Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)–белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.
Теория–өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесі
Тәрбие теориясы– ғылыми ойдың, түсініктер мен категориялардың, заңдылықтардың жиынтығы.
Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы.
Әдіс-тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұрғысынан қарастырылады.
Тәрбие әдістері-тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет қарастырады.
Тәрбие әдісі-бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Тәсілдер–тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.
Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс.
Тәрбиеші – оқу-тәрбие мекемелерінде балалардың жұмысын жүргізуші.
Заңдылық – қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер мен құқықтың орындалуына саналы түрде жету.