Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін


Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру түрлері



бет16/38
Дата03.09.2023
өлшемі137,82 Kb.
#105938
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру түрлері

Арнайы ұйымдастырылған сабақтар

Тәрбиешінің балалармен бірлескен қызметі

Балалардың өзіндік қызметі

Әдеби ертеңгіліктер мен концерттер

Ойын-сауық

Кітап бұрышында жұмыс

Әдеби викториналар

Әдеби шығармалардың желісі бойынша театрландырылған ойындар

Театрға бару

Заттық-емес: ойындраматургия, сахналау

Заттық: көлемді және жазық ойыншықтармен ойнау

Аудио құралдарды және бейне құралдарды пайдалану

7-бөлім. Драма.7.1. Театр балалар өмірінде
Театрдың пайда болуы. Мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған қойылымдар арқылы тілдерін дамыту. Театрландырылған ойындар.
Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет