Countries
Мақсаты: қоршаған орта суреттерін құрастыру
Керекті заттар: суреттер.
Ойын барысы:
Make the countries:
1) Work in groups of four. Decide which country each person will make.
2) Draw the countries.
3) Cut out the countries.
4) Make two circles for the map.
5) Put the countries on the map.
"My family", "My hobby", "Animals" және басқа тақырыптар бойынша ұқсас
ойындар өткізуге болады .
Seasons
Мақсаты: қоршаған орта суреттерін құрастыру.
Қажетті құралдар: жыл мезгілдері суреттері.
Ойын барысы: Тақтаға түрлі жыл мезгілдері суреттері ілінеді. Балалар қандай
сурет туралы айтылғанын табу (дыбыстық шуларды: құстардың әнін,
жаңбырдың дыбысын және т.б. қолданып жыл мезгілдері туралы қысқа
мәтіндерді магнитофонмен, компьютермен тыңдату).
Марапат
Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін дамыту.
Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап, қолдарынан ұстап тұрады. Көршісінің
көзімен көзін түйістіріп, оған бірнеше мейірімді сөздерді айтып, ризашылық
білдіреді «You are my friend», «You are very good», «Your eyes are kind» және
т.б, ал келесі бала оған былай деп айтады: «Thank you».
Егер бала жақсы сөздерді айтуға қиналатын болса, онда педагог оған
көмектеседі немесе өзі марапат білдіреді.
70
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына
дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын.
Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық
құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.
Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп
қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын
қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған. Ойын негізінен балаларға дене
шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын
балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде
маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой–
өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай – ақ балалардың
адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым–қатынас жасау, еңбек
адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді
және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын
оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен
анықталады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы,
мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін
тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Қорытындылай
келе,
ойындар
балалардың
таным
белсендігін
жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез -
келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін
көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл
меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға
арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда
ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады және белсендіреді,
дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады,
өз ойын дұрыс айта білуді, балалар тілін дамытады. Қарапайым
математикалық түсініктерді қалыптастырады.
Мемлекетіміздің ілгерілеу саясатының басты бағыттарының бірі – жас
ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу болып отыр. Қазіргі қоғам
талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін
қалыптастырып, үштілді меңгерген тұлға дайындау біздің міндетіміз.
Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған
көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен,
мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана
қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын
үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден
мүмкін. Қорытындылай келе, дидактикалық ойындар оқушылардың таным
белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің
бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып,
71
балалардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және
білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы
дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса
сонда ғана педагогтың сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.
72
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан» - «Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл
дамыту саясаты» Қазақстан халқына Жолдауы
2. 2015 жылға дейін білімді дамытудың Концепциясы
3. М.С. Қомаева «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
бойынша дидактикалық ойындар» Семей қаласы, «№6 «Нұрсәуле» ясли –
бақшасы» КМҚК тәрбиешісі.
4. Қ. Х. Мусағұлова, «Мектепке дейінгі жаттығулар мен ойындар жүйесі»
Степногорск қ. №2 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі.
5 . Бондаренко А.К. «Дидактические игры в детском саду» - М., 1991г.
6. Выготский Л.С. «Воображение и творчество в детском возрасте» М.
Просвещение, 1991г
8. Оконь В. «Введение в общую дидактику» Пер. С. Кольского. – М.
Высшая школа, 1990г.
9. Пидкасистый П.И. «Технология игры в обучении» – М. Просвещение,
1992г.
10.
Смоленцева
А.А.
Сюжетно-дидактические
игры,
Москва
«Просвещение» 1987г.
11. История дошкольной педагогики, Москва «Просвещение» 1989г.
12. Максаков А.И., Тумаков Г.А. «Учите,играя» - М.,1981г.
13. Дошкольная педагогика, Москва «Просвещение» 1991г.
14. Семяшкина Н.И. Значение дидактических игр и заданий пр обучении
грамоте // Начальная школа 1997 №2.
15. Сорокина А.И. «Дидактические игры в детском саду»-М.,1982г.
16. Шербинина Г.К. Сказка как средство воспитания. Начальная школа
1995 №3
17. Эльконин Д.Б. «Символика и ее функции в игре детей // Дошкольное
воспитание» 1966г. №3.
18 . Бондаренко А.К. Словесные игры в детском саду. – М.: Просвещение,
1974.
19. Удальцов Е.И. Дидактические игры в воспитании и обучении
дошкольников. – Мн.: Издательство «Народная света», 1976.
20. Бондаренко А.К. Дидактические игры в детском саду. – М.:
«Просвещение», 1991.
21. Бородич А.М. Методика развития речи. – М.: «Просвещение»№, 1981.
73
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ......................................................................................................
3
Дидактикалық ойындардың атқаратын негізгі қызметтері .................
6
Дидактикалық ойындардың түрлері .....................................................
8
Дидактикалық ойындардың құрылымдары ..........................................
10
Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылықтары ..............
11
Дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың әдістемесі .....................
13
Дидактикалық ойындарға басшылық жасау ..........................................
15
Білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындардың үлгілері ......
17
Қорытынды ...............................................................................................
70
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
72