Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет91/216
Дата06.03.2022
өлшемі481,63 Kb.
#27156
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   216
Тәрбие формасы – тәрбиешінің тәрбиеленушілерді қатыстыруымен ұйымдастыратын тәрбиелік істері. Осы тәрбиелік істер оқушының айналадағы объектілермен қарым-қатынасын тәрбиелейтін (сыныптық-сабақ, үйірме, әңгіме, жорық, т.б.) тәрбиелік үдерістің үздіксіз тізбегін құрайды.

Тәрбие формаларын сабақ барысында және сабақтан тыс пайдалану ерекшеліктері.Оқыту формасы белгілі мақсатқа сәйкес ұйымдастырылып, мазмұндық және әдістемелік жағынан танымдық және тәрбиелік қарым-қатынас орнату, өзара әрекеттесу және мұғалім-оқушы қарым-қатынасынан тұрады. Оқыту формасы–оқыту мазмұны, оқыту құралдары мен әдістерінің тығыз бірлігі арқылы іске асырылады. Бірегей оқыту формасы (сыныптық-сабақ, дәріс, лабораториялық сабақ, семинар, экскурсия, т.б.) оқу-тәрбиелік мәнге ие. Осы оқу-тәрбиелік сабақ формалары балалардың нақты фактілерді, жалпылама түсініктерді, тұжырымдарды, белгілі білім, білік, дағдыларды меңгеруін қалыптастырады. Түрлі тақырыптар мен тарауларды, теориялар мен тұжырымдамаларды, бірімен-бірі байланысты білім, білік, дағдыларды пайдалана білудің жалпы оқу-тәрбиелік маңызы жоғары, олар оқушылардың жүйелі білімі мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады. Оқытудың тиімділігі оқыту формасының жеке бір түрімен ғана емес, алдын ала таңдалып алынған, өзара байланысты формалар жүйесі арқылы іске асырылады. Түрлі оқыту формаларының жүйесі: жеке, топтық, сыныптық-сабақ, т.б.

Мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты. Сынып сағаты оқушылардың дүниетанымын, мәдениетін, іс-әрекетін қалыптастырады. Сынып сағаты ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдық және қалыптастырушылық қызмет атқарады.

Тәрбиенің ағартушылық қызметі оқыту формаларының түрлі жүйесінде іске асырылатын жетекші идеямен рекет түрлерін, білім жүйесімен дүниетанымды меңгеруге, біліктер мен дағдылардың қалыптасуына көмектеседі. Тәрбиенің ағартушылық қызметі оның болжамдық қызметімен тығыз байланысты. Болжамдық қызмет оқушыларда өмір шындығына белгілі бір қарым-қатынас орнатуға, рухани және материалдық құндылықтар жасауға талпындырып, оларды бағалай білуге үйретеді. Тәрбие формасының бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін тәжірибелік әрекетке бағыттайды. Нақты бағытты белгілеудің тәрбиелік ықпалы жоғары болады, ол оқушының мінез-құлқын жетілдіре түседі. Қалыптастырушылық қызмет тәрбие формасының алдыңғы аталған қызметтерінің іске асырылуымен байланысты, атқаратын ісін ойланып іске асыруға, өз өміріне керекті құндылықтарды бағалай білуге, өзгелермен тіл табысуға, өз пікірін дәлелді жеткізуге тәрбиелейді.

Мектепте сынып жетекшісінің басшылығымен сынып және тәрбие сағатының жоспары дайындалып, сол бойынша іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Сыныптық сабақтарда басты екі мәселе қарастырылады. Оқушылардың апта бойындағы оқу үлгерімдері, тәртібі, қоғамдық істері, бірімен-бірінің қарым-қатынасын қарастыратын сынып жиналыстары мен әр аптада атқарылатын тәрбиелік шаралар. Сынып сағаты белгілі жоспарға байланысты нақты белгіленген уақытта өткізіліп отырады.

Тәрбие сағаттары тәрбие жоспарына сәйкес белгіленген тақырыптарға байланыстыжүргізіледі. Әр тақырыпқа сәйкес тәрбие жұмысының әдістемесі дайындалады. Сонымен қатар, тәрбиелік шаралар түрлі мәдени, сәулет орындарын тамашалауға, табиғат аясына, өзіне жақын айналасындағы өндіріс және шаруашылық орындарымен танысуға т.б. шаралар кеңінен қамтылады.

Бір тұтас педагогикалық үдерістегі оқыту мен тәрбие формаларының ортақ түрлері бар. Дәстүрлі формалары: сабақ, дәріс, әңгіме, экскурсия, дәстүрлі емес формалар: конференция, пікірталас, саяси хабарлама, дөңгелек үстел, оқырмандар конференциясы, тақырыптық конференция, баспасөз конференциясы, конкурстар, т.б.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет