Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет16/141
Дата21.04.2023
өлшемі480,73 Kb.
#85449
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

(Кесте 2).


Кесте 2 - Әлем және қазақ елінің ғұламаларының ой тұжырымдары





Нақыл сөздер

Авторлары


Сен көпсің, сен жалғызсың. Өзіңді-өзің таны! Сенен басқа ешкім жоқ.

Құранда айтылған




«Бес нәрсені бұрын болжап, ойластыр.

  1. Өлмей тұрып, тіршіліктің қадірін біл.

2.Ауырмай тұрып, денсаулықтың қадірін біл.
3.Басыңа іс түспей тұрып, бостандықтың қадірін біл.
4.Кедейлік келмей тұрып, барлықтың қадірін біл.
5.Кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін біл».

Мұхаммед пайғамбар хадистерінде


Өзіңді-өзің танысаң, жаратқан иеңді де танисың.

Мұхаммед Пайғамбар




Өзіңді-өзің басқара алмасаң, өзгені де басқара алмайсың.

Халық нақылы


Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін.

Қазақ халқының даналығы


Жетілген адам барлығын басқадан емес, өзінен іздейді.

Конфуций




Кемел адам кемшіліктің бәрін-өзінен, бос адам басқалардан көреді.

Конфуций




Жамандық үшін таза жүрекпен есептес, ал жақсылыққа жақсылықпен есептес.

Конфуций




Сүйіспеншілік арқылы ғана өзіңді өзің жеке тұлға ретінде табуға және адамзаттық сүйіспеншілік әлеміне енуге болады.

Михаил Пришвин



10

Ең қиыны-өзіңді-өзің тану, ең жеңілі – басқаға ақыл айту.

Фалес



11

Мен–белгілі бір тұлға. Сонымен мен қандай болсам,соның қалай қалыптасатындығының заңы да табылады.

Имманиул Кант



12

Тек өзің ғана ойлап, бар нәрседен өз пайдасын ғана ойлағандардың бақытты болуы мүмкін емес, өзің үшін өмір сүргің келеді екен, өзгелер үшін де өмір сүргенің жөн.

Луций Сенека



13

Дүниедегі ең оңай нәрсе – кісіге ақыл айту, ең қиын - өзіңді өзің түсіну.

әл-Фараби



14

Жасы кіші, жүзі нұрлы көрікті,
Бар ізгілік бір өзіңнен өріпті!
Жомарт, ойлы, білер істің шамасын,
Әділ таза, сақтар жұрттың арасын.

Ж. Баласағұн

15

Жас ақылы – шығар сөлі шырынның,
Ақыл қайда болса, соған қарай жығылғын.
Кішісінде – махаббат, кәрісінде – мархабат,
Бәрі жақсы, ізгілікпен өтсе жүгін арқалап!

Ж. Баласағұн

16

Өзіңе сенгенің, іштей Құдайға сенгенің.

Ральф Эмерсон



17

Басқа адамдарды өзінен ақылды, өзінен жақсы деп есептейтін адамның ақылды да ақкөңіл екенін білуге болады.

Лев Толстой



18

«Тән үшін сүрген өмірдің рақаты болмайды, тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді».

Лев Толстой.

19

Қазақ өзін танудан бұрын, өзгені танығанды жақсы көреді.

Абай Құнанбаев



20

Ойды қайдан алғанын
Адам өзі сезбейді.
Жанның айдап салғанын
Сезбесе де, іздейді.

Шәкірім Құдайбердіұлы



21

Өзіңнен-өзіңді ізде, өзіңе-өзің бағын, өзіңді -өзің тани біл.

Федор Достоевский



22

«Мінез-құлық - әркім өзінің кейпін көрсететін айна».

Гете

23

Ой-өрісі жетілмеген адам ішкі сезімін билей алмайтын сәби сияқты. Бала болғандықтан, ол сезімін іс-әрекетімен үйлестіре алмайды. Өзін өзі ұғынбаған, төңірегін қоршаған табиғат туралы ешқандай жөнді мәліметі жоқ сәби адам жақсылыққа ұмтылғанда, соқырларша қарманады. Сондықтан оның өтірікті шынға, зиянды пайдаға балап, көп қателесетіні түсінкті.

Шоқан Уәлиханов



24

«Жақсылық көрсем - өзімнен,
Жамандық көрсем- өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді,
Шығарамын сөзімнен».

Сұлтанмахмұт Торайғыров

25

«Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе тілеген жақсылықты басқалардан қызғанба».

Ғабиден Мұстафин

26

Өзін-өзі тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі.

Сара Алпысқызы Назарбаева



Жоғарыда берілген ой-тұжырымдар жаһандану заманында әлемдік өркениет пен ұлттық мәдениет кірігіп жатқан тұста тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда негізгі орын алады. Өзін-өзі тануда адамның дүниеге келгендегі темпараментімен бірге қалыптасқан мінез-құлқы да аса үлкен рөл атқарады.
Ұлы Абайдың «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді; қуат таппайды.
Біреуі білсем екен демек. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, қүлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі –жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген, һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазына­мызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік.
Жанды тәнге бас ұрғыздық, еш нәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Өз білгенің–өзіңе, өз білгенім–өзіме», «кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол» деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз, - деп атап көрсетеді.

Сонымен қатар, Ш.Құдайбердіұлының еңбектері де тұлғаның бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда негізгі орын алады. Оның «Ұждан» атты мақаласында «... Жан жоқ деушілер: жан-миға біткен бір сипат, онан бөлінетін нәрсе емес дейді. Бұл сөз жанды таба алмай, орнын сипалаған сияқты. Себебі ми, жұлын, электрия қуаттарын жинайтын лао бөтелкесі, батарея сауыттары сияқты, жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия кеткен сияқты, жан да кетеді Жан адам өлген соң бір хайуанға кіріп, ол өлсе тағы бір хайуанға кіріп жүреді деген сөздің дәлелі не екен?


Ғ.Есімнің философиялық толғаныстарында1«Өзім туралы не білем? Аз білем. Көп білгім келеді, бірақ оның тәсілі қандай? Сірә, өзіңді білу өзгені қабылдай алудан басталса керек. Өзге өзім үшін–айна. Адам айнадан өзін көрмей ме? Демек, өзге деген бөгде емес, өзім болып шықты. Өзгесіз мен жоқпын. Осылай ойлай берсек, қандай нәтижеге келмекпіз? Жеке адамның өзге адамдармен қарым-қатынасын зерттейтін арнайы білім саласы – социология бар. Адамдардың қарым-қатынасы болмаса, тіптен адамның өзі болмайды деген де қағида бар. Адамдар қоғамдық қатынастар жиынтығы деген маркстік ілім бар. Адамдарды тегі (сословиесі), қызметі, дәулетіне қатысты анықтайтын түрлі страттық теориялар да баршылық. Қалай болғанда да адам өзін өзгелермен теңдестіріп, салыстырып, соған орай пікірлерін, іс, әрекет, харакеттерін жасауды дағдыға айналдырғаны шындық.
“Адамдар сыртқы көрінісі арқылы емес,ішкі жан дүниесі арқылы бағаланады",-деп Ы.Алтынсарин жас балаға адамдықтың негізі кішіпейшілікте екеңдігін қарапайым түрде жеткізе білген. Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” атты еңбегіне халық әндері, жұмбақтар, жаңылпаштар, ертегілер, батырлар жыры үзінділерінің көптеген түрлерін енгізген. Ол үшін фольклор келешек ұрпақты тәрбиелеу құралы қызметін атқарды. Өзінің педагогикалық теориясында, жас жеткіншектердің адамгершілік тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибиесін негізге алу қажет деген пікірді ұстағандардың бірі–Ы.Алтынсарин. Ол бала жасынан бастап халықтық педагогикадан алған тәлім-тәрбиесін, үлгі-өнегесін, көніліне түйгендерін оқу-ағарту ісі арқылы қазақ балаларының бойына сіңіре білді. Балаларды халық ауызекі шығармашылығын қадірлеуге, ондағы халықтың басынан өткен қилы-қилы тарихи кезеңдерге әділ баға беруге үйретті. Оның “Қазақ хрестоматиясы” еңбегіне енгізілген ауыз әдебиетіне жинаған материалдарының мазмұны танымдық-адамгершілік, өнегелілік және ақылгөйлік сипатқа ие болды. Ы.Алтынсарин хрестоматияда халықтың ауызекі шығармашылығының негізгі салаларын (ертегілер, эпос, аңыз-адамгершілік, танымдық, дидактикалық бағытты) ұстайды. Бұлардың бәрінде автор достыққа шыншылдыққа, ұстамдылыққа, адал еңбек етуге, туған жерін, елін сүюге, ұлттық дәстүрлер тағылымын дұрыс түсініп, қадірлеуге, ата-ананың ақыл-кеңесін тыңдай білуге, үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге көмектесуге шақырады.
Ш.Уәлиханов үшін фольклор–халықтың поэтикалық тарих, «халықтың жаны, ұғымы, салты мен әдебі, өмір бейнесін бейнелеуі». Ш.Уәлиханов қазақ және қырғыз фольклорын алғаш рет қазақ және қырғыз тілдерінде жазып алып, жариялаған.”Қалай дегенмен де өмірдің, өз қоғамының ұғымдары мен қатынастарының бейнесі ретінде қазақтар поэзиясының өте-мөте қызықты және көңіл аударатын жақтары бар”, - деп атап көрсетеді ғалым.
Ш.Уәлиханов ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде адамгершілік –эстетикалық тәрбиенің таптырмас құралы-ертегілер жайлы құнды пікірлер айтқан. Ертегілердің мазмұнының бай екенін ескертіп, ондағы батыр, жезтырнақ алып секілді кейіп-керлерді көрсету арқылы адам баласының жағымды-жағымсыз моральдық қасиеттерін (кішіпейілділік, әділеттілік, қарапайымдылық, шыншылдық, ізеттілік т.б) ажырата білуге шақырады. Мақал–мәтелдер жинақтау арқылы халықтың балалар тәрбиесінің әлеуметтік-тарихи тәжірибесін көрсете білді. Ғалымның жинақтаған мұралары бүгінгі ұрпақтың жетілуіне және өзін жетілдіруге негіз болады.
Зерттеуші ғалымдар тұлғаның өзін тану үдерісінде өзін-өзі көрсетуі, өзін-өзі белгілеуі, өзін-өзі бекітуі, өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі танытуы, өзін-өзі жүзеге асыруына аса мән берген. Өзін-өзі бекіту тұлға ретінде өзі туралы толық шамада мәлімдеуге мүмкіндік береді; өзін-өзі жетілдіру қандай да бір идеалға жақындау ұмтылысын көрсетеді; өзін-өзі таныту-өз бойынан белгілі бір потенциалды айқындау және оны өмірде пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет