Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей білуге талпындырып, тұжырым жасау



Дата20.11.2022
өлшемі0,76 Mb.
#51283
түріСабақ
Байланысты:
пед идея (2)


Мақсаты:
барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау.

Түйінді идея
Топта жұмыс жасай алатын, өзара іс-әрекет нәтижесінде білімдері дамыған, жоғары деңгейдегі түрлі формадағы есептерде оңтайлы тәсілдерді пайдалана білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей білуге талпындырып, тұжырым жасау
Сын тұрғысынан ойлау
Ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау
Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгерту үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
жоспарлауға дайын болуы ;
бейімделгіштігі (басқалардың
идеяларын қабылдай алуы);
қайсарлығы (қиын тапсырмаларды
кейінге қалдырмауы);
жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
ымыралы келісімді іздеуі;

Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау

қызығушылықты ояту
І кезең
мағынаны ашу
ІІ кезең
ой толғаныс.
ІІІ кезең

«Қызығушылықты ояту»
оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
оқушының белсенділігін ояту;

« Мағынаны ашу»
жаңа ақпаратпен танысу;
жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.
мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.

«Ой толғау»
қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
оқылған материалды талдау және қорытындылау.
тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады
Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.


Логикалық тапсырмалар

  • Жұп және тақ

  • 1.Бүтін екі санның қосындысы тақ болса, олардың көбейтіндісі тақ па, жұп па?

  • 2. Бүтін үш санның қосындысы жұп болса, олардың көбейтіндісі жұп па, тақ па?

  • 3. а) «4» цифрынан ғана құрастырлған сан тек «3» цифрларынан тұратын санға бөліне ме? ә) Керісінше ше?

  • 4. Мұғалім бір парақ қағазға 20 санын жазды. Отыз үш оқушы осы қағазды бір біріне беріп және әрқайсысы қалауы бойынша осы санға 1-ді қосады немесе одан 1-ді шегереді. Нәтижесінде 10 саны шығуы мүмкін бе?

  • 5. Шахмат тақтасының сол жақ төменгі бұрышында тұрған ат, әрбір текшеде бір рет болып, бүкіл тақтаны аралап, оның оң жақ жоғарғы бұрышына келуі мүмкін бе?

  • 6.Үстел үстінде 40 тас жатыр. Екі ойыншы кезекпен үстелден тастарды алып жатыр, бір алғанда 10-нан артық болмау керек. Кім соңғы тасты алса, сол жеңіске жетеді. Бастаушы жеңіске жету үшін қалай ойынды ойнауы керек?

  • 7. Екі адам ойнап отыр. Бастаушы 1,2,3,4 сандарының біреуін атайды. Екінші ойыншы осы санға 1,2,3,4 сандарының біреуін қосып, қосындыны айтады. Сонан соң бірінші ойыншы да осылай жасайды және с.с. Кім бірінші 40 санын айтса, сол жеңімпаз болады. Сен қалай ойлайсың, кім жеңіске жетеді?


Оқушы
Мұғалім
1.Сабақ кезінде өз ойларын ашық айтып,еркін жеткізіп, дәлелдеуге үйренді.
2.Сыни ойлана отырып, шығармашылық, ойлау қабілеттері дамыды.
3.Мұғаліммен еркін сөйлесіп, серіктес болды.
4.Ойларын жинақтап, кездескен қиындықтарды жеңе білді.
5.Ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алды.
1.Сабақ барысында оқушыға бағыт бердім.
2.Өз жұмысымда жаңа тәсілдерді қолдандым.
3.Әр оқушының сыни шешім қабылдай алатынына сенім көрсеттім.
4.Оқушыларды диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырдым
5.Оқушылардың өз бетімен білім алуға үйреттім,ойларын дәлелдеп жеткізуге үйреттім.
Болашақ
Сын тұрғысынан
ойлау барысында оқушылардың әңгіме құрып, ойын жетілдіруден қиналғанын байқадым.Сондық-тан болашақта осы жұмысты дамытар едім.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет