Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата24.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#352
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

 
Сам ратова
 Т.К. 
педагогика ғылымдарыны* кандидаты, доцент  
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  лтты  университеті 
 
ХАЛЫҚ ДƏСТҮРЛІ ӨНЕРІ - 
 
ҰЛТТЫҚ МƏДЕНИ МҰРА  
 
Қазақ  халқының  дəстүрлі  қолданбалы  өнері  –  көшпелі  түркі  тектес 
халықтар  əлемінің  алып  бəйтерегі,  қара  шаңырағы.  Ол  ерте  кезден-ақ  əлемдік 
мəдениеттің  көрнекті  қайраткерлерін  қызықтырған.  Мысалы,  Геродот  былай 
деп  жазып  қалдырған:  «Олардың  барлық  заты  алтын  мен  мыстан  жасалған 
жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас 
киім  мен  белдік  əшекейлері  түгелдей  алтыннан  жасалған.  Сондай-ақ  ат 
омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы 
да басқа бөліктері түгелдей алтынмен əшекейлендіріп, безендірілген». Геродот 
пен  бірге  Ктесий,  Страбон  да  қазақ  топырағын  мекендеген  сақтар  мен 

 
68 
массағаттардың  барлық  заттарының  əшекейленіп,  киімдерінің  өзіне  тəн  үлгісі 
барын айтады[1;8].  
Академик Ə.Марғұлан: «Есть основание пологать что народное искусство 
казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и 
других племен, населявщих в древности территорию Казахстана» [2; 131],- деп 
көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дəлелдеген. 
Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сəндік заттар, тұрмыстық бұйымдар 
жасауда  құю,  қақтау,  қысып  өрнектеу,  жону,  тегістеп  жылтырату  техникасын 
жақсы  меңгерді,  заттарға  өрнек  сала  білді.  Мысалы,  қазақ  жерінен  табылған 
айшық түймелер, жылқының сүйегінен ойып жасалған ромб, үшбұрыш тəрізді 
бейнелерді атауға болады.  
Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тəрізді 
көне түркі тайпаларының мəдениетінен арқау алғаны ғалымдар өз еңбектерінде 
сөз  етеді.  Мысалы, С.Қасиманов:  «халық  тұрмысында жиі  қолданылатын өру, 
тігу,  тоқу,  мүсіндеу,  құрастыру,  бейнелеу  сияқты  творчестволық  өнер 
жиынтығы» [3; 10] десе, ал М.С.Мұқанов: «… дəстүрлі халық өнерінің негізі. 
Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін» [4; 18], - ескертеді.  
Ө.Жəнібеков дəстүрлі өнер, халықтың рухани əлемі дей келе, «… бабалар 
мұрасы  ұлттық  игі  қасиеттерге  ұқыпты  болуды,  жұртты  ұлттық  мақтанышқа 
баулу  ісін,  көп  ұлтты  Қазақстан  халқын  ауызбірлікке,  ынтымақтастыққа 
тəрбиелеу ісін жүйеге келтіруді талап етеді»- деп [5; 108] оның тəрбие берудің 
барлық саласын қамтитынын тілге тиек етеді. 
Қай халықтың болмасын заттық, рухани мəдениетінің жиналу, жариялану, 
зерттелу  тарихының  басталған  уақыттан  дөп  басып  айту  қиын.  Халықтық 
мəдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге 
бой  тартады.  Сол  сияқты  қазақ  халқының  рухани  мұраларының  бірі  
қолданбалы  өнерінің  тасқа  қашалған  көне  іздерін  V-VІІІ  ғасыр  ескерткіштері 
мен  Орта  Енисей  жазбаларынан  тапсақ,  одан  бергі  орта  ғасырлық  жазба 
деректердің  барлығында  да  халық  мұрасы  өз  желісін үзбей,  əр  түрлі деңгейде 
бой көрсетіп отырады [6;5]. 
А.Сейдімбектің  топшылауынша  байырғы  көшпенділердің  өмір  салты 
дүниеге əкелген мал құлағына ен салу, малдың санына күйдіріп таңба басу, 
əр  рудың  өзіндік  таңбасының  болуы,  тіптен  денелеріне  қара  күйе  сіңіру 
арқылы 
татуировкалау 
(«Пазырық» 
қорғанының 
дерегі) 
сияқты 
қасиеттердің  қай-қайсыда  ең  алдымен  белгі  берушілік,  хабар  білдірушілік, 
ажыратушылық  міндет  атқарған.  Мұның  сыртында  белгілі-бір  затпен, 
көрініспен ой айту, ниет құлқын білдіру көшпенділер арасында шыңдалған 
дəстүрге ұласқан [7].  
Көшпелілердің  ұлы  өркениетін,  мəдениетін  сөз  еткенде  оны  ешқандай 
айғақсыз, дерексіз баяндай берудің мүмкін еместігіне көз жеткізе отырып, оны 
халықтың рухани байлығының жемісі, заттық (тұрмыстық) мəдениеттің айқын 
айғағы ретінде зерттеу негізгі мақсат. Өйткені көшпелі ғұмыр мен қолданбалы 
өнер егіз. Ол туралы зерттеуші Б.Сапарұлының «Адалбақан» кітабында жақсы 
айтылған:  «Көшпелілер  қайталанбас  сын-сипаты  мен  мейлінше  қарапайым 

 
69 
қолданысы  бар  қолөнер  бұйымдарын  аспан  асты  –  жарық  дүниеге  келтірді. 
Қолданды. Қайта əсемдеп жасады. Қолдан қолға таратты… Тайпа, ұлыс, халық 
қолөнері  сабақтаса  дамыды.  Көшпелі  тіршілік  барда  қайран  бабам  қолөнері 
көзіне құрт түспеген» [8; 31]. 
Ата-бабаларымыздың рухани болмысының «көшпелі» еместігі көшпелілер 
мəдениетімен  салыстыра  қарағанда  айқын  байқалады.  Көшпелілердің  өмір 
салтында  айнала  қоршаған  ортаны,  табиғатты,  космосты,  яғни  əлемді  танып-
білуде өзіндік ережесі болған, өткен мен болашақ арасындағы қөзқарастардың 
біртұтас  жүйесі  қалыптасқан.  Бұл  номаттардың  этномəдениетінің  өзіндік 
ерекшелігінен айқын танылады. Өйткені халық өнері – этностың ой-санасы мен 
дүниетанымының, өмір болмысы мен көзқарасының өзара байланысын береді. 
Бірақ  қоғамдық  сана    шындықтың  жансыз  көшірмесі  емес,  ол  заманның  
этномəдени рухани мəнін, көркем-эстетикалық идеяларын мағыналы мазмұнға 
айналдырған биік этникалық қасиеттерінің нышаны. 
Біріншіден,  өнерді  жасаушы  халық,  өйткені  халық  тарихқа  өз  бейнесін 
сурет  қылып  салып  кеткен.  Екіншіден,  бабалар  мұрасы  ғасырлар  бойы 
сұрыпталып,  ұзақ  уақыт  сыннан  өткен.  Оның  бастапқы  мазмұнын  шындай 
түсуге  қаншама  ұрпақтың  ақыл-ойы,  дүниетанымдық  ой-түсінігі,  эстетикалық 
сана-сезімі жұмсалған.  
Осынау  халық  мұрасындағы  көркем  мəдениетті  жіктейтін  болсақ,  ол  тас 
дəуіріндегі  геометриялық  өрнектер  мен  сақ дəуіріндегі  «жануарлық  таңбадан» 
басталып,  қазіргі  ұлттық  жаңару  төл  өнерімізде  дəстүрлі  (қазақ  қолданбалы 
өнерінің зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т.б. түрлерінде) заттанған 
көрініс  алады.  Негізінен  қолданбалы  өнерді  көркем  мəдениет  туралы 
ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп қарауға болмайды. Онда бейнеленген 
бедерлер  қашан?,  қайда?,  қалай?  пайда  болғанын  ғана  емес,  ішкі  терең 
мазмұнды,  өрелі  ойдың  мəні  неде,  тəрбие  беру  жолдары  қандай?  -  деген 
сұрақтарға жауап беруге жетелейді. Алайда, олар бойына таңғажайып қиял мен 
шыңдалған шеберлікті жинаған, өмір тəжірибесімен сабақтасқан мəңгілік өнер 
туындысы  болып  табылады.  Ол  бұйымдар  сол  кезеңде  ерекше  қасиетке  ие 
болып, дүниетанымдық жүйе қалыптастырған. Олар бір жағынан, əр түрлі жан-
жануарлардың күштілігі, көрегендігі сол мүліктің иесіне дарысын деген сенім, 
яғни жануарларға сиыну ұғымын қалыптастырған. Екіншіден, қолданбалы өнер 
бұйымдары тəлім-тəрбиенің негізі болған. Көшпелілер күн көріс көзі малды өз 
қажеттілігіне  пайдаланып,  металды  өңдеп,  жауынгерлік  тəртіпті  меңгеріп,  ат 
əбзелдерін,  тұрмыс  бұйымдарын  жасауға  əбден  бейімделген.  Қолдан-қолға 
таратып,  қолданбалы  өнермен  айналысқан.  Сондықтан  да  көшпелі  мен  қазақ 
қолданбалы өнері егіз, біртұтас рухани дүниетаным.  
Сақ  кезеңінің  (VІІ-VІ  ғ.  б.э.д.)  көркем  мəдениеті  жануарлық  стильде 
дамыған.  Онда  көбінесе  тау  ешкі,  арқар,  бұғы,  т.б.  жануарлар  бейнеленген. 
Бұған  «Сақ  бегзадасының»  киімдері  мен  сəн-салтанат  бұйымдарындағы 
көріністер мысал болады. 
Сол  сияқты  жануарлар  бейнесі  қапсырмалар,  білезіктерде  де  салынған. 
Мысалы, «Ағаш түбіндегі көшпелілер демалуы» атты қапсырмада ағаш түбінде 

 
70 
отырған  əйел  жəне  ер  адамдар,  ерттеулі  аттар  бейнеленген.  Бұл  Алтай  жəне 
қазақ  халқының  «Қозы-Көрпеш  жəне  Баян-Сұлу»  поэмасының  желісінде 
жасалғанын  ғалымдар  (В.Чепелев,С.Дудин)  еңбектерінде  айтылады.  Бұл 
қолданбалы  өнердегі  этномəдени  сəйкестік.  Кейіннен  жануарлардың  дене 
мүшелері ою-өрнектермен алмастырылады. Соның нəтижесінде тұлпар тұяқ, ат 
бас,  қошқар  мүйіз,  түйе  табан,  т.б.  өрнектері  пайда  болған.  Мысалы,  ертеде 
оғыздар  мен  қыпшақтар,  кейіннен  қазақтар  тас  бетіндегі  тұлпар  тұяғына 
сиынған. Ондай тастар «тұлпар тас» деп аталған.  
Тұтастай  алғанда  сақтардың  «аң  стилі»  дүниетанымның  заңды  көрінісі 
көшпелілер  идеологиясын    білдіретін  айрықша  бейнелер  ретінде  құрылып 
қалыптасады. Мысалы, Сынтас қорымынан табылған сүйек қасықтың сабында 
бірнеше  мүсін  бар.  Біріншісі  –  басын  артқа  қаратып,  аузын  ақситып  жатқан 
қасқыр, келесісі – бұл да басын артқа қаратқан бүркіт мүсіні[9; 137-156].  
Түрік қағанаты көркем мəдениетінде тас өндеу мен сүйек ұқсату өнерінің 
өркендеуіне  сай  сүйек  пен  металдан  жасалатын  бұйымдарды  əсемдеу 
барысында  негізінен  геометриялық  (ирек,  дөңгелек  тəріздес),  өсімдік  тектес 
жəне зооморфтық мотивтер қолданылды.  
VІІІ-ІХ  ғасырда  қолданбалы  өнері  қазақ  жерінде  өмір  сүрген  қыпшақ, 
қарлұқ  тайпаларының  көркем  мəдениетінде  жалғасын  табады.  Бұл  кезде  тас 
өңдеу,  зергерлік  бұйымдар  жасау  жақсы  дамыған.  Қыпшақтар  зергерлік 
бұйымдары көбінесе құс бейнесінде болып, аспан белгісі көрініс алған. 
Бұл кезеңде ер адамдар тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен 
ағаштан бұйымдар жасап оны əсемдеуді, ал əйелдер кесте тігу, өрмек тоқу, ши 
орау,  киіз  бастыру,  сырмақ  сыру,  тері  киім  тігумен  əйелдер  айналысқан.  Қыз 
келіншектердің қолынан  тоқылған кілем, алашалар, басылған киіз, текеметтер, 
сырылған  сырмақ,  көрпелер  шеберден  асқан  ісмерлікті,  бояу  түрлерін  сезіне 
білуді, үлкен эстетикалық талғамды талап етті.  
Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды əшекейлеу 
үшін  пайдаланса,  жалпы  қолданбалы  өнері  тұрмысты  əшекейлеу  үшін 
пайдаланған мəні бар шығармаларына айналды.  
«Орта  Азиядағы  көшпелілердің  өмірінде  –  деп  жазды  А.А.Боголюбов,  - 
кілемдерден  бірнеше  ұрпақтар  қолымен  жасалған,  тұрақты,  бүкіл  тайпаға 
тиесілді жəне жеке бастың емес, ортақ эстетикалық қажеттіліктерді бейнелейтін 
суреттерді  кездестіреміз».  Зергерлік  өнердің  магиялық  қызметі  де  басым 
болғанын Окладников еңбегінде де дəлелденген [10;84-103]. 
$олданбалы  неріні*  бел  туындыларыны*  бірі  –  тас  *деу.  Оның  негізгі 
түрлері  тас  ескерткіштер,  мүсінтастар.  Ə.Марғұлан  тарихи  дəуірден  сақталып 
келе жатқан тас мүсіндер біріншіден, ата–ананың рухын қадірлеуден, аспанға, 
күнге  табынудың  бір  белгісі;  екіншіден,  тек  басын  жұмырлап  келтіру,  өзге 
денені бедерлемеу жəне іргесіне төрт бұрышты тас шарбақ тұрғызып отырғаны 
дүниенің  төрт  бұрышын  меңзегені;  үшіншіден,  VІІ-Х  ғасырдағы  мүсіндер  өте 
реалистік  бағытқа  сүйеніп,  шындықтан  ауытқымауды,  адамның  келбетін 

 
71 
(портретін) тура өзіндей қылып жасауды мақсат еткен.  
Жас  əйелді  суреттеген  тас  мүсіндер  «қыз  тас»,  «келіншек  тас»  деп 
үлкендерін «кемпір тас» деп атаған. «Кемпір тас» пен «қойшы тастың» келбеті 
біріне бірі өте жақын. Екеуіде қолын бауырына қысып, кіндігінен жоғары құты 
сауыт  ұстап  отырады.  Бұл  да  күнге  аспанға  табынудың,  малымыз  көп  болсын 
деген  тілек.  Олар  тас  мүсіндерін  екі  жүйе болып  созылған  ұзын  қанаты  (жол) 
бар  үлкен  тас  обалардың  шығыс  жағына  орнатып  бетін  шығып  келе  жатқан 
күнге  қаратып  қойған.  Шығып  келе  жатқан  күнге  бас  иіп,  табынып,  одан 
жақсылық күткен [11;14-15].  
Тасқа қашалып жазылған жырлар («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк») 
еркіндік  аңсаған  халықтың  бақытты  өмірі  жайлы  арман-қиялын,  тəуелсіздік 
үшін  ғасырлар  бойы  күресіп  келе  жатқан  ерлердің  қаһармандықтарын  келер 
ұрпаққа  үлгі-өнеге  етіп,  тəлім-тəрбиелік  əсер  қалдырған.  Өнер  қиял-
ғажайыптан пайда болған – нақыш. Ол мəңгілік өмір, қоғам, адамдар болмысы 
туралы  сыр  шертеді.  Демек,  жаратылыстығы  үштік  құрылым,  дүниенің  төрт 
бұрышы  сияқты  ұғым,  түсініктер,  таңбалардағы  (реальды,  концептуальды, 
перцептуальды)  кеңістік  пен  уақытта  заттанған  көрініс  алады.  Өйткені  ертеде 
көшпелілер айтқысы келген ойларын қолданбалы өнері арқылы жеткізе білген.  
Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын 
қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мəдени құндылықтарға 
баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пəнінен басталатыны белгілі.  
Осы  тұрғыдан  бейнелеу  өнері  пəнін  мектепте  оқытудың  негізгі  мақсаты 
қоршаған  орта  əсемдігін  көру,  сезіну,  қабылдау  қасиеттерін  қалыптастыру, 
эстетикалық  талғамын,  шығармашылық  қабілетін  жетілдіру,  көркемдік 
қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.   
Қазақстандағы 
мектеп 
оқушыларының 
көркем 
мəдениетін 
қалыптастыруда  дəстүрлі  өнердің  ерекшеліктері  мынадай  міндеттерді  алға 
қояды:  
-  қолданбалы  жəне  бейнелеу  өнерінің  мəнерлеу  тілін  меңгеру  арқылы 
қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыру;  
-  қоршаған  ортаны  эстетикалық  тұрғыда  бағалауға  қажетті  білім 
қалыптастыру; 

бейнелеу 
өнері 
сабақтарында 
оқушының 
шығармашылық 
қарекеттерінің потенциалын жетілдіру;  
-оқушылардың 
ұлттық  өнерге  деген  мақтаныш  сезімі  мен 
елжандылығын қалыптастыру. 
Мұндай  міндеттерді  шешу  барысында  бағдарламалардағы  берілген 
тапсырмалардың  мазмұнындағы    ұлттық  мəдени  мұраны  тиімді  пайдалану 
қажет. 
 
 
 
 
 
 
 

 
72 
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Балкенов  Ж.  Халық  мұрасындағы  ұлттық  өрнек  жəне  рең. 
Ғылыми əдістемелік монография. –Қарағанды: КарГУ, 1996. – 198 б.  
2.
 
Маргулан А.Х. Казахское декоративное прикладное искусство. –
Алма-Ата: Өнер, 1986. – 256 с.   
3.
 
Қасиманов  С.  Қазақ  халқының  қолөнері.  -  Алматы:  Қазақстан, 
1995. – 240б.  
4.
 
Муканов  М.С.  Казахские  домашние  художественные  ремесла.  –
А.: Казахстан, 1979. 
5.
 
Жəнібеков Ө. Жолайрықта. – Алматы: Рауан, 1965. -109 б.  
6.
 
Жолдасбекова  С.А.  Бастауыш  класс  оϗушыларыныϟ  сәндік  ϗолданбалы 
нерге эстетикалыϗ ϗызыϏушылыϏын ϗалыптастыру. П.Ϗ.к. дисс. - А., 1993. – 
165 б.  
7.
 
Сейдімбек  А.  ϖазаϗ  әлемі:  этномәдени  пайымдау.  Оϗу  ϗϭралы.  –  Алматы: 
Санат, 1997. – 464 б. 
8.
 
Сапарϭлы  Б.  Адалбаϗан:  ώылыми-к семс здік  желілер.  –  Алматы:  5нер, 
1992. – 384 б. 
9.
 
Уалиханов Ш. Таϟдамалы шыϏармалары. – Алматы, 1985. - 348 б. 
10.
 
<бдіϏапбарова  Ϭ.М.  Оϗушыларды  тәрбиелеуде  ϗазаϗ  ϭлттыϗ  ою- рнек 
нерін пайдалануϏа студенттерді даярлау. Канд. дисс. – Алматы. - 1998. 
11.
 
Козыбаев  Е.  Формирование  эстетической  культуры  старшеклассников 
средствами казахского музыкального фольклора. –Алматы, 1998.    
 
Resume 
In  this  article  is  eximined  a  traditional  national  art  like  a  heritage  of  the  kazakh 
nation. Traditional decorative art is a basic of art culture of nomads, its develop and 
specialities 
 
 
 
 
Байдельдинов
 Асан Х. 
№ 63 орта мектебіні* бейнелеу  нері жəне  технология пəні м ғалімі 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ КӨРКЕМ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ
 
                                                        
Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасы  өсіп  келе  жатқан  жеткіншек 
ұрпақтың  мəдени  өрісін  көтеру,  сұлулықты  қабылдау  қабілетін  қалыптастыру 
арқылы төл мəдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушысы болуына 
зор  мəн  берілуде.  Сонымен  қатар  оқушылардың  өз  елінің,  халқының,  соның 
ішінде  өзі  мекен  ететін  аймақтың  мəдениетіне,  дəстүрлеріне  деген  сезімдік-
эстетикалық  қарым-қатынасын  қалыптастыру  –  бейнелеу  өнері,  технология 
пəндерінің негізгі міндеттері болып отыр.   

 
73 
«Біз  өзіміздің  болашағымызды,  жеке  балаларымыздың  болашағын  қандай 
күйде  көргіміз  келеді,  осыны  айқындап  алатын  уақыт  жетті»  деп  көрсетілген 
Елбасы 
Н.Ə. 
Назарбаевтың 
2030 
жылға 
арналған 
стратегиялық 
бағдарламасында.  Сондықтан  да  еліміздегі  ұлттық  қоғамды  кемелдендіру  ел 
болашағы  –  жас  ұрпақты  жаңа  инновациялық  əдісте  рухтық  тəлім  жəне  білім 
негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.  
Білім  мен  тəрбие  ажырамас  егіз  ұғым.  Ұлы  данышпан  Əл-Фарабидің 
«Тəрбиесіз  берген  білімнің  күні  қараң»  деген  сөзі  осыны  дəлеледесе  керек. 
Сондықтан  бүгінгі  ұрпақтарға  білім-ғылым  нəрін  берумен  қатар,  өз 
халқымыздың тағылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің мəні зор. 
Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тəрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын 
қорғаушы,  ата-бабалардың  ісін  жалғастырушы  мəңгілік  күш.  Сол  себепті 
жалпы білім беретін орта  мектептерде  бұл  мəселені жолға  қою,  яғни  егеменді 
елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру – басты міндет.  
Эстетикалық  мəдениетті  дұрыс  қалыптаспаған  адам  ғылымда,  саясатта 
жəне  қоғамда  өзгелермен  тіл  табысуда  мəдениетті  түрде  адамгершілікпен 
əрекет жасай алмайды. Сондықтан қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау, 
эмоционалдық  сезімдерді  қалыптастыру,  экологиялық,  патриоттық  тəрбиелер 
ауадай  қажет,  оны  ұлттық  қолөнеріміз  бен  мəдениеттің  қатысуынсыз  жеткізу 
мүмкін емес.  
Қазіргі  күннің  талабы  –  білімді,  өнерлі,  өнегелі  жас  ұрпақ  тəрбиелеу. 
Əлемдік білім беру жүйесі ХХІ ғасырда жаңа, тың бағытта дами бастады. Білім 
берудің мазмұны, мақсаты өзгерді. Қоғам, мемлекеттік болған соң,  ең алдымен, 
білім,    тəрбие  керек.  Сондықтан  да  елбасымыз  Н.Назарбаев  өзінің 
Жолдауларында  білім  мен  өнер,  мəдениет  салаларына  айрықша  көңіл  бөліп, 
еліміздің  жарқын  болашағы  білікті  де  парасатты  жастардың  қолында  екенін 
назардан тыс қалдырған емес.  
Көркем  эстетикалық    тұрғыда  тəрбиелеуде  ұлттық  өнерді  үйретуде  мына 
мақстаттарды алға қоюымыз керек: 
-
 
халықтың  ғасырлар  бойы  жинақталып,  іріктеп  алған  озық  тəрбиесі 
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы 
қарым-қатынасын  дүниетанымын,  өмірге  көзқарасын  жəне  оған  сай  мінез-
құлқын қалыптасытыру; 
-
 
жас ұрпаққа халқымыздың асыл дəстүрі мен салтынан мағлұмат бере 
отырып  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дəрежесі  биік, 
мəдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа игі қасиеттер 
қалыптасқан адамды тəрбиелеу; 
-
 
ұлттық  қолөнері  жəне  рухани-мəдени  байлығымызды  танып-білуге 
тəрбиелеу.  Өз  отанының  жəне  халқының  қолөнер  мұраларын  танып,  жетік 
меңгеру; 
Еліміздің  өркениетті  елдер  қатарынан  алдыңғы  орындарды  иеленуге 
ұмтылуы жағдайында жас ұрпақты жан-жақты дамыта тəрбиелеу қажеттігі арта 
түседі.  Мұны  жүзеге  асырудың  бір  жолы  олардың  эстетикалық  тəрбиесін 
жетілдіру  болып  табылады.  Өйткені  жеке  тұлғаның  эстетикалық  тұрғыдан 
дамуы  тəрбиенің  құрамдас  бөліктерінің  барлығымен  сабақтастықта,  өзара 

 
74 
байланыста  жүзеге  асырылады.  Əсіресе,  бұл  сəндік-қолданбалы  өнерді  үйрету 
үрдісінен айқын көрінеді.  
Жас  жеткіншектерге  ұлттық  өнердің  қыры  мен  сырын  игерте  отырып, 
олардың  эстетикалық  сезімталдығын,  ой-қиялын,  көркемдік  талғамы  мен 
шығармашылық  қабілетін  шыңдау,  балалардың  өзі  өмір  сүретін  ортасына 
сұлулық  əкелуге  деген  құштарлығын,  туған  халқының  көркем-мəдени 
мұраларына,  эстетикалық  дəстүрлеріне  деген  сүйіспеншілік  қатынастарын 
тəрбиелеуге зор мүмкіндік туғызады. 
Қазіргі уақытта эстетикалық тəрбие үлкен маңызға ие. Оның міндеттерінің 
бірі  –  жасөспірімдердің  шынайы  өмірге,  өнерге  эстетикалық  қарым-
қатынастарын  қалыптастыру.  Ал  бұл  шығармашылық  тұрғыдан  іздемпаз 
тұлғаны  дамытудың  факторы  саналады.  Адамның  шындыққа,  өнерге 
эстетикалық қарым-қатынасы эстетикалық қабылдаудан басталады жəне онсыз 
қалыптасуы  мүмкін  емес.  Осыған  байланысты  балалардың  эстетикалық 
тұрғыдан қабылдау жəне бақылау қабілеттерін дамытудың қажеттілігі артады. 
Осы  қабілеттердің  дамуы  өмір  мен  өнердегі  əсемділікті,  ұлылықты, 
шынайылықты  түсінуге  жəне  оларды  талғамсыздықтан  ажырата  білуге 
мүмкіндіктер жасайды. Эстетикалық қарым-қатынастар эмоционалдық сипатқа 
ие  болғандықтан  өмір  мен  өнердің  эстетикасын  тану,  эстетикалық  күй  кешу, 
сезіну  арқылы  жүзеге  асырылады.  Əсемдікті,  ұлылықты  қабылдау  адамды 
алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды əсер қалдырады.  
Эстетикалық  тұрғыдан  қабылдау  адамның  туа  біткен  қабілеті  болып 
табылмайды.  Ол  білгілі  бір  мəдениеттіліктен,  даярлықтан,  эстетикалық 
білімділіктен  талап  етіледі.  Бұл  эстетикалық  қажеттілік,  қабілет,  талғам, 
бағалау жəне т.б. сапаларды қамтитын жеке тұлғаның эстетикалық мəдениетін 
қалыптастырудың қажеттілігін арттыра түседі.  
Шындыққа  эстетикалық  қарым-қатынас  затты,  құбылысты  эстетикалық 
тұрғыдан  бағалаулан  да  көрінеді.  Ал  эстетикалық  тұрғыдан  бағалау 
эстетикалық талғамнан талап етіледі. Жасөспірімнің эстетикалық талғамы оның 
эстетикалық  тұрғыдан  сезімін  білдіру,  оны  саналы  ойдан  өткізу,  көркемдік 
сапаны  эмоционалдық  бағалау,  көркемдік  нысанды  жеке  эстетикалық 
қажеттілігі деңгейімен салыстыру жəне т.б. қабілеттерді қамтитын психикалық 
қасиеттерінің  күрделі  кешені  болып  табылады.  Эстетикалық  талғам  жеке 
тұлғаның  қажеттіліктері  мен  идеалымен  қатар  жүретін күрделі білім.  Ол жеке 
тұлғаның эстетикалық тəрбиелілігінің көрсеткіші, көркемдік дамуының деңгейі 
болып саналады. Эстетикалық талғамның дамуында қиял, елес жəне көркемдік 
ой үлкен мəнге ие болады. Жасөспірімдірдің осы сапаларының дамуына тарихы 
мен  мазмұны  терең  сəндік-қолданбалы  өнер  сласындағы  жан-жақты  білімдер, 
аталған  өнер  түрлерінің  туындыларын  жасау  барысындағы  шығармашылық 
тапсырмаларды орындау ықпал етеді.  
Жасөспірімдердің 
сəндік-қолданбалы 
өнерді 
меңгеру 
үрдісінде 
эстетикалық  мəдениетін  қалыптасытыру  оның  адам  өміріндегі  рөлін  жетік 
түсіндіруден,  оның  маңыздылығы  мен  мəнін  жəне  спецификалық 
заңдылықтарын  толық  ашып  көрсетуден  де  талап  етіледі.  Бұл  жағдай 
сабақтарда  халық  өнерін  қазіргі  мəдениеттің  ажырымас  бөлігі  тұрғысынан, 

 
75 
кəсіби өнермен өзара əрекеттестігі, ерекше типтегі шығармашылық тұрғысынан 
қарастырғанда ғана мүмкін болады. 
Мектептегі  технология  сабағында  жəне  үйірме  жұмыстары  барысында 
шəкірттерге  қолөнер  арқылы  жан-жақты  эстетикалық  тəрбие  беру,  оларды 
көркем  еңбекке  баулу  халқымыздың  мəдени  мұрасын  жүйелі  меңгеруге 
мүмкіндік береді, рухани игіліктерді бағалай білуге тəрбиелейді. 
Оқушылардың  ой-өрісін  кеңейтіп,  қиялына  қозғау  салып,  көркем  еңбекке 
баулуда  сыйлық  заттар  жасатудың  тəрбиелік  мəні  зор.  Ұлтты  танытатын 
сыйлық  заттар жасау барысында əр бұйымды, дəстүрді зерттеу арқылы ізденіс 
туындайды, оқушылар бойында патриотизм қалыптасады.  
Ең  басты  міндет  оқушыларды  көркем  еңбек  арқылы  қызығушылықтарын 
арттырып, еңбек сүйгіштікке тəрбиелеу, еңбекке деген ынтасын арттыру. 
Халық  шеберлерінің  қолынан  шыққан  бұйымдарын  талдап  қана  қоймай, 
соларға  ұқсатып  жасау  баланың  шығармашылық  жұмысқа,  ұлттық  өнерге 
сүйіспеншілігін  арттырады,  əдемі  заттар  жасауға  талпындырады,  рухани-
адамгершілік  сапалары  артады,  шеберлігі  шыңдалады,  еңбекке,  еңбек 
адамдарына  құрметі  қалыптасады,  өз  еңбегін  жəне  өзгелер  еңбегін  бағалай 
білуге  тəрбиеленеді.  Осы  тұлғалық  сапалардың  қалыптасуы  барысында 
эстетикалық мəдениет элементтері де үлкен мəнге ие болады.  
Қазіргі  таңда  ұлттық  ерекшеліктермен  жасалған  бұйымдарға  сұраныстың 
артуы  оқушыларды  қазақ  халқының  кəсіптік  қолөнер  бұйымдарын  дайындай 
білу  іскерлігіне  баулу  қажеттігін  тудырады.  Бұл  мəселені  шешудегі  негізгі 
себеп:  оқушы  жастарды  жаңа  экономикалық  жағдайда  еңбек  етуге,  өз  бағыт-
бағдарын анықтауға, мүмкіндіктерін іске асыруға даярлау. 
Ұлтымызды танытатын домбыра, қобыз, жетіген, т.б. музыкалық аспаптар, 
киіз  үй,  бесік,  алтыбақан,  қымызға  арналған  ыдыс-аяқтар,  ою-өрнектер,  төрт 
түлік,  аңыз-ертегі,  салт-дəстүр  осының  барлығын  пайдаланып,  түрлі 
композициядағы  сыйлық  зат  жасау  оқушылардың  жеке  шығармашылықтарын 
қалыптастырады.  Мысалы:  домбыраның  құрылысы,  түрлерімен  таныстырып, 
жасалу  жолдарын  үйретіп,  бұйымға  қажетті  ағаш  бөлігін  таңдап  алу  керек. 
Ағаш бөлігіне домбыраның сызбасы орындалып, артық бөліктері арамен кесіп 
алынып тасталады, сонан соң қашау, түрпі, т.б. құралдардың көмегімен кішкене 
домбыра  жасалады.  Сонан  соң  астына  домбыраны  орналастыратын  тұғыр 
жасалады.  Бұл  бұйымдар  қайрақ  қағазбен  өңделіп  бір-біріне  клейленіп, 
лакталады.  Осылайша  бір  ғана  домбыраны  пайдалану  арқылы  қаншама  түрлі 
сыйлық зат жасауға болады. 
Домбыраның  бірнеше  түрлері  бар,  оны  əр  түрлі  жағдайда  орналастыру, 
сонымен  қатар  бұйымның  сан  алуан  болуы  оның  тұғырына  байланысты. 
Қаламсалғыш бұйым ретінде де, ою-өрнек немесе басқа да заттармен біріктіріп 
ойластыруға  болады.  Екі  немесе  үш  бұйымды  пайдаланып,  күрделі 
композициядағы сыйлық заттар да жасауға болады. 
Сыйлық заттар жасауға бейімделген оқушылар үйлерінде де үнемі көркем 
еңбекпен  айналысады,  халқымызды  танытатын  бұйымдардан  неше  түрлі 
композиция  ойластырады,  алдағы  жасайтын  туындыларының  эскизін  салып, 
ізденіске  түседі.  Оқушылардың  мұндай  жұмыстарға    қызығушылықтары  өте 

 
76 
жоғары,  бір-екі  жұмыстан  соң-ақ  қажет  құралды,  материалды  өздері  таңдай 
білу қабілеттері пайда болады. Жасаған бұйымдары өте сəтті шыққанда, оқушы 
өз  еңбегінен  лəззат  алып,  қуанышқа  бөленеді,  қызығушылығы  артып  одан  да 
əдемі  жұмыс  жасауға  талаптанады.  Егер  көп  қиналып,  жұмысы  жақсы 
шықпайтын  оқушы  болса,  оған  ұстазы  көмектесіп  отырып  жасатқаны  дұрыс. 
Əрине осындай сан алуан сыйлық заттар жасау, мұғалімнің оқушыларға бағыт-
бағдар беріп, оқытып, баулуына, қиялдарын ұштауына байланысты. 
Мұғалім əрқашан оқушыларды үйретіп, бағыт-бағдар бере отырып, өзі де 
жұмыс істеп,  шеберлігін  көрсету  арқылы  оқушыларды  шабыттандыруы  керек. 
Басты  мақсат,  оқушылар  өз  ұстазын  “шебер”  ретінде  танып,  үлгі  тұтып, 
еліктеуіне қол жеткізу. 
Кəдесыйлықтар  жасауды  тек  қана  арнайы  топтарда  ғана  емес,  мектептегі 
барлық  сыныптардың  технология  сабақтары барысында да  қолданған жөн.  Əр 
сынып  оқушылары  өз  жас  деңгейлеріне  қарай  композиция  құрады.  Қолөнер 
шеберлерінің туындыларына асқан қызығушылықпен мəн беріп, зерттей қарап, 
ұлттық  өнерді  қадір  тұтады.  Бұл  жұмыстар  келешек  қолданбалы  өнер 
шеберлерінің қалыптасуының бастауы. 
 
 
 
 
 
Абжапаров
  уаныш 
№ 37 орта мектеп, Бейнелеу  нері, технология дизайніні* м ғалімі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет