, оның мәні мен маңызы
арқылы өз жүрегінің сырын ашуы. Кеңістік атаулары – күн мен айды алуының
терең символдық мәні бар. Ұлы дала. Аспандағы ай мен күн. Ең бастысы
керілген ұлы даладағы –жалғыз АДАМ – МЕН. МЕН – әлемнің бір ғана бөлшегі.
Өлең соңы “ Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да менде жоқ, - деп аяқталады.
Бұл жалғыздық тек Махамбет басындағы жалғыздық десек дұрыс болар
ма? Ойлана білген пенденің кез келгенінің МЕНІ – жалғыз-ау.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Осындай ойлар әлемдік классикалық әдебиетте мол-ақ. Дін басылардың өз
айтқанына қарсы іс-әрекет істейтіні қашан да жазылып келе жатыр. Халық оны
“молданың істегенін істеме, айтқанын істе” деп бірауыз сөзге сыйғызған.
Махамбет-ақынның “Жалғыздық” өлеңінде мұндай мотивтің жүруінің өзіндік
сыры бар. Тағы да әлемдік концептер мен оның қабылдануы, түсінілу ерекшелігі
айқын көрінеді. Бар мен жоқ антонимдік сыңарының мағыналық қарама-
қарсылығын пайдалана отырып, әлемдік қарама-қайшылықты көрсетеді. Ақын
өзінің ішкі сезімімен бүтіннің ортасында жүреді. Бүтін әлеммен бірге
тыныстайды, бүтінді өзін тыңдауға шақырады.
Махамбет өлеңдеріндегі контрастық ұғымдардың дені зат есімдермен
беріледі. Бұған да үлкен мән берген дұрыс.
Сөзді тайға таңба басқандай анық қолдану – кез келген таланттың
маңдайына жазылған бақ емес. Сондықтан да болар Мұқағали ақын былай деп
жазады:
Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай.
Айтарын ашып айтқан абайламай,
Дариға-ай, Махамбеттер, Абайлар-ай!!!
Айтайын деген ойын айқын жеткізе білу, сөзді дәл тауып, сәнін келтіру –
қиын іс. Аз сөзге үлкен ой сыйғыза білу - қазақтың сөз өнері дәстүрінде кең өріс
алғаны тағы рас. Қазақтың ғажайып мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерді еске
алсақ та, сөзіміз дәлелді.
Хабаршы
№1- 2015ж.
223
Осындай нақ мағына беретін, дәл айтылған ұтымды ойды екі ауыз сөзге
сыйғыза алған тіркестер Махамбет өлеңдерінде де мол кездеседі.
Бір сынаған жаманды, Қара қазан сары бала,
Екіншілей сынама. Қамы үшін, қылыш сермедік.
Мұсылманшылық кімде жоқ, Арғымақтың баласы
Тілде бар да, дінде жоқ Арығанын білдірмес.
Тура биде туған жоқ. Хас жақсының баласы
Арада тұрып сөйлемес.
Мұндай тіркестерді тағы да келтіре беруге болар еді. Бірақ бұл іргелі
жұмыстың зерттеу нысаны болуға тұрарлық дүниелер.
Сонымен, “бөрідейін жол жатып, жауырынына мұз қатып, жалаулы найза
қолға алып” әділетсіздікпен, теңсіздікпен күресіп өткен күрескер-ақын Махамбет
шығармаларының
тілдік
ерекшеліктерін
терең
талдау,
оның
сөз
қолданыстарының сиқырын ашу алдағы күндегі міндетіміздің бірі.
Әдебиеттер:
1. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы, «Жазушы», 1989. – 197 б.
Салкынбай А.
Не скрывая, никого не боясь, высказал свое мнение
В статье анализируется семантическая структура, особенности применения, и
концептуальное значение словоформы ”Я“ в стихах казахского поэта-воина Махамбета. В
стихах Махамбета изучаются использование слов и полнота их внутреннего содержания,
отмечается, что применение личного местоимения “я” служит целям поэта. Строки стихов,
которые отражают упорство, личное мужество и ответственность поэта, передаются через его
“Я” и выражают социальное значение и народных дух слова. Научному анализу подвергается
множество универсальных семантических оппозиции и концептуальных пар в стихах
Махамбета. В статье доказывается, что благодаря своему народному стилю, поэзия Махамбета
в современной казахской разговорной речи находит свое применение в готовой форме, в виде
пословиц и изречении.
Достарыңызбен бөлісу: |