ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Дидактикалық ойындардың құрылымдары негізгі бес бөлімнен:
дидактикалық мақсат, ойын мақсаты, ойын әрекеттері, ойын ережесі,
нәтижеден (қорытынды шығару) тұрады.
Дидактикалық мақсат педагогпен құрылады және оқыту мақсатын
көздейді. Дегенмен ғылыми негізделген және әдістемелік салыстыра
тексерілген дидактикалық мақсаттың анықтамасы балаларға ереже ретінде
қызық емес. Сондықтан дидактикалық міндет – ойын мақсатына балалардың
алдына қойылатын және олардың сабақтағы ойын әрекетін дәлелдейтін
мақсатқа ауыстырылады. Мысалы, дидактикалық мақсат зат есім туралы
мәліметті жалпылау және жүйелеу болса оны ойын мақсатына ауыстырғанда
келесі түрде болуы мүмкін: топта кім зат есімнің жақсы білгірі екенін анықтау.
Сонымен, дидактикалық мақсат балаларға жұмбақ. Баланың барлық зейіні ойын
әрекетін жүзеге асыруға бағытталған, ал оқыту мақсатын олар қабылдамайды.
Балалар білім, білік және дағды кешендерін еріксіз меңгергенде, бұл ойынды
оқытудың өте сирек түріне айналдырады.
Ойын әрекеттері – бұл ойын қызметінің бөлек элементтері. Ойын
әрекеттері неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым ойын балаларға қызықты
болады. Мысалы, ойын барысында балалар әртүрлі рөлдерді «ойнайды»,
жұмбақтар шешеді, қарсыластарына тапсырмалар ойлап табады және т.б. Ойын
әрекеттері ойынның түпкі ойын жүзеге асырады және дидактикалық
міндеттерді шешу қажеттігін анықтайды.
Дидактикалық ойынның ережесі тек қана ойын қызметін (күнделікті
ойындағыдай) басқару қажеттілігін емес, сонымен бірге дидактикалық міндетті,
сондай-ақ баланың жеке тұлғасының қалыптасуындағы жалпы міндеттерді
қамтамасыз етеді.
Қорытынды шығару ойынның соңында болады және оның міндетті
компоненті болып табылады. Мысалы, алынған ұпайлар санын есептеу, ойын
тапсырмаларын барлығынан артық орындаған балаларды айқындау.
Қорытынды шығаруда әрбір баланың жетістігін, артта қалған балалардың
табыстарын айрықша баса айту қажет.
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық компоненттері өзара
байланысты, олардың кез келгенінің болмауы немесе тиімсіз жүзеге асуы
барлық технологияның нәтижесіне сөззіз жағымсыз әсерін тигізеді.
11
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Дидактикалық
ойындарда
балалардың
алдына
шешімі
шоғырланушылықты, зейінді, ақыл-ой күшін, ережені түсіне білуді,
әрекеттердің реттілігін, қиыншылықтарды жеңуді талап ететін дәл немесе
өзгеше мақсаттар қойылады. Олар мектепке дейінгілердің сезіміне және
қабылдауына, түсініктерінің қалыптасуына, білімді меңгеруіне көмектеседі. Бұл
ойындар, балаларды сол немесе басқа ақыл-ой және тәжірибелік міндеттерді
әртүрлі үнемді және оңтайлы әдістерімен шешуді үйретуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындардың жекелеген білім мен білікті меңгеру әдісі ғана
емес, сонымен бірге баланың жалпы дамуына, оның қабілеттілігінің
қалыптасуына қызмет етуіне қол жеткізу керек.
Дидактикалық ойындар адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін шешуге,
балалардың көпшілдігін дамытуға жәрдемдеседі. Тәрбиеші балаларға бірге
ойнай білуді талап ететін, өзінің жүріс-тұрысын реттейтін, әділ және адал,
көнтерлі және қатаң болуды талап ететін осындай шарттар қояды.
Іс-әрекет барысында адамның жан-жақты және біртұтас тұлғалық дамуы
жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, қарым-қатынасы
қалыптасады. Таңдалған іс-әрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің
қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру және келелі
бағдарлап отыру қажет. Бұл тәрбие практикасында өте күрделі іс.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу,
еңбек. Бағдары бойынша іс-әрекет танымдық, қоғамдық, спорттық,
көркемөнерлік, техникалық, кәсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып
ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-әрекеттерінің ерекше түрі –
тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады,
сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен,
өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де
қарастырылады. Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу,
оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен
қабылдайтындықтан ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу жайлы
айтады.
Дидактикалық ойынның ұйымдастырылған оқу әрекеті барысындағы
басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Оқушының ойынға белсенді
түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір
қарағанда жәй әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы
оқушы:
- қисынды ой-қабілетін дамытады;
- өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
- есте сақтау қабілеті дамиды;
12
- зейіні қалыптасады;
- байқампаздығы артады;
- ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке үйренеді;
- бір-біріне деген сенімдері артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;
- ең бастысы сабаққа қызығушылығы артады.
Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әртүрлі жаңа
технологиялар және ақпараттар легі толассыз жаңа нәтижеге ұмтылған
инновациялық орта болып табылады. Ал дәл осы ортаны жасақтау қажеттігі
келесі әлеуметтік және педагогикалық қажеттіліктермен сипатталады:
- баланың оқу әрекетінің және жеке өз өмірінің толық дәрежелі субъектісі ете
отырып, рөлін күшейту;
- балада толассыз ақпарат әлемінде өзін-өзі ұйымдастыратын іс-әрекеті
субъектісі сапаларын дамыту: нақты нәтижеге жеткізетін мақсат қоюда, өз
әрекетін жүйелі жоспарлауда және оны жүзеге асыруда;
- оқу іс-әрекеті құралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе
ұжымдық) таңдау мүмкіндігі, өз бетіншелігі;
- оқушының іс-әрекетінде субъектілік тәжірибесінің өзектеніп, басым мәнге ие
болуы;
- қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажетіне қарай күнделікті тұрмыста
еркін қолдана алудың өзектенуі.
13
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру педагогпен негізгі үш бағыт
бойынша жүзеге асады: дидактикалық ойынды өткізуге дайындық, оны өткізу
және талдау.
Дидактикалық ойындарды өткізуге дайындық төмендегідей:
-
тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне сәйкес ойындарды таңдау: білімдерін
тереңдету және жалпылау, сенсорлық қабілеттілігін дамыту, психикалық
үдерістерін ( есте сақтау, зейін, ойлау, сөйлеу) белсендіру және т.б.
-
таңдалған ойынның балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиелеу мен
оқыту бағдарламалары талаптарына сәйкестігін белгілеу;
-
дидактикалық ойынды өткізуге қолайлы мезгілді (ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті кезінде немесе сабақтан бос күн тәртібінің басқа мезгілдерінде)
анықтау;
-
балалар
басқа
балаларға
кедергі
жасамай,
асықпай
ойнайтындай,ойнайтын орынды сайлау;
-
ойнаушылардың санын ( топтың барлығы, кіші топтар, жекеше) анықтау;
-
таңдап алынған ойынға қажетті дидактикалық материалдарды(
ойыншықтар, әртүрлі заттар, суреттер...) дайындау;
-
тәрбиешінің өзінің ойынға дайындығы: ол ойынның барысын, өзінің
ойындағы орнын, ойынға басшылық жасау әдістерін оқып білу және ұғыну;
-
балалардың ойынға дайындығы: ойын міндетін шешуге қажетті,
қоршаған орта заттары мен құбылыстары туралы түсініктермен және біліммен
байыту.
Дидактикалық ойындарды өткізуде атқарылатын жұмыстар:
-
балаларды ойын мазмұнымен, ойында қолданылатын дидактикалық
материалдармен (заттарды, суреттерді көрсету, олар туралы ойын барысында
білім мен түсініктерді айқындайтын балаларға қысқаша кеңес) таныстыру;
-
ойын барысын және ережесін түсіндіру, сонымен бірге тәрбиеші ойын
ережесіне сәйкес, ережелердің орындалуына, балалардың жүріс-тұрысына
назар аудару;
-
ойын әрекеттерін көрсету, ойын барысында тәрбиеші балаларды
қимылдарды дұрыс орындауға, қарама-қайшы жағдайда ойын қажетті нәтижеге
келтірмейтінін ( мысалы, егер балалардың біреуі көзді жұмудың орнына ашып
қараса) дәлелдей отырып, үйрету;
-
тәрбиешінің ойындағы атқаратын рөлін, оның ойыншы, жанкүйер, төреші
ретінде қатысуын анықтау. Тәрбиешінің ойынға тікелей қатысу шамасы
балалардың жасына, олардың дайындық деңгейіне, дидактикалық мақсат пен
ойын ережесінің күрделілігімен анықталады. Ойынға қатыса отырып, педагог
ойыншылардың қимылдарына бағыт (кеңес, сұрақ, ескерту) береді;
-
ойын қорытындысын шығару – бұл ойынға басшылық жасаудағы
жауапты сәт, мұнда балалардың жеткен нәтижелері есептеледі, нәтиженің
тиімділігі анықталады, осы нәтижелерді өзінің дербес ойын әрекеттерінде
14
қызығушылықпен қолдану ұсынылады. Қорытынды шығару кезінде тәрбиеші
жеңіске жету жолы тек қана қиындықтарды жеңу, ынта және тәртіптілік
арқылы болатынын түсіндіріп айтады.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық
тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар
қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар
күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден
түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету
керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу
керек.
15
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРҒА БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ
Дидактикалық ойындарға ойдағыдай басшылық жасау ең алдымен
олардың бағдарламалық мазмұнын саралауды және ойлап табуды, мақсаттарды
дәл анықтау, тұтастай тәрбие үдерісіндегі орны мен рөлін анықтауды, басқа
ойындар мен оқыту түрлерімен өзара қатысты қарастырады. Ол танымдық
белсенділігін дамытуға және ынталандыруға, балалардың өзбетінше әрекет
етуге бастама жасауына, ойын мақсатын шешуде әртүрлі әдістерді қолдануға,
қатысушылардың арасында бір-біріне тілектестік қарым-қатынас қамтамасыз
етуге, жолдастарына көмек беруге дайын болуға бағытталуы керек.
Балалар ойыншықтармен, заттармен, материалдармен ойын барысында
оларды тықылдатуға, ауыстырып қоюға, басқаша жасауға, бөлшектерге бөлуге
(құрастырмалы ойыншықтар), қайта құрастыруға және т.б. мүмкіндігі болуы
керек. Бірақ олар сол және дәл сондай қимылдарды бірнеше рет қайталайды, ал
тәрбиеші балалардың ойынын барынша жоғары сатыға бірте-бірте көшіруі
қажет.
Мысалы, дидактикалық мақсат «көлемі бойынша дөңгелектерді айыра
білуге үйрету» болса, ол «мұнараны дұрыс жина» ойын тапсырмасы арқылы
жүзеге асады. Балаларда дұрысы қалай болады, деген соны білуге тілек пайда
болады. Қимылдардың әдісін көрсету бірмезгілде ойын әрекетін және жаңа
ойын ережесін дамытады. Тәрбиеші сақиналарды таңдап және арқауға бірінен
соң бірін кигізіп, ойын әрекетінің Қажетті Қажетті құралдардар үлгісін
көрсетеді. Ол кигізілген сақиналарды қолымен сипап, балалардың назарын
мұнараның әдемі, тік және дұрыс жиналғанына аударады. Мұнымен тәрбиеші
жаңа ойын әрекетін көрнекі көрсетеді, мұнараның дұрыс тұрғызылғанын
тексереді, балаларға осыны өздері жасауды ұсынады.
Ересек топтардағы балалардың (4-6 жас) дидактикалық ойындарға
қызығушылығын дамыту, олардың ойын әрекеттерін қалыптастыруға, тәрбиеші
мынадай жағдайларда олардың алдына күрделенген тапсырмаларды қойған
кезде және ойын әрекеттерін есіне түсіруге асықпаған кезде қол жеткізуге
болады. Мектепке дейінгілердің ойын әрекеттері бірте-бірте саналы болады, ол
тек қана үдерістің өзіне емес кең ауқымды нәтижеге жетуге бағытталады.
Сонымен бірге мектепке дейінгі ересектер ойынына басшылық жасау мынадай:
балаларда сәйкес эмоциялық көңіл күйді сақтайтын, еркіндікті, оған қатысқанда
қуанышты бастан кешіре білетін және қойылған мақсатты шешуде қанағаттану
сезімі болатындай болуы керек.
Тәрбиеші ойындармен басшылық жасай отырып мектепке дейінгілерге
әсер ететін түрлі Қажетті құралдардарды қолданады. Мысалы, ойынның
қатысушысы ретінде қатысып, ол оларға білдірмей ойынды бағыттайды,
олардың бастамаларына қолдау көрсетеді, олармен бірге ойынның қуанышын
бөліседі. Кейде педагог қандай да болсын оқиғаны айтады, ойынға сәйкес ойын
барысында көңіл күй құрады және оны қолдайды. Ол ойынға қосылмауы да
мүмкін, бірақ епті және сезгіш режиссер ретінде, оның көркемөнер қылығын
16
сақтай және қорғай отырып, ойын әрекеттерінің дамуына, ережелердің
орындалуына басшылық жасайды және балаларға білдірмей оларды белгілі
нәтижеге жетелейді. Балалар әрекетін қолдай және құмарландыра отырып,
педагог мұны бәрінен бұрын тура емес жанама жасайды: таңданғанын білдіреді,
қалжыңдайды, түрлі бағытта тосын сыйлар және т.б. қолданады.
Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін
бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
1. Тәрбиеші ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі
тиіс.
2. Дидактикалық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және
қызығушылығына байланысты іріктей білу.
3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз
қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
17
БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ҮЛГІЛЕРІ
Қазақ тіліндегі дидактикалық ойындар
Саққұлақ
Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық
сөйлеуін дамыту
Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ,
дабыл және т. б.
Ойын барысы:Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша
жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың
қандай заттан шыққанын табуын ұсынады. Дыбыстар бала оларды табу үшін,
анық және кезектесіп шығуы керек.
Ақшақар
Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара
білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.
Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар
жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына
«ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала
үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Ақша қар, Ақша қар
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды,
Алақаныма қонасың.
Жапырақтар
Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл
жапырақтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін
түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың
түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға
үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ұш, көбелек!
Мақсаты: Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.
18
Қажетті құралдар: 2-3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер ( әрбір
көбелекке ұзындығы 50 см жіпті байлайды және оларды бір-бірінен 30 см
қашықтықта бауға байлайды. Бауды көбелектер баланың бетінің деңгейінде
салбырап тұратындай екі тіреудің ортасына кереді).
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға көбелектерге ұшатындай етіп, оларды
үрлеуді ұсынады. Баланың тік тұруын, ауаны ішке жұтқанда иықтарын
көтермеуін, бір рет дем шығарып үрлеуін, ауаны жұтпауын, ұрттарын
толтырмауын, ал еріндерін алға шығаруын қадағалау қажет.Бала басы айналмас
үшін, 10 секундтан артық емес үзілістермен үрлеуі қажет.
Қанаттары әдемі,
Қызыл – жасыл көбелек.
Гүлге қонып қалыпты
Бір ғажайып керемет.
Бар даланы жайнатып,
Гүлден – гүлге қонады.
Көбелектің қанаты
Гүлдей әсем болады.
Аулада
Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді
көрсетеді.
Ақ тауық ау ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық
Ертемен қыт - қыттайды
Ауламыздан шықпайды.
Балпаң басқан үйрегім
Бұлтыңдайды бүйрегің
Жалпақ тұмсық жем іздеп
Қырқылдайсың,қоймайсың
Тамаққа бір тоймайсың.
Торғай – торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Мяу – мяу, мяу – мяу.
19
Ән – жыр
Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік
белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін
дамыту.
Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді.
Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.
Әнші төлдер
Жайылымнан кешкілік
Жамырады бес түлік.
Төңірекке тараған
Төлдер әнін естідік.
«Мә-мә» деген әні бар,
Секірер ор, жары бар.
Селтеңдеген лағым
Секіргіш бір жануар.
«Мәә-мәә» деген әні бар,
Жібек тоны - сәні бар.
Қошақаным момақан,
Сүйкімді бір жануар.
«Бөө-бөө» деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.
«Мөө-мөө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Ойқастаған бұзауым,
Ойнақтағыш жануар.
«Күмбірлеген» әні бар,
Желкілдеген жалы бар,
Желдей өсіп құлыншақ,
Желмен шапқан жануар.
Әдібай Табылдиев
Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап,
пысықтау.
Тауық пен балапандар
Мақсаты: Дауысқа еліктеу қабілетін, кеңістікті бағдарлауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қораз бен балапандардың бастарының суреттері
салынған баскиімдер (балалардың саны бойынша).
Ойын барысы: Тәрбиеші қоразды, ал балалар балапандарды бейнелейді.
«Қораз
балапандарымен
көгалда
қыдырып
жемді
шұқып
жейді»
(саусақтарымен еденді тықырлатады).
20
Қораз:
Мен қоразбын,қоразбын
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып
Елді оятам жар салып.
Ку-ка-ре-ку!-деп нықтап
Айтты өзінше ақылды
Әке-шешең сендерге
Тамақ іздеп кетеді,
Менің күнім «таң атты»,
«күн батты»мен өтеді.
Қызмет етіп теп-тегін
Жүрмеймін босқа,жетеді,
Тым болмаса көңілімді
Көтерсеңдер не етеді?
Достарыңызбен бөлісу: |